Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты

Жасыбай батыр

Қазақ жерін қалмақ басқыншыларынан азат еткен қолбасшы, батыр Бәсентиін Жасыбай Өмірұлы хақында Шоқан, М.Жүсіп, Н.Коншин жазбалары; Энциклопедия «Қазақ халқының қаһармандары» жинағы, баспасөз материалдары бірқатар мәліметтерді ұсынады. Дүниеге келген жері белгісіз, Баянауылдағы Жасыбай асуы бойына қойылған Жасыбай моласын кезінде Шоқан сипаттап жазып кеткен болатын. Толығырақ »

Малайсары батыр

Қазақ елі тарихында Сырым Малайсары Тоқтауылұлы атақты батыр, елші, мәлімгер, тархан, қоғам қайраткері, дәулетті бай Бәсетиін руының басшысы «старшыны», қол бастаған қолбасшы ретінде танылған тұлға болып танылады. Ол туралы сақталған деректер көзі әр-алуан.

Малайсары батыр туралы деректерді алғаш рет Шоқан жазбаларынан кездестіреміз. Толығырақ »

Барлыбай батыр

Бәсентиін елінің ХVІІІ ғасырдан бергі жауынгерлік ұраны «Барлыбай» екені тарихи деректерден белгілі. Ол ерте заманда өмір сүрген адам емес, сол  ХVІІІ ғасырдың ерен тұлғасы. Бала жасынан ерлікке құмар, қайсар қайтпас мінезімен көзге түскен екен дейді ақсақалдар. Оған бір дәлел «Абылай туралы жыр». Жартылай қазақша, жартылай қырғызша жазылған осы әдеби нұсқа алғашқы рет Шоқан мұрасының ішінде жарияланып еді. Толығырақ »

Олжабай батыр

Белглi бiр iстеген iс-әрекетi, сөйлеген сөзi, тұжырымдаған ой-пiкiрi арқылы қатардағы қоғам мүшелерi арасынан ерекшеленiп, ел тарихынан орын алған жеке адам — тұлға. Отан тарихының жалпы даму барысына өз үлестерiн қосқан тарихи тұлғалар қазақ қауымының саяси-экономикалық, әлеуметтiк, рухани өмiрiнде хан, сұлтан, би, батыр, рубасы т.с.т. ретiнде танылған едi. Толығырақ »

Ақшаұлы Бөгенбай (1680-1775)

Ақшаұлы Бөгенбай (1680-1775) – жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, қолбасшы сардар. Шыққан тегі – Орта жүздің арғын тайпасының Қанжығалы руынан, есімдері әуелден елге мәлім болған батырлар әулетінен. Толығырақ »

Доспанбет жырау

Доспанбет жырау (1490-1523) — жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болды. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Доспамбет жырау тайпааралық ұрыстардың бірінде 1523 жылы Астрахан маңында қаза тапты. Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Толығырақ »

Қорқыт ата

 Түрік дәстүрін, салтын, әдетін, сенімдерін, басқа халықтардан айырмашылығын, қысқасы, қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан, оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз. Туған, қайтыс болған   жылдары белгісіз. Өмір сүрген ғасыры да даулы. Кейбір зерттеушілер оның Әзірет Пайғамбар заманында жасағанын айтады және ғылыми еңбектерінде бұл пікірді дәлелдейтін дастан бөлімдерін келтіреді. Ал кейбір зерттеушілер Қорқыт Атаның Оғыз түріктерінің ертекшісі және дастаншысы болғанын айтып, Қорқыттың бүгін қолымыздағы 12 дастан-хикаясынан пікірлерін дәлелдейтін деректер келтіреді. Толығырақ »

Қабанбай батыр

Мәмбет – Қожақұл, одан Қабанбай батыр туылған. 1691 жылы етегі Алакөлге малынып жатқан Тоқта-Барлық тауының маңында, Барқытбелдің күнгей жағына орналасқан Мәмбет ауылында Ерасыл (Қабанбай) дүниеге келген. XVIII ғасырдың бас кезінде, яғни 1702 жылы Барлықтағы алғашқы айқаста әкесі Қожақұл батыр аз адаммен қоршауда қалып, ақыры ауыр жарақаттан мерт болады. Ерасылдың он бірге жаңа толған кезі еді. Қожақұл батырдың көзі жұмылған соң бас иесінен айрылған Мәмбет ауылдарына жыл сайын ойраттар шабуыл жасап, тал түсте жылқыларын айдап әкете беретін әдет тапты. Толығырақ »

Бауыржан Момышұлы — халық қаһарманы

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Толығырақ »

Абылай хан, Әбілмансұр (1711-1781)

 АБЫЛАЙ, Әбілмансұр (1711 [Ресейдеректеріңде 1713] — 23.5.1781, Оңтүстік Казақстан, Арыс жағасы) — ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі — Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. А. — Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Толығырақ »