Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты

Ирандағы Ислам төңкерісі

Ирандағы Ислам төңкерісі туралы қазақша реферат

37 жылға созылған Шах билігінің сыртқы саясаты сол кезеңдегі саяси-қоғамдық өзгерістермен тікелей байланысты болды. Алғашқы 13 жылда (1941-1953 жж) мемлекеттік істерде премьер-министрлердің билігі үстем болуы салдарынан патшалық жүйенің негіздері әлсіреп, Мұхаммед Реза Шахтың нақтылы өзіндік сыртқы саясаты болмады.

Зәка-ол Молк Форуғи, Қәвам-әл Сәлтәне, Хосейн Әла, Дариуш Хажир, Рәзмара үкімет тұтқасын ұстап тұрған кезде Иран сыртқы саясатты негізінен Британия ықпалында болып келді. Толығырақ »

1960-1963 жылдардағы Ирандағы саяси оқиғалар

1960-1963 жылдардағы Ирандағы саяси оқиғалар туралы қазақша реферат

1960 жылы Иран экономикалық дағдарысқа ұшырады. Шахтың пасықтығы мен оның өз орнына лайықты еместігі АҚШ-тың көзі жетті. Кеңес Одағы да Шахпен ашық жауластыққа бара бастады. Сол жылы жазда Мәжіліс өз мерзімін аяқтамастан бұрын таратылып, Иқбал премьер-министрлік қызметінен босатылды. Оның орнына Жафар Имами келді. Бір топ саясаткерлер өзінің саяси жоспарларында жер реформасын сөз еткен Әли Әмини маңына жиналды. Осындай оқиғалар барысы Шахты премьер-министрлікке Әли Әминді тағайындауға мәжбүр етті. Оның АҚШ қолдауына ие болуы Шахтың мазасын кетірді. Толығырақ »

Аятолла Хомейнидің өмірбаяны

Аятолла Хомейни туралы қазақша реферат

Имам Рухулла ал-Мусави ал-Хомейни 1902 жылы 24 қыркүйекте Тегераннан оңтүстік-батысқа қарай 100 шақырым жерде орналасқан Хумайна қаласында қатаң діни дәстүр ұстанған жанұяда дүниеге келген.

Хомейнидің әкесі мен атасы діни ғұламалар болған. Атасы Саид Ахмад ал-Хинди атымен белгілі болған, олай аталу себебі өмірінің жартысын Үндістанда өткізген, онда туыстары осы күнге дейін өмір сүреді. Әкесі Аятолла Мустафа Рухулла туылғаннан кейін 5 ай болғанда қарақшылардың қолында өлтірілген. Сондықтан оның тәрбиесімен анасы және анасының әпкесі айналысты. 16 жасында бір жылдың ішінде ол анасынан да, әпкесінен де айырылады, оның тәрбиесімен үлкен ағасы Саид Мұртаза айналысты. Толығырақ »

Иран халқының мұнай өндірісін ұлттандыру үшін күресі

Иран халқының мұнай өндірісін ұлттандыру үшін күресі туралы қазақша реферат

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Иран ішкі мәселелерін реттеп, “халықаралық істерге көңіл бөле  бастады. Қырқыншы жылдың соңынан бастап шах үкіметі АҚШ-на қарай бағыт алды. Екі ел арасындағы қатынастардың жаңа кезеңі Трумэн доктринасының “төртінші бабын” іске асырумен байланысты басталды.

1946 жылы 26 қаңтарда үкімет басына Кәвам әл-Сәлтане елгеннен кейін Тегеран ішкі және сыртқы проблемаларын шешудегі тактикасын өзгертті. Жаңа үкімет КСРО-мен қатынастарды реттеунеге, прогрессивті реформалар жүргзуге, режимді демократияландыруға  уәде берді. Ал басты мақсаты етіп Кеңестік әскерді тез арада шығарып, прогрессивті күштерді репрессиялауды қойды. Толығырақ »

Жапония елінің экономикасы

Жапония елінің экономикасы туралы қазақша реферат

Япония елінің әлемдік экономикалық держава қатарына қысқа мерзім ішінде шығуына елдің, негізгі мақсаты ұлттық құндылығымен шетел жетістіктері және тәжиребелерге арнайы жағдайда жоғары дәріжеде бейімделуі болған майысқан экономикалық саясат жүргізуі себеп болды.

Пропорция жағынан жоспар мен нарықтың сәйкес келуі оптималды және эффективті экономикалық саясатты немесе жапондықтардың өзі атағандай ”индустриялды саясатты” жүргізуге мүмкіндік берді. Бұл саясатта екі негізгі элемент болды біреуі – бөлек өндіріс орындар дәрежесінде менеджмент, техника мен технологияны және жаңашыл ғылыми тетістіктерді еңізу жолы арқылы өндірісті райионалдандыру (микродәрежеде) және екіншісі – бүкіл экономика үшін эффективті бағаттағы, өнеркәсіпте құрылымдық қайта болды (макродәрежеде) 48. Толығырақ »

Жапонияның шет елдерімен қарым қатынасы

Жапонияның шет елдерімен қарым қатынасы туралы қазақша реферат

1970–1980-шы ж.ж. басынан бастап экономикалық өсуінің жоғарғы қарқына бір жарым он жылдықтан кейін капитализм экономикасының шиеністер жолына түсті. Мишдат пен ендігетикалық дағудысы нәтижесінен шиеленіскен ұзақ алдыңғы қатарлы капиталистік елдердегі шаруашылықтың шиеленісуін тұғызды. Басқа елдерден көрі шикізат пен отын тауларының импортынан тәуелді болған Жапонияға да бұл дағдарыстың терең соңқысы тиді. 1970–1980-ші ж.ж. Жапон экономикалық дамуымен жапон – американ қатым-қатынасының ерекшеліктерімен және қатты бақталас күресімен анықталған жапон тауарларының АҚШ -қа ағылуы өзара тауар айналымен салыстыру кезінде айқындалатын нәтижеге әкелді. 1970–1980-ші ж.ж. АҚШ – тағы Жапон экспорты 3,3 есе импорт 2,2 есе өсті және 1970– ші ж.ж. екінші жартысында экспорттың өсу қарқына импорттан жоғары болды38. Толығырақ »

1950-1970- ші ж.ж. экономикалық даму процестері

Кореядаға соғыс, дағдарыстығ шетінде тұурған Жапон экономикасының соғыстан кеінгі қалпына келтіру мен өсіунде үлкен роль ойнады. Бұо соғыс Жапонияның Онтүстік – Шиғыс Азиядаға агрессияда Ақштың одақтасы ретінде позициясын кушейті. Қару – жараұұа, әскери материалдарға, азық түлік жіне т.б. тауларға, монымен қатар әскери тасымалдау мен қызметке соғыс кезіндегі үлкен сұраныс жапон экономикасында әскери – инфляциялық жарылысты туғызды. Толығырақ »

Елдің шаруашылығын қалпына келтіру және шет елдер саясаты

Елдің шаруашылығын қалпына келтіру және шет елдер саясаты туралы қазақша реферат

Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілуі жапон империализмінің экономикалық және ішкі саяси позицияларын бұзды. Бірақта американ империализміне сүйене отырып, антигитлерлік коалицияның тигізген соққыдан қалпына келіп, өз күшін одан әрі күшейтуге көшті.

Соғыстан кейінгі жапон тарихындағы оккупацияның ерекшелігі, елдегі жоғарғы билік америка оккупациялық армияның қолында бола тұрса да, одақтас державалар атынан шыққан АҚШ, билікті тікелей емес, керісінше билеуші таптың мүддесін көздеген, жапон үкіметі арқылы жүргізді. Толығырақ »

Салық саясаты 1929-1933 жылдардағы жеке меншікті жою мен зорлап коллективтендіру құралы

Ұсақ жеке меншікті ауыл шаруашылығынан жедел индустрияландыруға қаржы алу жаңа экономикалық саясат кезіндегі рыноктық товар алмасу жағдайында мүмкін еместігін 1927-28 жылдың күзі мен қысындағы азық-түлік дағдарысы дәлелдеп берді.

Сталин бастаған партия басшылығы ауыл шаруашылығын біртіндеп коллективтендіру бағытын мақұлдаған XVсъезд шешімдерінен бас тартып, ұсақ шаруа шаруашылықтарын жоюға және қоғамдық меншікті қалыптастыруға кірісті. 1928 жылы астық дайындау барысындағы зорлық, әкімшіл-әміршіл әдістердің жалғасы ретінде Казақстанда ірі байларды меншіктерінен айырудың, яғни конфискациялаудың жүзеге асқаны белгілі. 1928-1929жылдары колхоздар құрудың экономикалық ынталандыру әдістерімен (ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасын нығайту, МТС (машина-трактор станциялары) станцияларын кұру, қарыз-несие беру жүйесі) қатар, енді қысым механизмдері іске қосылды. Осындай қысым шараларының бір бағыты салық саясат арқылы жүзеге асты. Толығырақ »

1927-1928 жылдардағы астық дағдарысы кезіндегі салық пен әлеуметтік-экономикалық жағдай

 Жаңа экономикалық саясат рыноктық қатынастарды дамытып, жеке ынталандыру, шаруашылық еркіндігі мен демократиялық потенциалды жандандырды. Уақытша табысқа алданған өкімет социалистік құрылысты Ленин жоспарлағандай ұзақ мерзімге емес, тез арада орнату бағытын басшылықка алып, жедел индустрияландыруға кірісті. Өйткені экономикадағы рыноктық қатынастардың дамуы мен меншіктің көптүрлігіне мемлекеттің түрі пролетариат диктатурасы, сәйкес келмеді. Сөйтіп, жаңа экономикалық саясат Кеңес өкіметінің түпкі мақсаттарымен -үйлеспеді. Ең басты кедергі — Ресейдің өнеркәсіп жағынан артта қалуын жою мақсатында жүзеге асқан индустрияландыруды қаржыландыру — халықаралық экономикалық блокада жағдайында тек ішкі мүмкіндіктерге ғана негізделді. Толығырақ »