‘Педагогика, дефектология’ бөлімінің мұрағаты
2- сыныптағы дүниетану пәні бағдарламасы мен оқулығына талдау
Дүниетану пәнi оқушыларға адам, қоғам және табиғаттың тылсым сыры жайлы түсiнiк беретiнiн ескерсек “табиғат” туралы көптеген дәлелдер айта беруге болады.
Оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруды сол әсем табиғатты қорғаудан, туған жер табиғатын сүюден бастауға болады. Толығырақ »
Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты
Адамгершiлiк мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды.
Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Толығырақ »
Педагогикалық эксперимент және оның нәтижелері
Педагогикалық эксперимент Тараз қаласының 48 мектебінде жүргізілді. Эксперимент өткізу үшін екі сынып (4-ші) таңдалынды олардың біреуі эксперименттік сынып, ал екіншісі бақылаушы болып белгіленді, эксперимент нәтижесі обьективті болу үшін сарапшы оқутышылар, мамандар тартылды. Сыныптағы ер балалардың саны: бірінде 12, ал эксперименттік сыныпта- 15 болды. Әуелі анықтаушы эксперимент жүргізілді. Оқүшылардың 5 сыныптағы технология пәнінен бағаларыың қорытындылары алынды. Толығырақ »
Технология сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының бойында шығармашылық пен кәсіпкерлікке баулу мәселелері
Адам іс — әрекетінің нәтижелілігі және тиімділігі оның ақыл ойының даму деңгейіне тікелей тәуелді. Демек, мектеп оқушыларының ойлау қабілетін дамыту күн тәртібінен түспеуі қажет, өйткені арнайы білім алу, жоғарғы кәсіби дайындықтан өту, қоғамға сай мәдениеттілік үрдістерін игеру, әсіресе табысты еңбек ету терең ойды, басқалардан өзгеше немесе жаңаша ойлауды талап етіп отыр. Белгілі академик Ю.Бабанскийдің пікіріне сүйенетін болсақ, қызметкерлердің ойлана білу мәдениеттілігіне қойылатын талаптар үлкен өзгерістерге ұшырауда [ 14]. Өндіріске ойы ұшқыр, икемді, жүйелі, диапазоны ауқымды, еңбек ету шарттары еңбек іс — әрекеттері сипатының өзгерісіне психологиялық жағынан дайын қызметкерлер қажет. Толығырақ »
Оқу іс-әрекеттерінің және олардың шығармашылық жұмыстарымен байланысы
Іс-әрекеттің жалпы теориясын сүйене отырып, оны оқу процесінің негізі деп айта аламыз. Оқу іс-әрекеті адамзат баласына ең қажетті нәрсенің бірі, онсыз өмір тәжірибесін бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізу мүмкін емес. Оқыту процесінде қоғам ұйымдастырған оқу іс-әрекетінің екі түрлі формасы қарастырылды. Оның біріншісінде оқыту ісінде, адамзатта жинақталған тәжірибені жеткізу, ал екіншісінде қоғамдық тәжірибені игеріп оны оқушылардың игіліктеріне айналдырумен шұғылданады. Толығырақ »
Адам дамуындағы іс-әрекеттің атқаратын қызметі
Адам табиғаты туылысынан қоғамдық, әлеуметтік деп есептеледі. Жоғары дамыған жүйке жүйесі, ағзаның таза адами қасиеттері өмірдің әлеуметтік жағдайлары әсерінен дамиды, жетілді. әлеуметтік факторлар оны әрекеттер жасауға , еңбек етуге, жасампаздыққа үйретті, өзінің өмірін жақсартуға, ол үшін үздіксіз күрес жүргізуге төселдірді. Еңбек іс-әрекеттер, жарқын келешекке үміт пен сенім, оған жетудің жаңа жолдарын іздестіру, өмір сүрудің басты мақсатына айналды. Басқаша айтқанда адам қайнаған қоғамдық процесте қалыптасады, дамиды, жетіледі. Толығырақ »
Жоғары оқу орындарының өзекті мәселелері (салыстырмалы түрде)
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ұстаздары және студенттерімен кездесуде сөйлеген сөзінде: «ХХІ ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі маңыздылығы жағынан стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады, және солай болуы тиіс. Білім беру ісі елдің даму деңгейі арқылы бағаланатын болады»-деп ,оқу ағарту, білім мен ғылымнан жас қазақ елінің Орталық Азия барысына айналуы маңызының ерекше зор екенін айтып, жастардың жан-жақты білім алуының қажеттілігіне кеңінен тоқталды. Толығырақ »
Білім беру жүйесін дамытудағы шетел тәжірибесінің рөлі
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері он жылдан астам уақыт өтсе де, жан-жақты реформалар жүргізу үрдісі аяқталған жоқ. Тәуелсіздік жылдарының алғашқы күнінен бастап дамыған елдерден үлгі алуға тырысқан ҚР-сы өз ішіндегі жаңашылдықтарды басқа елдермен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы енгізіліп келеді. Америка Құрама Штаттары сондай елдердің ішінде ең маңызды орынға ие. Әрине, екі жақтың достық қарым-қатынастарын былай қойғанда, олардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бірақ өз дамуына септігін тигізетін мұндай қарым-қатынастарды жасаспасқа болмайды. Толығырақ »
Қазақстан Республикасындағы білім беру саласының қазіргі жағдайы және перспективасы
Әр адамның күнделікті тіршілігіне ерекше өзгеріс енгізе қоймаған қоғамнан кетіп, жаңа ғасыр өз өмірімізде жаңа бір дәуірдің басталғанын мойындатуда. Көкжиегімізде көрініп тұрған нұрлы болашағымызға жету жолдарының жақсы нышандары бүгінгі қоғам тіршілігінің әртүрлі салаларынан көрініс табуда. Солардың бірі-әлеуметтік орны мен ақпараттар қызметінің салмағы жағынан ерекше болып табылатын білім беру жүйесі. Олай дейтініміз бұл саладағы әрекет қоғамның бір жеке мүшесінің тағдырына қатысты емес, еліміздің ертеңгі күнгі әлеуметтік күшіне, тұрмыс деңгейіне, өркениеттілігіне әсер ететін кешенділігімен сипатталады. Толығырақ »
Білім беру саласынын қаржыландырудың негізгі принциптері
Рыноктық (нарықтық) реттеу жоғары білімнің дамуында мемлекеттік реттеудің кемшіліктерін толтыра алмады. Нақты оқу орындарының дипломдары жұмыс берушілер мен жұртшылықтың көз алдында нақты баға алулары үшін жоғары оқу орындары жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларды тым қысқа уақыт жұмыс істеді. Осы жағдайлар қиянатшыл бәсеке үшін кең мүмкіндіктер жасады. Жеке меншік, ал ішінара мемлекеттік жоғары оқу орындарының да ақылы оқитын студенттер санына кіріптарлығы, көптеген жоғары оқу орындарына қалағандардың барлығын тартуға, демпингтік бағалар мен жоғары оқу орындарының нақты мүмкіндіктеріне сай келмейтін жарнамаларды пайдалануға, көтеріңкі баға қоюлардың кеңінен қолданылатын практикасына, түпкі нәтиже білімді нақты дипломдар сатумен алмастыруға әкеп соқтырды. Толығырақ »