Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты

Столыпин реформасы және қазақ шаруаларының тағдыры

 Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім.

Жер пайдалану жүйесі және аграрлық мәселенің шиеленісуі.

Столыпин аграрлық реформасының зардаптары.

3. Қорытынды.

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Толығырақ »

Салқам Жәңгір хан (1608 – 1680)

Жәңгір хан – батыр, қолбасы, Есім ханның баласы. 1645-1652 жылдары хандық құрды. Бұл кезең қазақ тарихында қазақ-жоңғар соғысының аумалы-төкпелі кезі еді. Бұл соғыс, әсіресе қазақтарға өте ауыр тиді. 1635 жылы Жәңгір ханның еліне қалмақтар шабуыл жасап, Жәңгір айналасындағы адамдармен қолға түсіп қалады. Жеті жылдай тұтқында болады. Қалмақтардың әскери тактикасын молынан игереді. Кейін біраз серіктерімен еліне оралып, Қазақ хандығының билігін өз қолына алады. Толығырақ »

Өтеген батыр (1699-1773)

Өмірбаяны 

XVIII ғасырдың 1-жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры

XVIII ғасырдың 1-жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан. Бабасы Сырымбет 1635 жылы Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа араласқан.  Толығырақ »

Нұрсултан Назарбаевтың тәуелсіз казакстанның экономикасының құрылу стратегиясындағы рөлі

Тәуелсiздiк алған алғашқы күннен бастап бiз сiздермен бiрге дәйектiлiкпен құрып жатқан Жаңа Қазақстан өзiнiң дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдiк қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткiзе отырып, алға қарай нық сенiммен iлгерiлеп келедi.
Бүгiнде экономика мен өз мемлекеттiлiгiмiздiң берiк iргетасын қамтамасыз етiп, бiз қағидаттық жаңа кезеңге сенiмдi қадам бастық. Мұның өзi Қазақстанның одан әрi дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтiк, саяси және әкiмшiлiк негiзге қоюға мүмкiндiк бередi.
Толығырақ »

Сақ тайпаларының әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы

Сақ тайпаларының әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы. Қазақ мемлекеттігінің түп-тамырын зерттеуді сақ, үйсін, каңлы және ғұн тайпаларының әлеуметтік құрылымынан бастаған жөн. Ғылымда бұл көшпелі тайпалардың әлеуметтік құрылымы аз зерттелген.

Сақтар мен үйсіндер өмір сүрген (б.з.д.VIII ғ.- б. з. V ғ.) көшпелі қоғамда малға жекеменшіктің шығуына байланысты қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді. Сөйтіп, мемлекеттік құрылымның пайда болуы жүзеге асты. Толығырақ »

Бірінші дүниежүзілік соғыс

БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ШЫҒУ СЕБЕПІЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ 

Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. ХХ ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиелеңісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүиие жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға   шықты. Толығырақ »

Әлия, Мәншүк, Хиуаз

 Сұрапыл соғыс жылдары етік киген ер азаматтарға бергісіз ерлікке барған осындай қаракөз қазақ қыздарының батылдығын, батырлығын әсірелеп, әспеттеудің қажеті де жоқ шығар. Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі.

Елімізге сіңірген ерен еңбегі,Отан қорғауда, азаматтардың өмірін қауіпсіздендіру барысында ерлік көрсеткені, Қазақстанның бостандығы мен Тәуелсіздігі жолында аянбай күрескені үшін берілетін «Халық қаһарманы» жоғары атағы 1993 жылы Елбасы заңымен бекітілген болатын. Толығырақ »

Жауға қарсы аттанған батыр қыздар

1943 жылы мамыр айында Алматыдан 185 қыз майданға аттанған. Олардың iшiнде 73 қазақ қыздары болған. Осы тұста Орал облысынан бiр топ мұғалiм әйелдер мен медицина қызметкерлерi майданға аттанды. Дәрiгер Роза Момынова, мұғалiм Ағипа Кенжеғалиева, полиграфистер Ғалия Үмбеталиева мен Нәпия Дәулетқалиева, Қараоба орта мектебiнiң мұғалiмi Майра Махатова, темiржолшы Жәмия Ғилажова, кинофикация қызметкерi Ғарифа Рахметова және басқа да ондаған Жайық өңiрiнiң қыздары соғыс басталғанда майданға өз ерiктерiмен аттанған алғашқы қарлығаштар болатын. Қазақстандық қыз-келiншектер Қиыр Солтүстiкте де, Карелияның омбы қарында да, Смоленск өңiрiнiң қалың ну орманында да, Қап тауларында, Қара теңiз жағалауында, Украина мен Белоруссия қалаларында,Мәскеу, Ленинград, Сталинград үшiн болған шайқастарда батырлықтың, шабандылықтың Отанға шексiз берiлгендiктiң жарқын үлгiлерiн көрсеттi. Толығырақ »

Қазақ қыздары соғыста және тарихи сандар

Сан қилы саяси және әлеуметтiк қайшылықтармен өткен ХХ-ғасыр адамзат санасында жойқын соғыстарымен де сақталары сөзсiз. Өйткенi, бiр ғана Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың өзi қаншама ұрпақты қайғы-қасiретке душар еттi. Жалпы, үлкен тарих тұрғысынан алғанда азғантай мерзiм болғанымен ұзақтығы жағынан төрт жылға жуық, нақтылап айтқанда 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысы өзiнiң ауқымы мен қилы-қилы оқиғалары жағынан тұтас бiр дәуiрге тең. Өйткенi, бұл соғыс сан миллион адамдардың өмiрiн қиған, жер бетiнде бұрын-соңды болмаған ең зардапты, әрi қантөгiстi зор соғыстың бiрi болған едi. Толығырақ »

Батырлардың әлеуметтік табиғаты туралы сұрағы бойынша (ХІХ ғ.)

Соңғы уақытқа дейін қазақ фольклорын танушы тарихшылар мен әдебиеттшілердің арасында батырлардың әлеуметтік бейнесі жөнінде сұрақтарға ғылымда қайшы көзқарастар орын алған.

Тарихи фактілерге қарамастан, батырлық-эпостық жырлардағы барлық қазақтың батырлары еңбекші халықтың мүддесін ғана қорғаушылар қатарына жатқызылып келген. Батырлардың әлеуметтік табиғаты жөнінде мұндай талқылаулар маркстік-лениндік түсінікпен қоғамдық-тарихи процесте еш бір қатынасы жоқ екені көрініп-ақ тұр. Толығырақ »