‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты
Ақсу-Жабағылы қорығы
Ақсу-Жабағылы қорығы туралы қазақша реферат
“АҚСУЫМ – АРЫМДАЙ, ЖАБАҒЫЛЫМ – ЖАНЫМДАЙ…”
“Парижде болдым – Париж түсіме кірмеді. Мысырда болдым – Мысыр түсіме кірмеді. Қытай, Моңғолстан, Үндістан, Пәкстан, Иран бардым. Мұхиттың арғы бетіндегі Техаста, Чикагода, Нью-Йоркте болдым – олар да түсіме кірмеді. Баяғыда Мәскеуде бес жыл оқыдым – оны да түсімде көрмедім … Түсіме күн сайын Мыңбұлақ кіреді. Түсімде Ақсу-Жабағылыны көремін”. Шерхан МҰРТАЗА Толығырақ »
Қазақ жырауларының атасы болған — Алтын Орданың Сыпыра жырауы
Сыпыра жырау туралы қазақша реферат
Сыпыра жырау (туған — өлген жылдары белгісіз) – Дешті Қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, барабы, құрдақ, қырым татарларына ортақ тұлға. Оның жырлары бізде өз атымен жетпеген, толғаулары «Құбығұл», «Едіге би», «Тоқтамыс ханның хикаяты» аңыз-әңгімелер мен «Ер Тарғын», «Едіге батыр» эпикалық жырларында сақталған. Қазақ зерттеушілері Сыпыра жырауды ноғайлы дәуірінен жеткен көптеген эпикалық жырлардың бірден-бір авторы санайды. Қазақ аңыздары мен батырлар жырында жырау ел бірлігін көздеген дана ретінде суреттеледі, бірде 120, бірде 180 жасаған, көпті көрген тәжірибелі қарт кейпінде көрінеді. Толығырақ »
“Байқоңыр” космодромы
“Байқоңыр” космодромы туралы қазақша реферат
Кіріспе
Қазақстан экологтары біздің жерімізде қазір 21млн тонна өнеркәсіп қалдығы жиналып қалғанын айтып, дабыл қағуда. Соның 30 млн-ы – радиоактивті қалдықтар.
2004 жылы 9-10 қаңтарда болған Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға сапары кезінде “Байқоңыр” ғарыш айлағын жалға алу мерзімін 50 жылға ұзарту және оны екі жақтың бірлесіп пайдалануы жөнінде ортақ келісімге қол жеткізді. Толығырақ »
Ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті
Ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті туралы қазақша реферат
Рулық құрылыс ыдырауы дәуірінің қауырт өскен экономикалық және әлеуметтік процестері тиісті білімдер негіздерін одан әрі өсуі жол ашты. Егіншіліктің, әсіресе ирригация егіншілігінің дамуы күнтізбені, демек астрономиялық байқауларды реттеуді талап етті. Алғашқы күнтізбелер, әдетте, айлық күнтізбелер еді, бір айлық жыл күндік жылмен сай келеді, бұл да математикалық білімдердің дамуына түрткі салды. Толығырақ »
Тас дәуіріндегі Қазақстан
Тас дәуіріндегі Қазақстан туралы қазақша реферат
Археологиялық кезеңдестірілуі: палеолит, мезолит, неолит. Мезолиттегі микролиттік индустрия. Пайдаланушыдан өндірушіге өту. Еңбек құралдарының дамуы, техногенез. Бірінші және екінші энергетикалық революция: отты қолдана бастау және доместикация. Палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері. Мезолит, неолит, энеолит дәуірілерінің Қазақстан террториясындағы археологиялық мәдениеттері. Толығырақ »
Социогенез немесе адамзат қоғамының дамуы
Социогенез немесе адамзат қоғамының дамуы туралы қазақша реферат
«Алғашқы адамдар тобыры» немесе «көне қауым» адамның жануарлар әлемінен бөлініп шығуымен бір мезгілде пайда болды. «Көне қауым» тұрақсыз құрылым болды, сол себептен біртіндеп қоғамдық ұйымның неғұрлым берік формасына орын бере бастады. Өйткені тұрақты иерархиялық бірлестіктер өмір сүру үшін неғұрлым сәттірек күресе алатын еді. Бұл форма аналық ру болды. Әлеуметтік байланыстарды нығайту үшін шынайы негіз — стихиялы пайда болған қандас туыстық байланыстар қолданылды, бұл туыстық тек аналық жағынан ғана бекітілді деп шамалауға болады. Толығырақ »
Антропогенез немесе адамның қалыптасуы
Антропогенез немесе адамның қалыптасуы
Антропологияның негізгі мәселесі адамның шығуы мен қалыптасуы болып табылады. Антропологияның адамның шығу тегін зерттейтін саласы антропогенез (грек. аntropos – адам, genesis – шығуы) деп аталады. Қазіргі кезде адамның пайда болуы туралы бірнеше пікірлер бар: діни теория бойынша ғаламды, жерді, барлық тіршілікті Құдай жаратқан, ал космостық теорияның өкілдері жер бетіне адамдар басқа планетадан ұшып келген деп жорамалдайды. Үшінші пікір, ең кең тараған гипотезаның бірі – Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы. Енді оған нақтылап тоқтала кетсек. Толығырақ »
Ұлы жібек жолы
Ұлы жібек жолы туралы қазақша реферат
«Ұлы жібек жолы» — жерорта тенізінен Кытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жаткан керуен жолдарынын тоғыскан токсан торабы,ал сонау ежелгі дәуірдегі орта ғасырдағы осы аймақтардың сауда және мәдени байланыстарының тұсауын кескен аса маңызды қатынас жолы. Жібек жолы елшіліктің және сауда саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастаған. Міне сонау ықылым замандарда адамзаттың араласуына, етене танысуына көп септігі тиген ұлы сүрлеу әлі де ұмытыла қойған жоқ. Тіпті осы жолдың бойындағы кез келген елде Жібек жолы деген атауларды кездестіретініңіз айқын. Толығырақ »
Оғыз мемлекеті
Оғыз мемлекеті туралы қазақша реферат
Кіріспе
Тарихта қандай да бір мемлекет болмасын міндетті түрде оның белгілі бір пайда болуы мен қалыптасу тарихы болатыны белгілі.
Қазіргі Қазақстан аумағында ежелгі дәуірден бастап тайпалық одақтар мен мемлекеттік бірлестіктер болғандығы белгілі. Кез келген мемлекеттің құраушы азаматтары мен сол халықты құраушы этникалық бірлестік топтары болады. Біз қарастырып отырған Оғыз мемлекетінің де белгілі дәрежеде қалыптасу тарихы мен дамуымен қатар оғыз мемлекетін құраушы этникалық топтарда болды. Толығырақ »
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы туралы қазақша реферат
Кіріспе
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты «Жібек жолы» атанғаны түсінікті. Ал «Ұлы» сөзінің оған қосылуы жолдың кең байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстыруы. Сондықтан бұл жол «Ұлы Жібек жолы» деп аталды.