Мінез бітістері туралы қазақша реферат

     Адам мінезі сан алуан. Бұл іс-әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы–шапшаң, екінші–асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты; үшінші–іске ойланбастан асыла салады, кейін барып ойланады, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер–мінез бітістері деп аталады. Қандай да бітіс-әрекет–қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.

Мінез бітістері өзара көрінуі тиіс болған қалыпты жағдайлардан бөлек қаралмайды (кейде әдепті адамның өзі де дөрекілік танытады). Сондықтан қалаған мінез бітісі нақты жағдайда орынды көрінген қылықтың тұрақты формасы.

Мінездің бітістері мен сипатын белгілі қылықтың нақты оқиғаға байланысты болуынан да білуге болады, яғни белгілі бітістің көріну мүмкіндігі неғұрлым жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты белгісі ретінде танылады. Дегенмен, ықтималды болғандықтан бітіс ұдайы көріне бермейді, яғни мінез бітістері адам әдетіндей бірқалыпты, механикалық қайталана бермейді. Солай да болса, мінез бітістері мен әдеттер арасында жақындық та бар: мысалы, мінез бітісі ретінде жауапкершілік адамның ұқыптылық әдетінде көрінеді. Бірақ әдет мінез бітісіне өте бермейді, ол тек қандай да қылыққа ыңғайлылықты танытады. Мінез бітістері өз ішіне ойлау, түсіну әдістерін қамтиды. Қайсы бір тұлғаға тән қылықты жасауда ерік, сезім қосылады. Ал әдет мұндай психикалық процестердің бірімен де байланыспайды. Сонымен бірге бітіс адам қылығына ықпал ете отырып, сол қылық-әрекет барасында қалыптасады, бекиді. Мінез бітістерінің қалыптасуын әрекет–қылық мотивтерінен айыра қарауға болмайды. Қандай да қылық мотиві әрекетте іске аса отырып, мінезде  бекиді. Әрқандай мәнді, тұрақталған мотив болашақ мінез бітісі. Мінез бітістері мотивте алғашқыда ниет түрінде көрініп, ал кейін оны әрекет тұрақты қасиетке айналдырады. Осыдан қандай да мінез бітістерін қалыптастыру қажет қылық-әрекет мотивтерін түзіп, оларды бекітуге арналған іс-әрекеттерді ұйымдастырудан басталады.

Мінездің жалпыланған қасиеттері өздерінің диалектикалық қарама– қарсылықтарында көрінеді: күшті-әлсіз, қатал–жұмсақ, тыңғылықты-өзара қайшы, кең–тар және т.б. Егер мінез күштілігі адамның алға қойған мақсатына жетудегі, кедергілерді жеңуіндегі қуатынан көрінсе, мінез әлсіздігі қорқақтықтан, ниет тұрақсыздығынан, т.б. байқалады. Мінез қаталдығы өжеттік, тайсалмастықпен байланысты, ал жұмсақтықтан адам икемшіл, орнымен шегінеді, келісім жолдарын табуға ұмтылады. Мінездің тыңғылықтылығы мен қайшылығы мінез бітістерінің ішіндегі жетекші және екінші деңгейлі қасиеттердің дәрежесімен анықталады. Қасиеттердің бәрі өзара үйлесімді келсе, тыңғылықты мінез, ал бір қасиет екіншісімен үндеспесе-қайшылықты мінез орнығады. Адам қызығулары мен ұмтылыстарының, іс-әрекеттерінің жан–жақты дамығандығы мен көп түрлілігі мінездің кеңдігін танытады. Мұндай адам әлемдегінің біріне қызығып, бәріне араласқысы келеді. Ал бұларға қарсы–мінезі “тар” адамдар өзін-өзі шектеуге бейім, ниет әрекеттерінің өрісі өте елеусіз.

Сонымен бірге, адам мінезінің тұтастығы мен көп тараптылығы кейбір жағдайларда бір адамның өзінде де әрқилы, тіпті қарама–қарсы қасиеттердің болатынына шек келтірмейді. Адам бірдей өте нәзік мәдениетті болуымен бірге қатал талапшаң болуы мүмкін. Осыған қарамастан, оның мінезі сақталып, оның қырлары айқын көріне түседі.

Көп жағдайда мінез және темпераментсалыстырылып түсіндіріледі, кейде бірінің орнына бірі қолданылады. Ал іс жүзінде олай болмауы керек.

Мінез бен темперамент ұқсастығы адамның физиологиялық ерекшеліктеріне, яғни жүйке жүйесіне болған тәуелділіктен. Қандай да мінездің қалыптасуында белгілі жүйкелік сипаты темперамент үлкен маңызға ие. Сонымен бірге, темперамент жете дамығанда ғана мінез бітістері қалыптасады. Темперамент–мінез дамуына негіз. Мінездегі ұстамдылық– ұстамсыздық, қозғалғыштық–салғырттық және т.б. тікелей темпераментке байланысты. Бірақ мінез темпераментке бүтіндей тәуелді емес. Біркелкі темпераментке ие адамдарда әрқилы мінез белгілері болуы мүмкін. Темперамент ерекшеліктері қайсыбір мінезді дамытып, басқаларына шектеу қояды. Мысалы, холерикке қарағанда меланхоликтің өзіне жігерлілік пен жүректілікті дарытуы қиынға соғады. Ал холерик флегматик сияқты ұстамды бола алмайды, флегматик сангвиникке ұқсап көпшілікпен тез тіл табысып кете алмайды, т.с.с.

Мінезі тұрақталған адамда темперамент дербес әрекет көрінісі болудан қалып, мінез бітістеріне сай әрекет–қылықтардың іске қосылу динамикасын айыруға көмектеседі. Мінез және темперамент бітістері адамның біртұтас келбет–кейпінде өзара байланысқа түсіп, тұлға даралығының интегралды сипаттамасын береді.

Мінез бен ерікарақатынасы өте тығыз. Осыдан көп жағдайда “мінезді адам” және “еркі күшті адам” сөз тіркестерін бір мәнде түсінеміз. Ерік, көбінесе, мінез күшімен, қатаңдығымен, табандылығымен және т.б. байланысты. Адам мінезінің күштілігін айта отырып, ондағы еріктік сапалар мен мақсат беріктігін ескереміз. Бұл тұрғыдан адам мінезі ерік сапаларын қажет ететін қиын жағдайларда, үлкен кедергілерді жеңуде көрінеді. Алайда, мінез тек күш сипатымен айқындалмайды, она әрқилы өмір жағдайына орай ерік әрекетінің қызметін бағыттаушы мазмұн бар. Бір жағынан, еріктік әрекеттерде мінез қалыптасады әрі көрінеді, адам үшін маңызды ситуацияларда ерік мінезге ауыспалы, тұрақты қасиет түрінде бекиді; кейін осы қасиет адам қылығы мен еріктік әрекеттеріне ықпал етеді. Ерікті әрекет әр уақыт мақсатына орай нық, тұрақты және табандылығымен ерекшеленеді. Екінші тараптан, еркі бос адамды көп жағдайда “мінезсіз” деп сипаттайды. Психологиялық тұрғыдан бұлай болмауы тиіс, еркі бос адамның да қандай да мінез бітістері баршылық: қорқақтық, жүрексіздік, сенімсіздік және т.б. Мінезі айқын болмағандықтан адамның іс-әрекет, қылығын алдын ала болжастыру мүмкін емес. Мұндай адамда оның қылық-әрекетіне жетекшілік өткендей дербес бағыт–бағдар жоқ. Оның әрекеттерінің бәрі өз билігін де болмай, тысқы ықпалдарға тәуелді.

Мінез ерекшеліктері адамның сезімдік процестерімен байланысты, әрі бұл байланыс өзара ықпалды. Бір тараптан, инабаттық, эстетикалық, интеллектік сезімдердің даму деңгейі адамның іс-әрекеті мен қатынасына және бұлар негізінде қалыптасқан мінезге тәуелді. Екіншіден, осы сезімдердің өздері тұлғаға тән тұрақты ерекшеліктерге өтіп, адам мінезін құрайды. Борыш сезіну, әзілді көтеру, т.с.с. күрделі сезімдердің болуы жоғары дамыған адамның сипатын танытады.

Адамның мінез бітістерінде ақыл–ой (интеллект) үлкен маңызға ие. Ой тереңдігі мен жүйріктігі, қалыптан тыс мәселелерді қоя біліп және оны дербес шешу, ой жұмысындағы ынта мен сенім–бәрі адам мінезінің ақылдық қорының белгісі. Ал осы ақыл қабілетін пайдалануда бағыт таңдау–тікелей мінезге байланысты. Тұрмыста ақылға кенде емес, бірақ (мінез жарамсыздығынан) жарытып, ештене өндірмейтін адамдар аз емес.

Мінез құрастырушы көптеген қасиеттер біртұтас, олар даралап, шектеуге келе бермейді (өшпенділік, күдікшілдік, сақилық т.б.). Ал кейбір қасиеттер, мысалы, еріктік (жүректілік, дербестік т.б.), cезімдік (жайдарылық, көңілділік т.б.), ақыл–саналық (ой тереңдігі, сындарлық т.б.) адам мінездерінде ерекше құрамды бөліктері ретінде талдауға болады. Барша мінез бітістері өзара заңдылықты байланысқан: батыр адам–сақи да табанды; ашық адам– жайдарлы, сенімді, достыққа тұрақты т.б.


Тағы рефераттар