‘Педагогика, дефектология’ бөлімінің мұрағаты
Стилистиканың пәні оның негізгі мәселелері мен зерттеу әдістері
Қай ғылымның болмасын негізгі мәселесі — оның зерттеу нысаны мен зерттеу пәні (предметі). Стилистиканың зерттеу нысаны — басқа да тіл ғылымы салаларындай, мәтін түрінде көрініс тапқан тіл болып табылады. Бірақ әр сала сол жалпы нысанның өзіне қажетті жағын алып қарайды. Мысалы, деңгейлік тұрғыдан лексикология өзіне қажеттісін, грамматика өзіне қажеттісін алып тексереді. Немесе белгілі бір қырынан, көзқарас тұрғысынан (мыс, тарихи грамматика, әлеуметтік лингвистика, тіл семантикасы) қарастырады.
Стилистиканың пәні әлі бір жақты шешімін таппаған күрделі мәселе деуге болады. Бұл ең алдымен оның зерттеу нысаны мен пәнінің күрделілігінен, одан тысқары зерттеу пәнінің аумақ-көлемінің кеңдігінен, анық еместігінен (оған, мысалы, әдебиеттану ғылымының мәселелері де кірігіп кетеді) келіп шығады. Толығырақ »
Стилистика және оның анықтамасы
Тіл білімінде стилистиканың жалпыға бірдей қалыптасқан анықтамасы жоқ. Мұның бір себебі өзінің қалыптасуы барысында тіл білімінің бұл саласы әр түрлі бағыттардың құрамында дамыды. Алғашқы кезде көркем тілді зерттеу аясында дамыса, соңғы кездері оның зерттеу нысаны әлдеқайда кеңейіп, тармақтала түсті.
Барынша жалпы мәнінде алсақ, стилистика тілдің мәнерлі құралдары туралы, сонымен қоса тілдік құралдарды сөйлеудің мазмұнына, қарым-қатынастың мақсатына, жағдайы мен саласына сәйкес қолдану, яғни тілдің қызмет ету заңдылықтары туралы ілім деп анықтауға болады. Қарым-қатынастың анағұрлым жинақталған, әлеуметтік мәнге ие болған ондай салаларына ғылыми, көркем, публицистикалық, ресми және тұрмыстық салалар жатады. Функционалды стильдер осы салаларға сәйкес ажыратылады. Толығырақ »
Эксперименттік есептердің классификациясы
Эксперименттік есептер сандық және сапалық болып бөлінеді.
Сапалық есептер – шешіміне есептеу талап етілмейтін тапсырмалар оқушылар оқылған физикалық заңдылықтарды пайдаланып, оны есепте сөз болып отырған құбылысты талдауға қолданады. Толығырақ »
Эксперименттік есептердің қойылуы
Физиканы оқытуда эксперименттік есептердің маңызы зор. Өйткені онда оқушылар мен табиғат арасындағы тығыз байланыс байқалады. Физика сабақтарында көптеген тәжірибелер көрсетсек те, таным процесінің барлық этаптарын қамти алмайды, оқушылардың практикалық мәселелеріне жауап алатындай білімдері жеткіліксіз болып табылады. Толығырақ »
Эксперименттік есептердің мәні
Эксперименттік есептер мәтінді есептерге қарағанда, дайындыққа және шешуге көп уақыт қажет етеді, сондай-ақ мұғалімдер мен оқушылар экспериментті тұрғызуға дағдылану керек. Бұндай есептерді физиканы оқытудың сапалық жағына оң әсерін тигізеді. Эксперименттік есептердің артықшылықтары:
— Барлық эксперименттер сияқтыэксперименттік есептер оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін едәуір көтереді, логикалық ойлау қабілетін арттырады, құбылысқа анализ жасауға үйретеді, сабақта алған практикалық дағдысын ескере отырып оқушы терең ойланады. Эксперименттік есептерді шешу оқушыларды бірлікке ұмтылуға, өз күштерімен білімді игеруге, дүниені тануға құлшынып ұмтылуға тәрбиелейді. Толығырақ »
Мектеп оқушылары ортасындағы кикілжің мәселесін теориялық талдау
Мектеп оқушылары ортасындағы кикілжің мәселесін теориялық талдау туралы қазақша реферат
Халықтық білім беру сферасындағы іс-әрекеттің төрт субъектілерін бөліп көрсетеді: оқушы, мұғалім, ата-ана және әкімшілік. Субъекттердің өзаралық әртүрлі қарым-қатынасқа түсінуне байланысты В.Воронин бойынша кикілжіңдердің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады: оқушы – оқушы; оқушы – мұғалім; оқушы – ата-ана; оқушы –әкімшілік; мұғалім – әкімшілік; мұғалім – мұғалім; мұғалім – ата-ана; ата-ана – ата-ана; ата-ана – әкімшілік; әкімшілік – әкімшілік.[3]
Оқу іс-әрекетінің көп тараған оқушылар ортасындағы кикілжің түрлері мен туындау себептерін қарастырайық. Толығырақ »
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тест жұмыстары
1.Тыныс белгілері туралы ережелер жинағы қалай аталады
пунктуация
синтаксис
лексикология
стилистика
орфоэпия
Қазақтың ұлттық ойындарын тәрбие жұмысына қолдану жүйесі
Қазақтың ұлттық ойындарын тәрбие жұмысына қолдану жүйесі туралы қазақша реферат
Мектептегі сабақаралық үзіліс оқушылардың сабақ үстінде алатын білімі мен тәрбиесін жалғастырудың ажырамас бір кезеңі, оқушылардың мектепте өткізетін уақытының белгілі бір бөлігі. Сыныптан тыс жұмыстарға осылай деп қарайтын болсақ, оның дәйекті, сапалы өтуін қамтамасыз ете отырып, оқушылардың алған білімдерінің көлемін кеңейтіп, денсаулықтарын үнемі жақсарта түсуге қамқорлық жасауға тиістіміз. Толығырақ »
Оқу үдерісінде ойын түрлерін пайдалану жолдары (ана тілі, математика, қазақ тілі, дене шынықтыру)
Оқу үдерісінде ойын түрлерін пайдалану жолдары (ана тілі, математика, қазақ тілі, дене шынықтыру) туралы қазақша реферат
Балдырған отбасы тәжірибесі арқылы және өзін қоршаған ортамен тығыз араласа отырып, ана тілін үйренеді. Ал адамға ана тілінен ардақты не бар? Ол туралы әйгілі педагог К. Д. Ушинский былай деп өте тамаша жазған: «…Ана тілі — ақыл-ой дамуының негізі және барлық білімдердің қазынасы: одан барлық түсінік басталып, сол арқылы өтіп және соған оралып отырады. Ана тілі — идеялар мен білімдерді ұғынудың және оны таратудың бірден-бір құралы. Егер оқушы бұл құралды нашар меңгерсе онда оның оқуына да үлкен қиыншылық туатыны сөзсіз» [28, 45]. Толығырақ »
Бастауыш сыныптардағы ойын түрлерінің жіктелуіне сипаттама
Бастауыш сыныптардағы ойын түрлерінің жіктелуіне сипаттама туралы қазақша реферат
Ойын баласын оқытудың басты жолы – «ойын әдісі». Баланы оқытудың барысында оның берілген ақпаратты қабылдауда ыждағаты, төзімі 20 минуттан аспайды. Сондықтан ойын баласына еркіндік берілуі тиіс. Баланың ойын әрекетін белгілі бір жүйемен оқу әрекетіне айналдырудың сан қилы жолдары қарастырылуы жөн. Оған балаларда белгілі бір жағдайда қалыптасқан ойын жүйесін, таңдалынып алынған ұлттық ойындарды, тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген дидактикалық ойындарды қай жерде, қалай таңдап, қалай пайдалану мұғалімдерден үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді. Толығырақ »