‘Қазақша реферат’ бөлімінің мұрағаты
Қайта өрлеу дәуірі философиясы
Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) XVI-CVII ғ.ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты, Реннесанс дәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымның ерекше түрінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзіндік гуманизм пайда болды. Толығырақ »
Тамғалы тас ескерткішіндегі адам бейнесі
Тамғалы петроглифында бірнеше нұсқалы адамдардың суреттері бейнеленген. Кешеннің алтарьлық бөлігінде композисияның сол жағы — адамдардың он салттық жұбы бейнеленген, олар билеуші екі топқа дәл бөлінген. Ортада бала ұстаған жұп, олардың екі жағында жер мен көк әлемнің тәртібін бейнелейтін екі салттық жора жасалып жатыр. Еркектерді жауынгер бейнесіне түсіру – төрт фигурадан тұратын топ – алтауы сол жақта салттық биді орындауда, ортасында бала ұстаған екі бейне. Саттық жораға қатысушылардың саны Шығыста, соның ішінде көшпенді халықтардың мәдениетінің де қалыптасқан жыл санаудын шығуымен сәйкес келеді. Он екі саны уақыттың жыл бөлігі, кейін ол зооморфтық күнтізбеде көрініс тапты. Толығырақ »
Тамғалы – Қазақстан территориясындағы қола дауірінің көрнекті ескерткіші
Тамғалы шатқалы – оңтүстік Қазақстан аумағын мекендеген ежелгі адамдардың өнерінің тамаша ескерткіші. Суреттер жүйелі түрде салынған ол барлықжағынан алып қарағанда да кешен болып табылады; өте үлкен аумақты алып жатқан тұтас бір көркемһнер туындысы болып табылады. Ашық аспан астындадағы мұндай «геометриялар» әлемде аса көп емес. Жартастағы суреттердің бұл жерде қалыптасуының храналогиалықшеңбері ұзақ уақытқа созылған, сондықтан олрдың шекарасы анықтауда толық бір малімет жоқ. Кездескен қиыншылықтар ертедегі суреттердің уақытын белгілеуге байланысты, дегенмен неолйт, кола, темір дауірлері мен түркілер кезеңіндегі суреттердің уақыты біршама нақты белгіленген. Толығырақ »
Ежелгі Грек философиясы
Грек философиясы мен мәдениетінің өркендеген жері грек жері емес, Жерорта теңізі жағалауындағы елдер. Бұл елдерді бір кезде гректер жаулап алған болатын. Милет, Самос, Абдер сияқты қалалар Жерорта теңізіне жақын болып, оларда сауда-саттық және экономикалық қатынастар кеңінен өркендеді. Сондықтан бұл қалаларда ірі мәдениет ошағы, философиялық орта пайда болып, дами бастады. Алғашқы грек философиялық мектебі Милет қаласында пайда болды. Милет мектебі Ежелгі Грекияда б.з.д. VI ғ. өмір сүрді. Бұл Милет мектебінің негізін қалаушылар Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Толығырақ »
Материяның өмір сүру тәсілдері
Материяның өмір сүруінің көптеген қалыптары мен түрлері, оның жүйе есебінде ұйымдасуының әр түрлі материалдық деңгейлеріне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрі болады. Бұл мәселені тереңірек зерттеп, бір арнаға түсірген Ф. Энгельс болатын. Ол материя қозғалысының негізгі бес түрін жіктеді:
- механикалық – кеңістікте қозғалып, орын ауыстыру;
- физикалық – электромагнетизм, гравитация, жылу, тағы басқалары;
- химиялық – атомдар мен молекулалардың затқа айналуы;
- биологиялық – тірі организмдердегі зат алмасуы;
- әлеуметтік – қоғамдық өмірдегі өзгерістер және ақыл-ой. Толығырақ »
Материя ұғымының философиялық мәні
Материятуралы адамдардың ойлары өз заманындағы қоғамдық тәжірибенің, жалпы мәдениеттің көрінісі. «Материя» деген терминді қолданбаған бірде — бір философиялық мектеп немесе бірде — бір философ жоқ. Сондықтан, түрлі кездерде және түрлі мағынасы мен маңызы болғандығы таңданарлық нәрсе емес. Материя ұғымы – дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән-мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан. Толығырақ »
Болмыстың негізгі формалары
Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы — болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды . Болу жолдары және сан алуан құндылықтар — бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол — болу. Толығырақ »
Болмыс ұғымының тарихи сипаттамалары
Философия тарихында болмыс ұғымын тұңғыш пайдаланып, оны мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы Парменид (б.э. дейінгі V-VII ғасырлар) еді. Оның пікірі бойынша, болмыс дегеніміз – бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу – болмыссыздық. Парменид әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, тұрақтылығына, мәңгілігіне, ең бастысы, ең бастысы бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл бөледі. Сонымен Парменидтің болмысы ой арқылы жететін идеалды, ешбір мінсіз, кемеліне келген, мәңгі, дөңгелек, өз-өзіне тепе-тең, бөлінбейтін болмыс болып шықты. Толығырақ »
Болмыс ұғымы
Онтология грек тілінен аударғанда онтос — болмыс, логос – ілім, яғни болмыс туралы ілім болып табылады. Болмыс — тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет. Адамдар белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада өмірге келеді, тіршілік-әрекетке араласады. Толығырақ »
Жастардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру – философияның өзекті мәселесі
Дүниетанымның қалыптасуы-әлеуметтік педагогикалық мәселе. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан маңызы орасан зор. Дүниетанымның қалыптасуы көп қырлы, үрдіс, сондықтан педагогика ғылымында бұл мәселеге түрлі көзқарастар бар. Толығырақ »