Социогенез немесе адамзат қоғамының дамуы туралы қазақша реферат

«Алғашқы адамдар тобыры» немесе «көне қауым» адамның жануарлар әлемінен бөлініп шығуымен бір мезгілде пайда болды. «Көне қауым» тұрақсыз құрылым болды, сол себептен біртіндеп қоғамдық ұйымның неғұрлым берік формасына орын бере бастады. Өйткені тұрақты иерархиялық бірлестіктер өмір сүру үшін неғұрлым сәттірек күресе алатын еді. Бұл форма аналық ру болды. Әлеуметтік байланыстарды нығайту үшін шынайы негіз —  стихиялы пайда болған қандас туыстық байланыстар қолданылды, бұл туыстық тек аналық жағынан ғана бекітілді деп шамалауға болады. Рулық құрылысқа көшуді археологиялық мәліметтер де дәлелдейді (ұжымдық тұрғын-жайлар). Рудың аса маңызды белгісі эндогамия, яғни, ру ішіндегі некелік қатынастарға тыйым салу болды. Біртіндеп, жеке ұйымдар-екі экзогамды рулардың бір тұрақты өзара некелік қарым-қатынасы бар эндогамиялық тайпаға бірігіуі пайда болды. Некенің бастапқы формасы — топтық неке, бұл кезде рудың барлық мүшелері (жігіттері) екінші рудың мүшелерімен (қыздарымен) некеге тұруға құқылы және тиісті болды. Біртіндеп некелік қатынастардың дамуы жұптық некенің қалыптасуына әкелді.

Біртіндеп көне қауымда болған табиғи еңбек бөлінісі одан әрі дами түсті. Ерлер-аңшылар, әйелдер-терімшілер және үйдегі ошақтың қамқоршысы болды, балалар мен қариялар еңбекке қабілетті туыстарына қолғабыс етті. Қариялар,  әдетте, ұжымдық тәжірибені сақтаушылар есебінде және еңбек құралдарын дайындауға белсене араласты. Осы мамандану еңбек өнімділігінің артуына ықпал етті,  бүкіл қауымға терең із қалдырған және айқын құрылым берген жыныстық — жас мөлшеріне негізделген бөліністерге әкеп соқтырды. Инициациялар деп жасөспірімдердің ересектер қатарына өту межесін білдіретін салттардың кешенін атайды.

Ұжымдық еңбек пен өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болған алғашқы қауымының қоғам неолит дәуірінде жаңа құрылымға ие болды. Тайпалардың өз атауы, территориясы, диалектісі және басқа да ерекшеліктері болды. Неолитте адамзат алғашқы жасанды материал- қыш-ыдыстарды (керамиканы) даярлауды үйренді. Неолит барлық жағынан революциялық дәуір болып табылады. Бұл кезде шаруашылықтың өнімді формалары: егіншілік пен малшылық пайда болды. Неолит дәуірінде бүкіл Қазақстанның территориясын аңшылық өмір салтынан жылқышылыққа, ежелгі металлургия мен егіншілікке өте бастаған кішігірім жауынгер тайпалар тығыз қоныстанды.
Тағы рефераттар