‘Педагогика, дефектология’ бөлімінің мұрағаты
Парсы сөздері
Ескерткіш тілінде парсы элементтері араб сөздері секілді көп емес екендігін жоғарыда атап өткен болатынбыз. Әйтседе оларды ішінара бірнеше семантикалық топтарға жіктеуге болады:
Діни наным сенімдерге байланысты сөздер: авдаз اَودَز —дәрет; «авдаз киби намазижүн (5а, 1)» (дәрет сияқты намаз үшін). авдаздан اَودَزدَن «авдаздан соңра (24б, 3)» авдазлу اَودَزلُو «ол киши авдазлу олса (43б, 3)» (ол кісі дәретті болса). авдазсуз اَودَزسُوز«ол авдазсуз олса (43б, 4)» (ол дәретсіз болса). Парсының аб اب (су) және даст (қол) сөздерінің бірігуінен жасалған. Ескерткіштер тілінде абдест, авдаз, авдес тұлғаларында кездеседі. ИМ: абдест; ГИ: авдес; КФ: авдаз; КФТ: авдаз; Ал-Каванин: авдаз [16, 16]. Толығырақ »
Араб сөздері
Тілдік құбылыстардың бүгінгі жайын білу үшін, оның өткен күйін білу шарт. Тіліміздегі араб және парсы элемменттерінің сырлы тұстарын айқындауда орта ғасыр жазба ескерткіштері таптырмайтын құнды дерек көзі екендігі даусыз. Қолжазбаның негізгі мазмұны ислам дінінің шарттары мен иман негіздері болғандықтан да араб сөздерінің едәуір мөлшерде болуы заңды құбылыс. Қолжазба тіліндегі араб сөздеріне лингвистикалық түсініктеме бере отырып оларды өз ішінде бірнеше мағыналық топтарға топтасыруға болады:
Кісі есімдері: ‘Абдуллаһعَبدواللَه — жалқы есім; ‘Абдуллаһдан عَبدواللَهدَن «хабар вирилди ‘Абдуллаһдан Омароғлы (2б, 6)» (Хабар берілді Омарұлы Абдуллаһтан). Толығырақ »
Кірме сөздер
Әлемдегі кез келген тілдің сөздік құрамы, өздерінің ежелден келе жатқан төл сөздерінен және басқа халықтардың тілдерінен енген кірме сөздерден тұратындығы белгілі жәйт. Халықтардың тарихи, экономикалық және мәдени байланыстары, өмірдің түрлі саласындағы құбылыстар тілдің сөздік қорына ықпал етіп, түрлі оқиғаларға байланысты сөздерді куә етіп қалдырып отырады. Сол секілді халқымыздың басынан кешірген сан қилы тарихи фокторлардың тілімізге тигізген әсері де әр түрлі болған. Түркі тіліне араб элементтерінің енуіне түркілердің ислам дінін қабылдауы едәуір әсер еткендігі сөзсіз. Толығырақ »
«Абай жолы» романындағы антропонимдердің мағыналық топтары
Романдағы төрт түлік малға байланысты антропонимдер ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда қазақ халқының ауыз әдебиетінің түрлі жанрларында төрт түлік мал көбірек айтылып отырады. Сондықтан да төрт түлік мал атауына байланысты ат қою кеңінен етек жайғаны мәлім [19;201]. Мысалы, романдағы төрт түлік малға байланысты есімдерден: Аққозы, Байтұяқ, Бурақан, Жамантай , Серке, Қаратай, Құлжатай, Құнанбай, Құлыншақ , Марқа.
А қ қ о з ы М о ты ш т ы ң көп семізінің бірі екен Толығырақ »
“Абай жолы” романдағы сан есімдерге байланысты антропонимдер
Романдағы сан есім арқылы жасалған кісі есімдері болса, баланың туған күніне , мерзіміне оны қоршаған ортаға, өмір тіршілігіне байланысты болса, енді біреулері сандардың қасиеттеріне сену идеясына байланысты қойылады. Осы романдағы сан есімге байланысты есімдерден, А л т ы б а й , Т о қ с а н , Б е с- б а й , Ж е т п і с , М ың ж а с а р сияқты есімдері бар. Толығырақ »
«Абай жолы» романындағы антропонимдердің сөз таптарына қатынасы
« Абай жолы» романындағы біріккен тұлғалы антропонимдерді құрамына қарай мынадай топтарға бөліп қараймыз.
І. Зат есім мен зат есімнің бірігуінен жасалған есімдер:
Мысалы: Ә б д і р а х м а н , Б и б і с а р а, С а д у а қ а с , Ә к і м қ о ж а, Ә л і м қ о ж а , Б а л а ғ а з , А б ы л ғ а з ы т.б. Толығырақ »
«Абай жолы» романындағы біріккен тұлғалы есімдер
Романдағы көп кездесетін антропонимдердің бірі біріккен тұлғалы түрі. Б и б і с а р а, Т о й с а р ы, Т а ң ж а р ы қ, М ы ң ж а с а р, М а м ы р қ а, Т а ң ш о л п а н, Т о ғ ж а н , А қ ш о л а қ, Ә к і м қ о ж а, С а д у а қ а с , А қ б ас, Д ә у л е т к е л д і, Е с қ о ж а, Е с б е р г е н, Т ө л е п б е р д і, Е р ж а н, Е р б о л, Е с б и к е, С а р м о л л а т. б. Толығырақ »
Араб – парсы тілінен енген түбір есімдер
И с а, О м а р, М ұ с а, Ә д і л, М а н ас, Ә б д і, М ы р з а, О с п а н , Қ а с е н, А с а н, Ү с е н, Б а я н, т.б.
И с а әлі ашулы болатын. Қысқа ғана жауап қатты
О м а р дөң басында тұрған қалың топқа жетті Толығырақ »
«Абай жолы» романындағы антропонимдердің жасалу жолдары түбір тұлғалы есімдер
М.Әуезовтің «Абай жолы » романындағы кездесетін антропонимдердің жасалу тәсілдері қазақ тілінің грамматикалық құрылысы мен тілдік нормаларына байланысты болып келеді .
Әдетте, сөз жасалу тәсілі және сөздің тұлғалары тіл білімінің морфологиялық саласының обьектісі. Түркі тілдеріндегі бұл сөз жасаушы тәсілдер ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан тәсіл. Толығырақ »
Қазақ тіліндегі жалқы есімдердің морфологиялық құрылысы
Жалқы есімдердің марфологиялық құрылысын Лингвистикалық бағдарда зерттеу өзекті мәселелердің бірінен болып саналады. Сондықтан да адам аттарының грамматикалық құрылысы бірқатар тілші ғалымдардың ғылыми еңбектерінде әр түрлі тілдердің материалдарында ашып көрсетілген.
Э. Бегматов өзбек тіліндегі жалқы есімдерді марфологиялық құрылысы бойынша дара, күрделі және қысқарған жалқы есімдер,- деп үшке бөледі [25; 120-125]. Ол өзбек тіліндегі жалқы есімдерді морфологиялық, лексикалық, синтаксистік тәсілдерден жасалатыны дәлелді мысалдар арқылы сипаттаған. Толығырақ »