Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Педагогика, дефектология’ бөлімінің мұрағаты

Білім беру адам дамуының көрсеткіші ретінде

Білімнің адам дамуындағы айқындаушы рөлін тану адам капиталының теориясына негізделеді, ол теория бір мезгілде адам дамуы тұжырымдамасының пайда болуының теориялық алғышарты және аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және ол тұтастық қалпында ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында қалыптасты.

Адам дамуы тұжырымдамасының мәні мен мағынасын анықтайтын өзекті элементтерінің бірі мемлекет, қоғам және тұлға үшін білімді жоғары басымдық дәрежесіне көтеру болып табылады. Адам дамуы тұжырымдамасының мәні мен мағынасын анықтайтын өзекті мәліметтерінің бірі мемлекет, қоғам және тұлға үшін білімді жоғары басымдық дәрежесіне көтеру болып табылады. Толығырақ »

Әлемдік экономикадағы білім беру прогресінің үрдістері және білім саласындағы адам дамуы принциптерін іске асыру

ХХ ғасырдың соңғы ширегінде әлемде білім революциясы құлаш жайды. Алғашқыда оған жанама құбылыс, ғылыми-техникалық революцияның «әлеуметтік салдарларының» бірі ретінде қарап келді. Білім тек экономикалық және ғылыми-техникалық прогресте ғана емес,сонымен бірге әлеуметтік мәртебелерді бөлуде де шешуші факторға айналды.

Білім беру революциясындағы бірінші көрініс білімді түбегейлі демократияландыру болды. Осы прогрессивті үрдіс жаңа индустриялық, және белгілі бір дәрежеде, дамушы елдерді қамтыды. Толығырақ »

Адам капиталы теориясының қалыптасу ерекшеліктері және даму тарихы

Білімнің қоғам мен адам дамуындағы айқындауыш рөлін тану адам капиталы теориясының негізін құрды, ол теория бір мезгілде адам дамуы тұжырымдамасының пайда болуының теориялық алғышарты және аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Адам капиталының теориясы-білімнің әлеуметтік қызметіне принципті, сапалық жаңа көзқарас. Сансыз көп теорияларда білім не еңбек тиімділігін арттырудың факторы, немесе ғылым және техникалық прогрестің қозғаушысы ретінде қаралып келді, бірақ барлық жағдайда да оған қосалқы, көмекші роль берілетін еді. Толығырақ »

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ АБАЙТАНУ ТАРИХЫ

Қазіргі әдебиеттану ғылымында абайтану ғылымының бір тармағы болып абайтану тарихы да өрісін кеңейтіп келе жатыр десек қателесе қоймаймыз. Сол себепті абайтану мәселесін сөз еткенде абайтану тарихына да тоқталмай өту мүмкін емес. Осы ретте «Абайтану ғылымының бел-белестері» деп аталатын ғылыми еңбек жазған академик, филология ғылымдарының докторы, профессоры Серік Смайылұлы Қирабаевтың келесі бір пікіріне назар аударсақ, ол төмендегідей: «Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген өнімді саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар. Толығырақ »

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ АБАЙТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазақ әдебиеттану ғылымы, оның ішіндегі іргелі үш саласы әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны ерекше қарқынмен өсіп-өркендеп келеді. Осы үш саланың ішінде әдебиет теориясы мен сынына қарағанда әдебиет тарихының ілгерілеушілігі мол деп қарауға болады. Әдебиет тарихын жасау, түгендеу жаңа дәуірге лайықталып, жаңаша көзқараспен пайымдалып жасалуда. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы — әдебиет тарихының үлкен бір саласы — Абайтану. Абайтану ғылымына академик Зәки Ахметов былай деп баға береді: «Абайтану кемеңгер ақынның өмірі мен шығармашылық өнері, философиялық, қоғамдық, эстетикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерді қамтиды» Толығырақ »

«Қыз Жібек» жырының тілі мен стилі

Ғашықтық жырлар ішінде ең сүйіктілерінің бірі-«Қыз Жібек»  (көлемі үш мың жылдан артық). Жырдағы басым тақырып махаббат, жастардың азаттық аңсары. Дегенмен, «Қыз Жібек» көп ретте қаһармандық эпикалық дәстүрдің өрнегін танытып отырады. Төлегеннің әкесі Базарбайдың  елін, байлығын мадақтау Жағалбайлы елінің мекені деп Ақ Теңіз бен Қара Теңіз көлдерін атау әсірелеу, қиял желісі. Базарбай  зарығып жүріп, сексен жасқа келгенде Төлегенді көріпті. Жігіттің сымбат, келбеті де ерекше әсерленіп суреттеледі. Толығырақ »

Қыз Жібек жырында қолданылған көркемдегіш — бейнелегіш тәсілдер

«Қыз Жібек» жыры қазақ халқының сүйіп оқитын көркем шығармасы. Неге десеңіз, ол өзінің көркемдік стилімен оқырманды өзіне  баурап алады. Жырдың сарыны, әуені батырлар жырының желісіндей айтуға ыңғайлы. Тыңдаушысын жалықтырмайды. Бір оқиғадан соң екінші оқиға қара  сөзбен байланысып, түсініктеме беріле жалғасып отырады. Жырда қазақтың салт-дәстүрі, тұрмыс ерекшелігі, сауда-саттықпен айналыса бастаған  кезеңі, орыс отаршылдығымен бірге енген сөздерді кездестіруге болады. Сол сияқты, «Қыз Жібек» жырында  естірту, жоқтау, жұбату, айтыс, жырлай арнау, зарлай арнау, сыңсу т.б. кездеседі. Жырдың өне бойына  зер салып, тоқталғанымызда айшықтау мен троптың түрлері жиі кездесетінін байқауға  болады. Толығырақ »

«Қыз Жібек» жырының зерттелу тарихы

«Қыз Жібек» жыры –адамгершіліктің, достықтың, ар намыстың, бет қайтпас ерліктің, тұрақты махаббаттың үлгісі. Бұл жыр қазақ халқының өмірінде болған тарихи шындықты суреттеп қана қоймай, сол кездегі ел тұрмысын баяндайды. Жырда қазақтың төл салт-дәстүрлері, тұрмыс ерекшелігімен қатар, сауда саттықпен айналыса бастаған кезеңі, орыс отаршылдарымен енген кірме сөздерін кездестіруге болады.

«Қыз Жібек» жырында естірту, жұбату, жоқтау, айтыс, сыңсу өлеңдері көп кездеседі. Көшпенді елдің негізгі күнкөріс құралы мал шаруашылығы болғаны мәлім. Жылдың барлық нұсқаларынан осы жайға байланысты айтылған айқындау сөздер, теңеулерді көптеп кездестіруге болады. Толығырақ »

«Қыз Жібек» жыры – қазақ фольклорындағы өлмес те өшпес туынды

Қазақ халқына кеңінен танымал  көркем жырлардың бірі — «Қыз Жібек» жыры. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, дүниеге көзқарасын, ұғымын білдіретін әңгеме.

«Қыз Жібек» жыры, әңгімесі қазақ хылқының сол кездегі көшпелі салтын білдіреді, сондай салт, сондай дәстүр орнаған қоғамда туып-өскен адамның көзқарасы қандай екенін көрсетеді. Ескі көшпелі өмірдің сұлу табысы деп бағалауға сай жырлардың бірі- «Қыз Жібек» екені даусыз. Толығырақ »

Түркі сөздері

Түркі тілдері тарихында маңызды рол тқаратын орта ғасырда, сонау Мәмлүк топрағында қыпшақ тілінде жазылып бізге жеткен Китаб Муқаддима тіліндегі негізгі сөздік қоры түркі сөздері. Ескерткіш тіліндегі түркі сөздерін төмендегіше топтарға бөліп қарастырғанды жөн көрдік.

Зат есімдер сөздер. Зат есімдер — табиғаттағы барлық жанды-жансыз, деректі-дерексіз заттар мен ұғымдардың жалпылама немесе жекелеген атауы болатын сөздер екендігі белгілі. Тілдегі барлық заттар мен ұғымдардың атаулары түбір сөздер емес. Кейбіреулерінің атаулары туынды түбір сөздер арқылы берілген. Толығырақ »