‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты
Түркі сопылық ерекшеліктері
Иасауи мәдениетінде «уахдат ул-вужуд» түсінігі және пантеизм. Батыстық ориенталистер сопылықтағы «болмыстың бірлігі» (уахдат-ул-вужуд) теориясын христиандықтағы пантеизммен бір санайды. Бұл түбірімен қате пікір. Пантеизм мен вахдат-и вужуд арасындағы айырмашылық ұқсастықтарына қарағанда әлдеқайда терең. Толығырақ »
Иасауи мәдениеті мәселесі
Сопылықтың мәні, кезеңдері мен ағымдары. Сопылық – құт ілімі, даналық. Ал даналық – хикмет. Барлық хикмет атаулының иесі – Алла. Сопылыққа осы жолдың өкілдері өздерінің хәлі мен мақамдарына қарай әр түрлі анықтама береді. Олар құдайлық негізден берілген құт пен даналықты қатарларына жаңа қосылған шәкірттерге үйретуді сопылық деп тұжырымдайды. Бұрынғылар сопылықтың мәні мен мазмұнын, ұста-нымы мен мұратын, тәртібі мен жүйесін, этикасы мен негізін осы жолды таңдағандарға қайтадан түсіндіріп дәстүрлі сабақтастықты жалғап отыр-ды. Осылайша сопылықты уақыт кеңістігінде жалғасын тапқан, шексіз-дікпен байланысуы себепті үздіксіз жаңару үдерісі деуге болады. Сопы-лық таным сонымен қатар исламның ішкі (батини) эзотериялық қыры. Толығырақ »
Түркі-Ислам философиясы және діни таным өкілдері
Түркі ислам философтары және Иасауи мәдениеті. Түркі-ислам философиясы – кәлам, сопылық, фикх және т.б. салаларда ғылым өкілдері мен олардың еңбектерінің жемісі. Бұл жерде философиядан Фараби мен Ибн Синаның, кәламнан Матуридидің сопылықта Баласағұнның шығармаларындағы жүйелі көзқарастарына шолу жасап көрейік. Қ.А.Ясауи дүниетанымының аясы мен бағыты тұрғысынан кәлам, сондай-ақ сопылық және түркі ислам философиясының негізгі өкілдерінің еңбектеріне тоқталамыз. Толығырақ »
Түркі ислам философиясының қалыптасу ерекшеліктері
Түркі ислам философиясының мәні. Тарихи тұрғыдан түркі ислам философиясының қалыптасу процесі ұзаққа созылды. Исламның Орта Азияға енуімен бірге әйгілі Талас соғысында түркілер арабтармен бірігіп қытайларға қарсы шайқасуының бір жағынан түркілердің ислам өркениеті құрамына енуіне өзіндік ықпалы болды. Тарихта түріктер осы өркениет құрамында Аббаси, Самани, Қарахан, Селжұқ және т.б. мемлекеттік жүйелерде ислам өркениетінің кең таралуына, өркендеуіне жан-жақты үлес қосты [225,115-123]. Бұл жетістіктердің мемлекеттік басқару, моральдық құндылықтар, жауынгерлік-соғыс өнері, Фиқх, философия, астрономия, математика, тіл, мәдениет, дін және әдебиет салалары бойынша көптеген мысалы бар. Толығырақ »
Музей ісіндегі халықаралық байланыстар
Халықаралық және Ұлттық ИКОМ комитеттерінің қызметтері
Музейлердің Халықаралық кеңесі (ИКОМ) – ЮНЕСКО-мен тығыз байланыстағы үкіметтік емес ұйым. 1946 жылы бұл ұйым Парижде құрылған. ИКОМ құрылғанша ХІХ ғ. 80-ші жылдары әр түрлі қоғамдық ұйымдар құрылып, олар мұражайлар мен мұражай қызметкерлерін біріктірді. 1889 жылы Англияда “мұражайлар Ассоциациясы” құрылды. Біртіндеп Ұлттық комитеттер құрыла бастады. 1906 жылы музейлердің американдық Ассоциациясы құрылды. Толығырақ »
Сәкен Сейфуллин музейі
Қазақстанда 1988 жылы 20 ақпанда Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің бұйрығымен Сәкен Сейфуллин атындағы музей ашылды. Музей – ақынның өмірі мен қызметі туралы құнды жәдігерлер мен құжаттар жинақталған, үлкен тәрбиелік-ағарту жұмыстарын атқаратын мәдени орын. Ақмола – С.Сейфуллиннің өмірінде ерекше орын алған өлкен. Музей қоры мен экспозициясында С.Сейфуллин туралы жаңа деректер көрсетіліп, сақталып бүгінгі ұрпақтың танысуына мүмкіндік берілді. Толығырақ »
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі
Отырар Мемлекеттік археологиялық қорық музейі 1979 жылы 11 мамырда Қазақ ССР Министрлер кеңесінің N219 шешімімен құрылды. Музей өзінің негізін 1967 жылы 17 мамырда жергілікті ұстаз, өлкетанушы А.Әлімов ұйымдастырған Темір бекетінде ашылған мектеп музейінен алады. 1973-1975 жылдары аудандық негіздегі қоғамдық, халықтық музей, 1975-1976 жылдары облыстық өлкетану музейінің филиалы, 1976 жылы аудандық Отырар мемлекеттік тарихи-өлкетану музейі болып құрылды. Қорық музей қорына 4 Республикалық, 130 археологиялық-архитектуралық ескерткіш кіреді. Толығырақ »
“Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы “Әзірет-Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі 1978 жылдың 30 қыркүйегінде Қазақ ССР министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша Қожа Ахмет кесенесі негізінде “Республикалық Ахмет Ясауи сәулет кешені музейі” болып ашылып, 1989 жылдың 28 тамызындағы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №265 қаулысы бойынша “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі болып қайта құрылды. Толығырақ »
Шоқан Уәлихановтың Алтынемел мемлекеттік мемориалдық музейі
Ш.Уәлихановтың Алтынемел мемлекеттік мемориалдық музейі 1985 жылы ғалымның туғанына 150 жыл толуына орай ашылды. Музей құндылықтары ұлы ғалымның өміріне байланысты үш бөлімге бөлініп жинақталған. Ол бөлімдер «Шоқан Уәлиханов және ол өмір сүрген уақыт», «Ш.Уәлихановтың ғылыми қызметі», «Шоқан мәңгі бізбен бірге» деп аталады. Музей экспозициясында Ш.Уәлихановтың өміріне қатысты құнды жәдігерлерлер қойылған. Толығырақ »
Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдение және әдеби мемориалдық қорық-музейі
Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы Семей қала-сында Қазақ ССР Халық Комиссарлар кеңесінің 1940 ж. 1 сәуірдегі қаулысы негізінде ұйымдастырылды. Ашылу салтанаты 1940 жылы 16 қазанда болды. 1947-1951 жж. Музей Қазақ ССР Ғылым Академиясының құрамында болды. 1990 ж. 5 сәуірінде Абайдың Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық мұражайы «Жидебай-Бөрілі» болып қайта құрылды. Толығырақ »