‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты
Михаил Михайлович Катаев
1903 жылы Павлодар облысы, Қашыр ауданы, Осьмерыжск ауылында дүниеге келеді. Ұлты орыс. Бала күнінде қаражат тапшылығынан бастауыш мектепті аяқтауға ғана мүмкіндігі болды. 1925 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Оңтүстік шекарадағы басмачтық бандалардан тазарту үшін кавалериялық әскер құрамында әскери міндетін орындады. 1927 жылы әскер қатарынан келген соң ауылдастары М.М. Катаевты ауылдың төрағасы етіп сайлайды. Толығырақ »
Қанаш Камзин
Қанаш Камзин 1919 жылы 29 қарашада қазіргі Ақсу ауданы Жолқұдық ауылында дүниеге келген. Әкес-шешесінен ерте айырылған ол үлкен ағасының қамқорлығында өседі, отбасында бұл үшінші баласы еді. Көп ұзамай ағасы Қанышты Павлодар қаласындағы қазақ балалар коммунасына орналастырады. 1936 жылы үздік оқушы ретінде жұмысшы факультетіне жіберіледі, оны бітірген соң ауылға жолдаманың орнына әскери комиссариаттан шақыру қағазы қолына тиеді. Толығырақ »
Сергей Алексеевич Елистратов
1923 жылы Павлодар облысы, Бесқарағай ауданы Кіші Владимировка ауылында (1959 жылдан Семей облысы) шаруа отбасында дүниеге келді. КОКП орыс мүшесі. Қызыл Армия қатарына 1941 жылы шақырылып, кіші командирлер мектебінен дайындық курысын өткеннен кейін майдан даласына аттанады. Сталинград, Орталық, 2-ші Украин майданындағы ұрыстарға қатысқан. Толығырақ »
Андрей Николаевич Елгин
1898 ж. 4-қыркүйекте Максим-Горький ауданының Качиры ауылында шаруа отбасында дүниеге келеді. КОКП орыс мүшесі. Азамат соғысына қатысушы. 1929 ж. колхоз ұйымдастыруға қатысушылардың бірі. Соғыстың алғашқы жылдарында колхоз төрағасының орынбасарлық қызметін атқарады. Қызыл Армия қатарына 1941 жылдың 29 қыркүйегінде шақырылады. Толығырақ »
Алексей Федорович Горобец
Алексей Федорович Горобец1922 жылы 9 наурызда Ертіс ауданы, Корниловка ауылында шаруа отбасында дүниеге келеді. Ұлты Украин. 1959 жылдан КПСС мүшесі. Білімі орта. 1941 жылы Ширяеев аудандық военкаматымен Одесса облысынан шақырылады. Толығырақ »
Иван Васильевич Бабин
Иван Васильевич Бабин 1899 жылы Павлодар облысы Үрілтүб ауданы Железинка селосында кедей шаруа отбасында туған.
Соғысқа дейін туған жері «Железинский» колхозында жұмыс істеп, егіс бригадасының бригадирі болды. Қызыл Армия қатарына 1941 жылдың маусым айының аяғында Үрілтүб ауданының әскери коммисариаты шақырды. Батыр 1944 жылы 13 қыркүйекте Польшаны азат етуде қайтыс болды. Толығырақ »
Аманжол батыр
Ел аузында Аманжол батыр туралы аңызға айналған әңгімелер баршылық. Ол XVIII ғасырда өмір сүрген Түгел батырдың тұңғышы Кенжеғараның Нұржаннан туған немересі екендігін ескерсек, жобасы ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген тәрізді.
Жаздың жаймашуақ күндерінің бірінде Әнжекен (жерлестері осылай атаған екен) есік алдында намазын оқып, жайнамазын жинап болғанда, ауыл сыртында сойыл сүйреткен бір салт аттының өтіп бара жатқанын байқап қалады. Толығырақ »
Жанайдар батыр
Жанайдар Орынбайұлы (шамамен 1818-1870) – Орта жүз құрамындағы Арғын тайпасынан шыққан батыр. 1837 жылы Ақмола дуанына қарайтын Арғын тайпасының Қуандық, Сүйіндік, Төртуыл, Қойлыбай, Қалқаман, Темеш, Тінәлі руларының жасақшыларын бастап Кенесары әскеріне келіп қосылады. Кенесары Ақмола бекіністеріне шабуыл жасар алдында Жанайдарды бас етіп бекіністі барлауға шолғыншылар жібереді. Шабуыл кезінде ерлігімен, мергендігімен көзге түскен Жанайдар ханның сенімді серігі, қолбастаушы батырларының біріне айналады. Толығырақ »
Сейтен мен Тайжан батырлар
Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің басшылары. Баянауылдың әйгілі байы Ақмырзаұлы Азынабайдың балалары. Азынабайға 17 мындай жылқы бітіпті. Ағайынды екі батырдың үлкені Сейтен (шамамен 1800-1840 жылдары) өмір сүрген. Әкесі Азынабай 1838 жылы қайтыс болған соң оның денесін Түркістанға жеткізіп, жерлегеннен кейін Сейтен Кенесары қолына қосылады. Бұл уақытта Сүйіндік руының ішіндегі негізінен Орманшы, Ақбура, Тұлпар және Қаржас-Алтынторы аталарының біраз ауылдары Кенесары жағына ауып қосылады. (Оларды осылай бағыттаған Тайжан еді). Толығырақ »
Жеке батыр (Толабай)
Тарихшы Е.Бекмахановтың өз монографиясында Жеке батыр туралы мағұлыматтарды Ресей архив құжаттары мен М.Жүсіп қолжазбасынан алып пайдаланған көрінеді. М.Ж. Көпеев мұрасында батырдың ата-тегін көрсетіп өткен: «Түп тегі Арғын ішінде өсіп-өнген қырғыз екен, аты Толабай екен, жұрттан бұрын жалғыз қарғып түсті… Жұрттан бөлек, шеттен қарғып түскендіктен Толабайға «Жеке батыр» деген ат сол жолы қойылған». Толығырақ »