Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Психология’ бөлімінің мұрағаты

Ойлау

Ойлау туралы қазақша реферат

     Психология тарихының бас кезінде, әсіресе ол XIX ғысырдың аяғында, Еуропада пайда болған кезде ойлауға деген қызығушылық басым болды. Бақылау ғылыми әдіс болғандықтан ертедегі зерттеушілер (мысалыц, Кюлпе) сынаушыларға ойлануды және өз ойларын суреттеуді ұсыну арқылы дұрыс ойлауды зерттеген деп санады. Бұл инстроспективті ықпал көп нәтижелер берді, олар өз кезегінде тиімді ойлаудың кейбір факторларын анықтауға үлес қосты.

XX ғасыр бойынша арасында В. Вундт, Джеймс, Торндайк, Дьюи, Дж. Уотсон және Вертгеймер бар көптеген атақты психологтар өздері таңдап алған теориялық  модель негізінде ойлау тақырыбына көңіл бөлді. Толығырақ »

Мінездің қалыптасуы

Мінездің қалыптасуы туралы қазақша реферат

     Адамның алғашқы өмір қадамдары тіршілік проблемаларын шешуден гөрі көбірек төңіректегі оқиғалар мен құбылыстарды бақылауға (созерцательность) бағытталады. Негізінен объекттермен қатынасқа түсе отырып, бала болмыс мәнін түсінуге ұмтылады. Соған байланысты өз қылық -әрекеттерінің орынды не орынсыз екенін бағамдай бастайды. Баланың сезімталдығы жас ұлғайған сайын кеми бастайды. Солайда болса, балалық шақта игерілген тәжірибе мен білім бозбалық кезеңнің тұрақты мінез бітістеріне арқау береді. Толығырақ »

Мінез түрлері мен типтері

Мінез түрлері мен типтері туралы қазақша реферат

     Мінез түрі өзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді, ал бітістер негізгі немесе жетекші қосалқы болып бөлінеді. Негізгілері адамның бағыт–бағдарын айқындауға ықпалын тигізіп, яғни адамның тұрақты мінезінің сипатын береді де, қосалқылары мінез қырларын толықтыра түседі. Мысалы, батылсыздық, қорқақтық және альтруистік бітістердің алғашқы екеуі жетекші мәнге ие болса, онда адам секемшіл мінезді келіп, біреуге жақсылық, яғни альтруистік қадамында жалтақшыл, күдікті болуынан көздеген ісіне бара алмайды. Керісінше, альтруистік қасиет басым келсе, алғы екі жағымсыз бітістерді қаймықпай басып, қайырымдылық ісінде батыл мінезді қадам жасайды. Толығырақ »

Мінез бітістері

Мінез бітістері туралы қазақша реферат

     Адам мінезі сан алуан. Бұл іс-әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы–шапшаң, екінші–асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты; үшінші–іске ойланбастан асыла салады, кейін барып ойланады, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер–мінез бітістері деп аталады. Қандай да бітіс-әрекет–қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі. Толығырақ »

Мінездің ұлттық ерекшеліктері

Мінездің ұлттық ерекшеліктері туралы қазақша реферат

     Ұлттық мінез адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың, ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен ұлттың, этностық өзіндік мінез–құлықтарының ерекшеліктері болатындығы–тарихи шындық және объектив фактор. Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп тұратын өзіндік сипат–қасиеттері бар. Ыбырай Алтынсарин еңбектерінде өз халқының мінез–құлқына тән бірсыпыра қасиеттерді атап көрсеткенді. Толығырақ »

Темперамент түрлері

Темперамент түрлері туралы қазақша реферат

      Темпераментбұл адамның психикалық әрекетініңдинамикасын айқындайтын дара қасиеттерінің жиынтығы.Ал қасиеттер іс-әрекеттің барша түрінде мазмұн, мақсат, сеп–түрткілерге тәуелсіз, бірдей сипатта көрініс береді, ересек шақта да өзгеріссіз тұрақталады. Психикалық қасиеттер өзара байланысқа келумен белгілі темперамент типіне негіз болады. Темперамент типінің нақты көрінісі сан алуан. Олар тек сырттай әрекет–қылықта ғана емес, сонымен бірге барлық психикалық құбылыстар да: сезімде, ниет пен әрекетте, ақыл–ой жұмысында, тілдесу ерекшеліктерінде және т.б.–байқалады.     Толығырақ »

Темперамент және мінез туралы теориялар

Темперамент және мінез туралы теориялар туралы қазақша реферат

     Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет–қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип–адамның дене құрылмына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген–конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде, және т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген: Толығырақ »

Темперамент және мінез жөнінде түсінік

Темперамент және мінез жөнінде түсінік туралы қазақша реферат

     Темперамент–2,5 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні–адамдар бойында болатын дара өзгешіліктер. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден- әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Толығырақ »

Мектепалды даярлық топтарында еңбекке баулу әрекетінің басқа да сабақтармен байлынысы

Мектепалды даярлық топтарында еңбекке баулу әрекетінің басқа да сабақтармен байлынысы туралы қазақша реферат

     Жалпы білім мен тәрбие беретін балабақшаларда бағдарламалық талапқа сай оқыту мен тәрбиелеудің ең басты міндеттерінің бірі – балаларға берілетін қарапайым түсініктердің ғылым мен техниканың осы кезеңдегі даму дәрежесіне сәйкес болуымен бірге білім беру жүйесін оңтайландыру. Кезінде оқу процесіндегі пән аралық байланысты күшейту мәселесін Ж. Аймауытов «Баланың тіл байлығын арттыруға, еркін сөйлей білуге көңіл бөлудің және өзге сабақтарды оқыту кезінде оларды тіл үйренуге көмекші құрал болуын қарастырудың, сабақтар арқылы байланысты күшейтіп бір-бірімен тығыз бірлікте интеграциялау арқылы оқытудың аса зор көңіл бөлінуіне мән берілуіне мән берілуін айтып кеткен болатын». Толығырақ »

Мектеп жасына дейінгі бала еңбегінің өзіндік ерекшеліктері

Мектеп жасына дейінгі бала еңбегінің өзіндік ерекшеліктері туралы қазақша реферат

Еңбек үстінде балалар белсенділік, тапқырлық, қайсарлық, нәтижеге жетуге ын-талылық көрсетеді, олардың бойында шама-шарқына қарай ересектерге қолқабыс тигізу ниеті калыптасады.

Н. К. Крупская балаларды еңбекте біріктіруге ерекше мән берді, «балалардың бірлескен жұмысын ерекше бағалау керек—бұл коллективтік еңбектің бастамасы. Баланың күші осы коллективтік еңбек үстінде әсіресе жақсы өрістейді» деп атап көрсетті. Толығырақ »