Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты

Бірлесіп әрекеттесу стилі

Бірлесіп әрекеттесу стилі туралы қазақша реферат

Негізгі стильдердің төртіншісі бірлесіп әрекеттесу стилі болып табылады. Бұл стиль бойынша, сіз кикілжіңді шешуге белсенді қатысасыз. Өзіңіздің қызығушылықтарыңызды дәлелдей отыра, басқа адаммен бірлесіп әрекеттесуге тырысасыз. Кикілжіңдерді шешудің басқа стильдеріне қарағанда бұл стиль жалғастыруға міндетті жұмысты қажет етеді. Себебі, сіз алдымен екі жақтың да қажеттіліктерін, қызығушылықтарын анық ашып, содан кейін ғана оларды талқылайсыз. Бірақ сіздің уақытыңыз жеткілікті және мәселенің шешімі сіз үшін маңызды болса, онда бұл стиль барлық жақтың қызығушылықтарын қанағаттандырудың және екі жаққа да нәтижелі шешім іздеудің жақсы тәсілі болып табылады.[13] Толығырақ »

Бейімделушілік стилі

Бейімделушілік стилі (приспособления) туралы қазақша реферат

Үшінші стиль бейімделушілік стилі болып табылады. Бұл стиль өзіңіздің қызығушылықтарыңызды дәлелдемей, басқа адаммен біріге әрекеттесетіңізді анықтайды. Бұл стильді мәселенің шешімі сіз үшін емес, екінші адам үшін өте маңызды болғанда қолдансаңыз болады. Сонымен қатар басқа адамның беделі жоғары болғандықтан, кикілжіңді өзіңіздің пайдаңызға шеше алмайтындығыңызды сезінгенде, сіз аяқ тартып, оппоненттің қалауымен келіссеңіз пайдалы болады. Толығырақ »

Кикілжіңнен кетіп қалу стилі

Кикілжіңнен кетіп қалу стилі (уклонения, избегание) туралы қазақша реферат

Кикілжің жағдайына байланысты бес негізгі мінез-құлық стильдерінің екіншісі, кикілжің барысында өзіңіздің құқығыңызды қорғамай, мәселені шешу үшін ешкіммен бірлеспей немесе кикілжіңді шешуден аяқ тартқан кезде жүзеге асады. Бұл стильді сізге қатысты мәселе сіз үшін онша маңызды болмағанда, бұл мәселені шешуге уақытыңызды, күшіңізді жоғалтқыңыз келмегенде немесе өзіңізді сенімсіз жағдайда екеңізді сезінгенде қолдануға болады. Сонымен қатар өзіңіздің қателігіңізді және басқаның дұрыстығын сезінгенде немесе кикілжіңдесушінің беделі жоғары екенін білгенде бұл тәсілді қолданған дұрыс. Толығырақ »

Қарсыластық стилі

Қарсыластық стилі туралы қазақша реферат

Тор  көрсеткендей, қарсыластық стилін қолданатын адам белсенді болады және кикілжіңді өзінің жеке жолымен шешуді қалайды. Оны басқа адамдармен бірлесіп әрекеттесу онша қызықтырмайды, бірақ ерікті шешім қабылдауға қабілетті. Мұндай адамдардың пікірі: «Мені басқалар не ойлайтыны қызықтырмайды. Мен оларға мәселені шешудің өзімнің жолын дәлелдеймін». Немесе, Томас пен Килменн процесінің динамикасы бойынша, сіз бірінші кезекте өзіңіздің мәселе шешімін басқаларға қабылдатқызып, басқалардың қызығушылықтарына кері әсерін тигізіп, өзіңіздің қызығушылықтарыңызды қанағаттандыруға тырысасыз. Мақсатқа жету үшін еріктік сапаларыңызды қолданасыз: егер ерігіңіз жеткіліктідей күшті болса, онда мақсатыңызға жетесіз. Толығырақ »

Кикілжің жағдайына байланысты мінез-құлық стильдерінің ерекшеліктері

 Кикілжің жағдайына байланысты мінез-құлық стильдерінің ерекшеліктері туралы қазақша реферат

Кикілжіңдік жағдайға түскенде оны эффективті анықтау және шешу үшін кикілжің жағдайына байланысты мінез-құлық стилін, кикілжіңге түскен басқа адамдардың стильдерін, сонымен бірге кикілжіңнің табиғатын анықтап алу қажет.

Кикілжіңді шешудің бес негізгі стильдері бар. Олар Томас-Килменн әдісі деп аталатын жүйенің негізіне салынған бағдарламаларда бейнеленген және кеңінен қолданылған ( 1972 жылы Кеннет У.Томас және Ральф Х.Килменнмен өңделген). Жүйе әрбір адамға кикілжің жағдайы барысында өзінің жеке мінез-құлық стилін анықтауға көмектеседі. Толығырақ »

Кикілжің проблемасының зерттелінуінің теориялық қағидалары

Кикілжің проблемасының зерттелінуінің  теориялық қағидалары туралы қазақша реферат

         Бөлмеден шығып бара жатып есікті ашуланып қатты жапқан жағдайды басыңыздан кешіргенсіз бе? Немесе біреудің дөрекі сөзінен ренжігенсіз бе? Анаңызбен келіспей қалып ұрысқан кездеріңіз болған ба? Егер де сіз осы сұрақтардың біреуіне де болса да сенімді жауап берсеңіз, онда сіз «кикілжің» деп аталынатын құбылыспен таныссыз. Толығырақ »

Кеңестік шығармалылық интеллигенцияның алғашқы өкілдерінің қызметі

Кеңестік шығармалылық интеллигенцияның алғашқы өкілдерінің қызметі туралы қазақша реферат

Қазан төңкерісі бұрынғы ұлттық интеллигенцияны жоққа шығарып, жаңа социалистік сипаттағы ұлттық интеллигенция құруды міндет етіп қойып, осы мақсатқа жету жолындағы қауырт іс-әрекеттерге көшті Қазақтың ақын жазушыларының бірен-сараны ғана Қазан революциясын құп көріп, негізгі бөлігі бұл төңкерісті қазақ халқына сырттан таңылған құбылыс деп қабылдады. Революция қарсаңыңда қазақтың шығармашылық интеллигенциясының басым көпшілігі ұлттық-демократиялық көзқарасты ұстанды. Толығырақ »

Ескі интеллигенцияның тағдыры

Ескі интеллигенцияның тағдыры туралы қазақша реферат

Қазан революциясының (1917) нәтижесінде билік басына келген большевиктер коммунистік тұрғыдағы жаңа интеллигенцияны бірден тәрбиелеп, өсіре алмайтындығына, бұған бірталай уақыт керектігіне көздері жеткен соң, амалсыздан ескі интеллигенцияны кеңестік қызметке тартуға мәжбүр болды. Толығырақ »

Ұлтық элитаның қалыптасуы

Ұлтық элитаның қалыптасуы туралы қазақша реферат

 Белгілі бір қөзқарастар жүйесі ретінде ХХ ғасырдың басында пайда болған қоғамдық ғылымдардың элита теориясы бұрынан қалыптасқан дәстүрлі тарихи танымды тың соқпаққа жетелейді.Элита қоғамдық өмірді өзінің бастамшылдығмен,тұлғалық ерекшелігі, кәсіпқойлық сапасымен танылатын адамдар тобы дер болсақ, ол топтың саяси әрекеті ғылыми талдаудан өткізілгенде қоғамдық құбылыстар мен тарихи оқиғалардың даму заңдылығын жаңа қырынан танып, білуді жеңілдетеді. Толығырақ »

Кеңестік шығармашылық интеллигенцияның пайда болуының алғышарттары

Кеңестік шығармашылық интеллигенцияның пайда болуы туралы қазақша реферат

Қазан төңкерісінен кейін қазақтың кеңестік интеллигенциясының пайда болып, өсуінің басты алғышарты — саяси биліктің Ленин бастаған коммунистік партияның қолына көшуі болды. Бүкіл Ресейде — метрополия мен отарларда біркелкі әкімшілдік — әміршілдік басқару жүйесі, әскери күшке сүйенген казармалық тәртіп орнатыла бастады. Билік басына келгеннен соң большевиктер бастапқыда қазақтың ұлттық шығармашылық интеллигенциясын қажет етпеді, тіпті оның өкілдеріне тиісті көңіл де бөлмеді. Азамат соғысы жылдары ақтардан босатылған жерлерде қазақтарды өз жағына тарту үшін олардың сауаттыларын, беделді- адамдарын кеңестік — партиялық қызметке шақырды. 1919 жылы Алашорда қайраткерлеріне кешірім жасалып, Ахмет Байтұрсынов бастаған ұлт зиялылары Коммунистік партия мүшелігіне кіріп, оқу — ағарту, мәдениет, баспасөз істерімен қызу айналыса бастады. Толығырақ »