Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты

Тың игерудің халық құрамына тигізген әсері

Тың игеру жолындағы күреске Қазақстан бекшілері белсене кірісті. Құлазыған кең даланың тыңын игеру жөніндегі партия шешімін, тұтас алғанда Қазақстандықтар зор шабытпен мақұлдап қарсы алды. Миллиондаған гектар жерді игеріп, ен далаға жүздеген жаңа поселкеле, совхоз орталықтарын салу, тың өңіріне келген жүздеген мың жаңа қоныстаушыларды лайықты түрде қарсы алып, оларды орналастыру мәселесі республика партия, совет және комсомол органдарының алдына күрделі де ауыр міндеттер жүктеді. Қазақстан еңбекшілері тың игеру жөніндегі партия мен үкімет белгілеген шараларды жүзеге асыруға белсене араласып, ерлік көрсетті. Тың игеруде қазақ халқы өзінің революциялық, интернационалдық қасиеттерін барынша таныта білді Толығырақ »

КХДР ядролық дағдарысын шешудің болашағына болжам

КХДР ядролық дағдарыстың жағдайының одан әрі дамуының сегіз түрлі жолы бар. Біріншісі – қазіргі дағдарыс жағдайындағы КХДР басшылығы саясаты негізгі мақсатына сәйкес, ядролық бағдарламаны жою ісін Солтүстік Кореяның келіссөзге қатысушылардан қаржылай-экономикалық көмекке айырбастау. Қазіргі кезде саудаға түсіп тұрған нәрсе – бұл КХДР ұлттық қауіпсіздігі, ал ол үшін шабуыл жасамау, ішкі істерге қол сұқпау кепілдігі берілуі керек және КХДР-ды АҚШ-тың мойындауы талап етілуде. Сондай-ақ, бұл жерде ядролық бағдарламаның әскери саласын толығымен жою шарты орындалмақ. Ал МАГАТЭ бақталастығы бейбіт ядролық бағдарлама әлі күнге дейін ашық күйінде қалып отыр. Толығырақ »

КХДР ядролық дағдарысын шешудегі алтыжақты келіссөздердің нәтижелері

Солтүстік Корея ядролық бағдарламасы мәселесін алтыжақты келіссөздер арқылы шешуді американ-солтүстік корей диалогының баламасы ретінде АҚШ ұсынған болатын. Мұндағы Вашингтонның айтқан сылтауы Пхеньянның АҚШ-пен жасаған келісімдерді жүзеге асырмауына байланысты сенімнен шығуы. Ал көпжақты күш жұмылдырудағы АҚШ-тың негізгі мүддесі КХДР-дағы қалыптасқан жағдай үшін өз жауапкершілігін басқалармен бөлісу. Кореядағы тұрақтылық, Солтүстік Кореяның ядролық қарусыз елге айналуы және осы елдің бірден нарықтық-демократиялық жолға түспесе де, кемінде нарықтық жолға өтуіне алтыжақты келіссөзге қатысушылардың бәрі де мүдделі. Дегенмен ішінара кейбір мәселелерде мемлекеттердің пікірі әр түрлі.   Толығырақ »

Қытай және Ресей

Әлем және Азия Тынық Мұхиты аймағының дамуы жөніндегі болжамдарға сәйкес Қытай ғасырдың ортасында жалпы ұлттық күші бойынша және экономика саласында АҚШ-ты басып озады.

Ал Корей түбегі мыңдаған жылдар бойы Қытай ықпалындағы ел болып келген еді. Қытай оған бақылау жасаудан тек жүзге жуық жыл бұрын ғана айырылған болатын. Қытайға қысым жасау үшін КХДР-дің АҚШ плацдармына айналып кетуі мүмкіндігіне Пекин алаңдаушылық білдіруде. ҚХР үшін әскери-стратегиялық және саяси жағынан алғанда, американдықтардың әскери күшпен КХДР-ды басып алуы тиімсіз болып табылды. Толығырақ »

АҚШ, Жапония және Корея Республикасы

Вашингтон қазіргі кезде өзінің КХДР-мен жасаған екіжақты келісімімен байланысты міндеттерін мынаекі пунктке әкеліп тірейді:

  1.  КХДР-да жеңіл су екі реакторын салу үшін Корей түбегінде КЕДО халықаралық концепциясын құруды уәде ету;
  2.  Ол реактордың бірі іске қосылғанға дейін жыл сайын өтемақы ретінде 500 мың тонна сұйық жанар-жағармаймен қамтамасыз ету. Толығырақ »

КХДР тарабы

Қырғи қабақ соғыстың аяқталғанына біраз уақыт өтсе де, Корей түбегі оның заңдарымен өмір сүруін тоқтатқан жоқ. Корей мәселесін шешуге қатысушы мемлекеттер АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Ресей, сонымен қатар, Қытайда (ОША-5) нарықтық-демократиялық және плюралистік жолмен даму үстінде. Ал Солтүстік Корея ұлтшылдық, коммунизм жүйесінде қалған. Бұдан бірнеше қорытындыға келуге болады: Біріншіден, Солтүстік Кореяның бұрынғы одақтастарының ешқайсысы да (Ресей мен Қытай) идеялық-саяси себептермен КХДР-ға қолдау көрсетпейді [22].

Екіншіден, саясаткерлер ресми мойындамаса да, Солтүстік Корей режимінің тарихи болашағы жоқ, ал оның қашан құлайтынын тек уақыт көрсетеді. Толығырақ »

КХДР ядролық бағдарламасының тарихи алғышарттары

КХДР ядролық бағдарламасын екі кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең — КХДР ядролық салада негізгі зерттеулерін жүргізіп,сәйкес инфрақұрылым құра бастаған 50 жж. ортасынан 70 жж.аяғына дейінгі аралық.

Екінші кезең – 70 жж. аяғынан бастап қазіргі кезге дейінгі уақыт аралығы. Аталмыш кезең КХДР-дың негізінен өз күшімен ғылыми-өндірістік базаны дамытуымен сипатталады, сондай-ақ осы кезде КХДР елдегі энергетикалық дағдарысты шешу үшін шетелден көмек алуға тырысты. Толығырақ »

Ғаламдану жағдайындағы халықаралық қатынастағы ядролық көпполярлылық жағдайдың орнауы

Ғаламдану жағдайындағы халықаралық қатынастағы ядролық көпполярлылық жағдайдың орнауы туралы қазақша реферат

Қырғи  қабақ соғыс аяқталғаннан кейін халықаралық қатынастардың көпжақты қауырт трансформациясы байқалады. Бұрынғы биполярлы қатынас орнына әлемде мемлекеттердің, мемлекет түсті институттардың, мемлекеттік емес ұйымдар мен қозғалыстардың қарым-қатынастарының басқа принциптері мен модельдеріне негізделген әлдеқайда күрделі құрылым орнады.

Осыған орай, ядролық саясатта да жаңа әдістерді қолдану қажеттігі туды. Толығырақ »

Оқушылардың кикілжіңді қылықтарын алдын – алу мәселесі

Оқушылардың кикілжіңді қылықтарын алдын – алу мәселесі туралы қазақша реферат

Мектептегі жасөспірімдердің арасындағы туындайтын кикілжіңдерін түгелдей болдырмау мүмкін емес. Мектепте  баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын түсіну арқылы оқушылар арасындағы кикілжіңдердің интенсивтілігін өзгертуге болады.

Кикілжіңдерді алдын алу жолында маңызды роль алатын – тәртіп болып табылады. Тәртіп – белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет. Толығырақ »

Компромисс стилі

Компромисс стилі туралы қазақша реферат

Тордың ортасында компромисс стилі орналасқан. Қалған қызығушылықтарыңызды қанағаттандыру мақсатында, өзіңіздің қызығушылықтарыңызды екінші жаққа кей жағдайда келісім жасайсыз. Ал екінші жақ та тура осындай әрекет етеді. Басқа сөзбен айтқанда, екеуіңізде өзіңіздің аз мөлшерде қалауларыңызды қанағаттандыру және аз мөлшерде басқа адамның қалауларын орындауда ортақ келісімге келесіздер. Сіздер компромистік шешім табу үшін келісесіздер. Сонда да компромисс стилін бірлестік стилімен салыстырғанда шешімге жоғары деңгейде жетуге болады; сіз бір нәрсемен екінші жаққа жол берсеңіз, екінші адам сізге де бір нәрсеге жол береді, нәтижесінде ортақ шешімге келе аласыздар. Бірлесіп әрекет ету стиліндегідей жасырын қалаулар мен қызығушылықтарды іздемейсіз. Тек бір-біріңізге айтқан қалауларыңызды ғана қарастырасыздар. Толығырақ »