Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты

Бірінші дүние жүзілік соғыстың соңғы кезеңіндегі Германиядағы саяси дағдарыс

Билеуші топтар дағдарысы одан әрі күштерірек бола түсті фракцияаралық комитетте үкіметтің ұйымдасуы жайлы сөз айта бастады,М.Эруберпер бірінші болып келетін оның құрамына социал-демократтар кіреді деген ойын білдірді.

Бірінші күннен кейін олар ұлттық қорғаныс үкіметінің мүмкіншіліктерімен ұлттық қорғаныс жайлы сөз қылды. Социал-демократтардың «Отанды құтқарушылар» рөлін орындауы өте орынды еді. Толығырақ »

Германияның революция қарсаңындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің билеуші топтары өзхалықтарының революциялық қозғалысына соғыс кедергі болады деп ойлаған еді. Алайда соғыс бірқатар елдердің жағдайын нашарлатып жіберді. Соғыс қимылдарының бірінші айларында-ақ Германия әскерлерінің авантюристік есептерінің сыры мәлім болды. Екі майданда соғысу өте ауыр еді.Бірақ та неміс армиясы Парижден 40 шақырым Марну ауданына жетті, қан төгіскен соғыстан кейін олардың кейін шегінуіне тура келді.

Шығыстағы майданның жетістіктеріне қарамастан Германия және оның одақтастары Россияны қатардан шығара алмады. 1915 жылы күзде шығыста майдан қалпына келді. Толығырақ »

Италия және Германия фашизмдерінің өзіндік ерекшеліктері

Екі дүниежүзілік соғыс арасында Еуропада саяси режимдердің негізгі екі түрі өмір сүрді: қоғамдық дамудың авторитарлық- тотаритарлық үлгісімен либералдық-демократиялық үлгісі.

Тотаритарлық үлгінің толық логикалық шыңына жеткен көрінісі алдымен Италияда, кейінірек Германияда(нацизм түрінде) және Испания мен Португалияда (ибериялық нұсқа) орнатылған фашисттік режимдер болды. Толығырақ »

Фашизмге қарсылықтың ұйымдастырылуы және фашистік режимнің күйреуі

1942 жылы Муссолини ауырып жатқан кезде оның айналасындағылар мен король маңайындағылар арасында Италияның соғыстан шығуы туралы ой тарады. Ал Германияның жеңілетіні 1943 жылы көктемде анықталғанда, Италияда Муссолиниді құлатуға дайындалған екі топ құрылды. Біріншісі -жоғары қызметінен айырылған, Муссолиниді жек көретіндер Д.Гранди. Дж.Боттан, Г.Чано сияктылардан құрылды. Олардың бағдарламасы толық анықталмай, «фашизм — Муссолинисіз» деген формулаға сайды. Екіншісі -бас штабтың жаңа бастығы Амброзио басқарған монархистік көңіл-күйдегі шенеуніктерден құрылды. Олардың мақсаты өкімет басына монархияны қалпына келтіру.[38] Екі топ та төңкерісті жасауда үлкен роль атқарған финанс-өнеркәсіптік топтармен тығыз байланыста болды. Толығырақ »

Италияның Кеңес Одағына жасаған шабуылы және Италияның әскери жеңілісі

1941 жылдың алғашқы айларында Италияның өзіне тиесілі «параллельдік соғысты» жүргізу мүмкіндігі туралы иллюзия толық жойылды. Гитлер 1941 жылы қаңтардың соңында Муссолиниге Германия Грециядағы соғысқа араласады және Солтүстік Африкаға әскер жібереді деп мәлімдеді. Оның астарында Гитлердің итальян фашистік әскеріне сенімсіздігі жатыр еді, Муссолини еш қарсылық көрсете алмады. Неміс дивизиясы Югославияны алған соң, Грецияда итальян әскері 13 наурызда шабуылға шыға бастады. Немістер гректерге тылдан соққы берді. 24 сәуірде Греция тізе бүкті. Югославияны капитуляциялауға итальян корпусы қатысқан болатын. Осыған жауап ретінде Муссолини Словенияның бір бөлігін, Дальмацияның жағалауын алды. Итальян әскерінің өз күшімен үлкен аймақта соғыс жүргізе алмайтыны айқын болды. Толығырақ »

Италиядағы қабаттас соғыс

4 ақпан 1939 жылы Муссолини Үлкен фашистік кеңесте сөйлеген сөзінде Италияның сыртқы саясатының «таяу және одан арғы жылдарға» арналған перспективаларын анықтады. Италия Албаниядан басқа Еуропа территориясына мүдделі емес, басты мақсаты мұхитқа шығу үшін сол жолдағы кедергілерді жою қажет деп көрсетті. Үнді мұхитына Сурдан, Ливия, Атлантқа француздық солтүстік Африка арқылы ғана шығуға болады. 1939 жылы итальян әскері қару-жарақ, тактикасы жағынан Эфиопияға соғыс жүргізген жағдайында қалып қойды. Әскери бюджет өссе де, еш жаңалық енгізілмеді. 1 тамыз 1939 жылға қарай итальян әскері 67 дивизиядан тұрды. Муссолини авиацияға ерекше назар аударды. Толығырақ »

Екінші дүниежүзілік соғыстың алдындағы фашистік режим

Сол кезеңдегі «Маттеотти ісіне» және фашизмнің «екінші толқынына» тоқталатын болсақ, Думини бастаған фашистер 1924 жылы 10 маусымда парламентте фашистердің сайлау барысында іс-әрекетін әшкерелеп сөз сөйлеген депутат-социалист Маттеоттиді өлтірді. Парламентте фашизмге оппозициялық топтар өкілдері Маттеотти өлімі туралы өзара кеңесуге жиналды. Оған үш жұмысшы партиясының парламенттік УСП, ИСП, КПИ сияқты топтары, Халықтық партия, Республикандық партия, «Конституциялық оппозия» және «Әлеуметтік демократия» топ мүшелері қатысты. Олар 14 маусымда өздерінің Маттеотти ісі анықталғанша палата жұмысына, парламент ісіне араласпайтындығын көрсеткен резолюция қабылдады. Бұл Авентин оппозициясының бастамасын салды. Фашистік емес топтардың парламенттен кетуі Муссолиниді парламент сесиясы жұмысын тоқтатуға мәжбүр етті. Толығырақ »

Отызыншы жылдардың басындағы фашизмге қарсы қозғалыс

1920 жылдың соңынан монополистік буржуазия жұмысшылардың қозғалысын аяусыз басуға кірісті. Джолитти үкіметі фашистерді үнемі қолдап отырды. Фашистік ұйымдар қатары кулактар, помещиктер, шовинистік ниеттегі ұсақ буржуазиялық элементтер арқылы толыға берді. Қаруланған фашистік бандалар жұмысшы белсенділерін ұрып-соқты, өлтірді, жұмысшы ұйымдарының үйлерін бұзды, өртеді, муниципалитет            сайлау    солшылдармен біріккен фашистер парламентке 35 кандидат ғана өткізе алды, ал социалистер мен коммунистер  138 және Халық партиясы 108 орын алды. Сайлаудың нәтижесі Джолиттидің үлкен жеңілісі еді.[19] Маусымның соңында ол отставкаға кетті. Оның орнына Джолитти тұсында соғыс министрі болған және қарулы фашистік отрядтардың калыптасуына ат салысқан, бұрынғы социалист Бономи отырды. Толығырақ »

Әлемдік экономикалық дағдарыс және Италиядағы жағдай

Бірінші дүниежүзілік соғыста Италия үкіметі бұлтақ саясат ұстап, 1915 жылы бұрынғы өзінің одақтастарына қарсы, яғни Үштік Одаққа қарсы Антанта жағында соғысты. Сол кездегі Италия мемлекетінің жай-күйі әскеріне ықпал етпей қоймады. Уақыт талабына сай дайындалмай соғысқа кірген итальян әскері майдан даласында бір жеңілістен екінші жеңіліске ұшырады да, соғысқа елеулі үлес қоса алмады. Оның дәрменсіздігін Антанта елдері елемей қойған жоқ. Осылайша Италия үкіметінің Антанта елдеріне сүйене отырып, үлкен территорияны иемдену, халықаралық позициясын нығайту мақсаты орындалмады. Ұзақ соғыс Италияны қанға бөктірді. Антанта елдері Италияны өзіне тең санаған жоқ. Италияға Трентино (Оңтүстік Тироль), Истрия, Триест жері ғана берілді. Аз ғана жерге ие болды, мүддесі орындалмады. Италия «жеңгендердің ішінде жеңілген мемлекет» болып қала берді. Толығырақ »

Жұмысшылар қозғалысындағы жаңа оқиғалар және мемлекеттің фашистенуінің аяқталуы

1921 жылы жалпы шаруа ортасынан соғыс кезінде байып шыға келген меншік иелерін бөлу процесі өтті. Жағдайын жақсартып алған шаруалар аграрлық бірлестіктер құра бастады. Өздерінің жерін қорғау үшін өзін өзі қорғау отрядтарын жасақтай бастады.

Жерді өңдейтін адам алу керек деген лозунгымен фашистер саяси, кәсіподақтық және кооперативтік ұйымдарды тонап өртей бастады. 1921 жылғы деревняларды қирату аграрлық фашизм деп аталды. Ал қалаларда фашистерге пролетариаттардың ұйымдасқан көпшілігі  қарсы тұра бастады. Соның өзінде оларға да фашистер тарапынан қиянат жасалынды. Атап айтсақ, 1921 жылдың алғашқы жарты жылдығының өзінде фашистер еңбекшілер ұйымының 726 ғимаратын (социалистік және коммунистік партиялардың секцияларын, кәсіподақтарды, кооперативтерді, газет редакцияларын т.б.) талқандап тонады. Бұрыш-бұрышта фашистердің адамдарды өлтіріп кетуі, демонстрацияларға шабуыл жасау, қорқытып-үркіту т.б. жаппай орын ала бастады . Толығырақ »