Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Қазақша реферат’ бөлімінің мұрағаты

Ертедегі Қытай философиясы

Біздің жыл санауымыздан бұрын VIII—VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан-ды. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б.ж.с.д. 207ж.-б.д.220 ж.). Зерттеушілер бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы» деп атаған. Толығырақ »

Философия — ғылым әлде өнер ме?

Жоғарыда атап өткеніміздей, Дүниеге деген діни көзқарасқа қанағаттанбаушылық  сонау  көне  заманның  өзінде- ақ пайда болып, аса  ұлы  тұлғалардың дүние мен адам қарым –қатынасы жөніндегі ақыл- ойға   негізделген  сұрақтар  мен  жауаптарының  дүниеге келуіне себеп болды.

Осы тұрғыдан алғанда, « Философия- ақыл- оймен ұстап қа-лынған тарихи дәуір»  деген  Гегельдің  берген  анықтамасында терең сыр жатса керек. Толығырақ »

Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары

Адам  басқа   тіршіліктерге  қарағанда ерекше  пенде: ол өзін бүкіл  Дүниеден  бөліп  алып, оған қарсы қоя алады. Менің осы Дүниедегі орным қандай? Менің бұл өмірге неістеу үшін келдім? Адамды  Құдай, я  болмаса « Ұлы мәртебелі Табиғат» неге жаратты? Бұл Дүниені адам танып, түбіне жете алар ма екен? Мені жағалай қоршаған  табиғат неге шексіз, әртүрлі және сондай әсем? Ертең- ақ,  бұл  әсем  Дүниені өлер шағымда  қалайша  қиып  кетемін? Егер мен бұл  Дүниеге  уақытша  ғана келсем, онда  бұл  өмірдің  мәні  неде? деген  осындай  және  мыңдаған  басқа  сұрақтар  адамның ойына оқтын-оқтын келеді. Әрбір адам өзінің ой- өрісі, өмірден алған тәжірибесі, жалпы  мәдениетінің   деңгейіне  қарай бұл сауалдарға жауап беріп, өзіне тән дүниеге деген көзқарас қалыптастырады. Толығырақ »

Орта ғасырдағы батыс философиясы

Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс Еуропа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып, тарауына байланысты «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа табынушылар» философиясының арасындағы мәмлеге келмес күрестің өрбу деңгейіне байланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Біздің заманымыздың II ғ. бастап, алғашқы христиандық ойшылдардың ілімдерін жинақтап, кейін алолегетика (қорғау) деп аталып кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады. Толығырақ »

Қайта дәуірлеу философиясы

XV ғ. аяғында өндірістің, сауданың, әскери құралдың жедел қарқынмен өсуі техниканың, табиғаттану ғылымдарының, математиканың, механиканың дамуына себепші болды. Ал, қоғамдық өмірде қалыптасқан бұл жайлар схоластикалық ойпікірлерден тазарып, таза табиғаттану ғылымдары тұрғысынан әлемдік процестерді және адам табиғатын түсініп-білуге жол ашты. Адамдардың өмірі мен іс-әрекеттері тікелей бағынышты табиғат заңдылықтарын танып-білуде барлық ғылымдарға тән универсалдық (әмбебаптың) тәсілдің маңызы зор деп есептелініп, соңдай әмбебаптық тәсіл ретінде көбінесе логикалық ойға және тәжірибеге сүйенген математикалық, кейінірек механикалық тәсіл ұсынылды. Толығырақ »

Орта ғасырдағы араб және түркітілдес философиясы

Араб және түркітілдес философиясы. Орта ғасырларда дамып, гүлденген араб және түркітілдес философиясы туралы әдебиеттер баршылық, дегенмен де ол әлі толық зерттелген жоқ. Бүгінгі таңда шығыс мәдениеті мен философиясы, өркениетті әлемдік деңгейге рухани мәдениеттің бар саласына белсенді әсер етіп үлкен үміт арттырып отыр. Бұл еуроцентристік теориялардың жалпы әлемдік универсализмге ие бола алмай тұйыққа тірелген шағын көрсетіп отыр. Толығырақ »

Өндірістегі қауіпсіздік категорияларын есептеу

МАЗМҰНЫ

1.Кіріспе …… ..3

2.Есептеу-графикалық жұмысқа тапсырма …. ……..4

3.Есептеуге берілген бастапқы деректер ………. …..5

4.Механикалық цехтегі қауіпсіздік категорияларын есептеу  …..6

5.Ьалқыту цехтегі қауіпсіздік категорияларын есептеу …..8

6.Гальваникалық цехтегі қауіпсіздік категорияларын есептеу  ………9

7.Өндірістегі автокөліктердің шығарылымы …….. …11

8.Қазанда өнімділігі 30т/сағ дейін құрайтын отынжанғанда шығарылатын зиянды заттарды есептеу  …..13

9.Барлық цехтердегі қауіпсіздік категорияларын есептеу . ….15

10.Қорытынды .. ……..19

11.Әдебиеттер тізімі ………20  Толығырақ »

Жаңа заман философиясы

Өндірістік тәсіл мен құралдардың жедел қарқынмен дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика, геометрия, т.б. ғылымдар саласында қол жеткен табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды. Толығырақ »

Неміс классикалық философиясы

Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы көрнекті ғалым Иммануш Кант (1724—1804 жж.) бүкіл өмірін Кенисберг қаласында өткізген. Негізгі еңбектері: «Әлемнің әмбебаптық табиғи тарихы мен теориясы», «Практикалық ақыл-ойды сынау», «Таза ақыл-ой шеңберіндегі дін», т.б.

Әдетте, Кантты «сыни кезеңге дейінгі» және «сыни кезеңдегі» деп екіге бөліп қарайды. Толығырақ »

Алаш партиясының құрылуы мен мақсаты

Жоспар

Кіріспе……….3

Алаш партиясының құрылуы мен мақсаты………4

Қызметі мен бағдарламасы……….8

Қорытынды……13  Толығырақ »