Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Педагогика, дефектология’ бөлімінің мұрағаты

«Абай жолы» романындағы орыс антропонимдері

Қазақ тілі сөздік құрамында көптеген орыс тілінен енген сөздер сөздік құрамның едәуір  бөлігін  құрайды.Мұның алғашқы дәуірі ХҮІІ ғасырдан басталады да алғашқы сөздер сауда –саттыққа, шаруашылыққа байланысты болып келеді де, кейін ХІХ ғ. Екінші жартысында Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты бұл процесс күшейе түседі.

1861 жылы крепостнойлық праводан азаттық алған орыстар Қазақстан территориясына  лек-легімен ығыса бастайды.Қала берсе орыстың алдыңғы қатарлы демократиялық идеялы адамдары қазақ жеріне аударылды. Толығырақ »

“Абай жолы” романындағы араб-парсы тілдерінен енген антропонимдер

Өзінің атын әлемге әйгілі еткен «Абай жолы» роман –эпопеясын жазуға М.Әуезов зор шығармашылық әзірлікпен келгені әртараптан-ақ көрінеді.

« Абай жолы» романының мақсаты ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ауылындағы тап қайшылығы мен тартысының жайы. Ескі рулық феодалдық засан көрінісін, үстем таппен езілуші таптың сан қилы қайшылық тартысын біз «Абай» романдарынан нағыз табиғи, шыншыл өмірдегідей қалпында оқып білдік. Толығырақ »

Қазақ тіл біліміндегі антропонимдердің зерттелу тарихынан

Қазақ ономастикасы бүгінгі таңда өз нысанын кеңейтіп, өз алдына тіл ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып, біршама жетістіктерге жетті. Қазақ ономастикасына арналған ғылыми еңбектер саны жағынан да, сапасы жағынан да өсіп одақтық дәрежедегі зерттеулерге жетіп қалды деп айтуға болады[1].

Қазақ ономастикасының тек қана бүгінгі жайы зерттеліп қоймай, оның ертедегі орта түркі дәуіріне тән жазба ескерткіштердегі ономастикадағы ғалымдардың зерттеу объектісі болды. Бұл жөнінде тілші ғалымдар А.Әбдірахманов, Т.Жанұзақов, Ә.Нұрмағамбетов, Ә. Қайдар. В.У. Махбиров,  А.Ибатов т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерін атап көрсетуге болады Толығырақ »

Көсемше формаларының қатысуымен жасалатын құрмалас сөйлемдер

Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы ретінде  көсемшелер  де жұмсалады, әрі есімшеге қарағанда, қосымша әлементтерді қажет етпейді. Қазақ тіліндегі көсемшенің қызметтері туралы айта келе,    И. И. Мещанинов “Сөйлемдегі негізгі бөліктің баяндауышындағы қосымша элементтерінің біреуінің анықталған құрылымын білдіретін көсемше құрмалас сөйлемнің жеке бір бөлігінің құрастырушысы ретінде көріне алады. Сөйлемнің бөліп қарастырып отырған бөлігіндегі көсемше бұл жерде де дербес, аяқталған мазмұн алмайды, тек негізгі сөйлемдегі баяндауыштың қызметін нақтылайтындығын көрсетеді. Толығырақ »

Шартты рай және басқа есім, етістік формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер

Шартты рай тұлғасының басты ерекшелiгi сол –ол, негiзiнен, бағыныңқы сөйлемнiң баяндауышы қызметiн (жiктiк жалғауында тұрып) атқарады. Әдетте жiктiк жалғауы өзi жалғанған сөзге тиянақтылық беретiн форма деп танылғанымен, шартты рай  тұлғасына жалғанғанда бұл қасиетi сақталмайды, сондықтан бағыныңқы жай сөйлемдi басыңқы жай сөйлеммен құрмаластыру функциясын атқара бередi. Бағыныңқы жай сөйлем құрамындағы шартты райдың өзге етiстiк тұлғасынан ерекшелiгi — оның жақтық формада айтылып, өз бастауышымен қиысуында.

Шартты рай формасы арқылы құрмаласатындар, негізінен, шартты және қарсылықты бағыныңқылар. Толығырақ »

Есімше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер

Қазақ тілінде сабақтастардың құрылуында және синтаксистік қатынастың түзілуіне есімшенің барлық түрі ат салыспайды. Бұл қызметті көбінесе әр түрлі көмекші сөздермен бірге келетін немесе қажетті  жалғаулар қосылған бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын құрайтын –ған/-ген, -қан/-кен   есімше формасы атқарады. Бұл  көмекші элементтерсіз есімшеден құралған баяндауыш пен грамматикалық бастауыш арасындағы қатынас атрибутталған байланыстың шегінен шықпайды. Түркологияда септік жалғаулы есімшелердің функционалды дәрежесі туралы әр түрлі көзқарастар бар. Толығырақ »

Компоненттерді семантика-грамматикалық сипатына қарай топтастыру

Қазақ тiлiндегi құрмалас сөйлемдердi топтастыруда мағыналық принцип те негiзге алынды. (С.Аманжолов, Т.Қордабаев). Бұл принцип бойынша бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнiң қарым-қатынасқа түсудегi екi арадағы мағыналық мазмұны басшылыққа алынды. Аманжоловтың “Қысқаша курсында” сабақтас сөйлемдердiң өзін 18 түрге жiктедi: Себеп-салдар, мезгiл, шартты, ұқсасты, мақсатты, қарсылықты, дағдылы, үлестес, аяулы, мекен, сiлтеу, үдетпелi т.б. Толығырақ »

Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер

Профессор Н. Сауранбаев жалғаулықсыз салаластарды «іргелес құрмалас»  деп атап, оны салалас құрмаластың қатарынан шығарып, салаластар мен сабақтастардың арасындағы категория деп қарайды: «Сүйтіп, іргелес құрмаласта салаластың да, сабақтастың да белгісі бар. Салаласқа тән белгісі – ондағы жай сөйлемдердің грамматикалық жағынан бір-бірімен тең дәрежеде құрмаласатындығы және баяндауыштың тиянақты қалыпта болатындығы. Бұл екі қасиет іргелес құрмаластарды салалас құрмаласпен жақындастырады. Ал іргелестерді сабақтастармен жақындастыратын белгі – іргелестегі жай сөйлемдер ішкі мағына жағынан бірін-бірі сыйпаттап, бір-біріне тәуелді болып байланысады. Толығырақ »

Жалғаулықты талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдер

Үнемi жалғаулықты қолданылатын салалас сөйлемдерге талғаулы және кезектес салаластар жатады. Талғаулы салаластарды А. Байтұрсынов айырыңқы деп атаса, С.Аманжолов бейтарап, ал Қ. Жұбанов талғама  салаластар деп атаған. Компоненттерiнде айтылған iс-оқиғаның бiреуiнiң орындалу-орындалмауын талғай, болжау жасай көрсетедi. Жалғаулықтары: не, немесе, әйтпесе, әлде, не болмаса, я, құй, мейлi, яки. Аталған жалғаулықтар құрмалас сөйлем компоненттерiн байланыстырудан гөрi бiрыңғай мүшелердi байланыстыруда жиi қолданылады. Толығырақ »

Жалғаулықты себептік, шарттық және салыстырмалы салалас құрмалас сөйлемдер

Компоненттерiнiң бiрiнде iс-оқиғаның себебi, екiншiсiнде салдары баяндалатын салаластың түрi себептес (себеп-салдар) салаластар деп аталады. Егер құрмаластағы екi компонент сондықтан, сол себептi жалғаулықтарымен байланысса, алғашқы компонентте iс-оқиғаның себебi, соңғысында соның салдары берiледi. Ал екi компонент өйткенi, себебi жалғаулықтарымен байланысса, алғашқы компонентте iс-оқиғаның салдары баяндалып, соңғысында оның себебi баяндалады. Толығырақ »