Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты

Ағыбай батыр

Ағыбай (1800—1884) Арғынның Шұбыртпалы руынан шыққан атақты батыр. Орта жүз сұлтаны Қенесары Қасымұлының қолбасшыларынын бірі болған. Халық Ағыбайдың батырлығын, ақылын, тапқырлығын, көрегендігін жоғары бағалаған. Ел аузында оның көзі өткірлігі, жітілігі, кеңпейлдігі, сапарда жолы болғыш, жұмыста тынымдылығы аңыз түрінде айтылады. Осы себепті халық оны «Ақжолтай» деп атап кеткен. Омбы губернаторы Ағыбайды патша өкіметіне қызмет етуге шақырады, бірақ ол бұған көнбейді. Ағыбай өмірінің соңғы жылдарын Балқаш көлінің Бетбақдала бетіндегі Ақтау, Қызылтау, Тайатқаншұнақ бөктерінде өткізген (Қазақ Совет Энциклопедиясы — ҚСЭ). Толығырақ »

Үмбетай жырау

Бөгенбай батырдың жақын майдангер серіктерінің бірі, Абылай ханның жырауы Үмбетай Тілеуұлы еді. Үмбетай жаудан беті қайтпаған батыр, сонымен қатар қазақ әскерлерінің жорық жыршысы, тарихшы-жылнамашысы болған. Үмбетайдың шығармашылығымен жақсы таныс болған Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің “Ескі ақындық” атты өлеңінде жыраудың өлен-толғай айту дәстүрін жоғары бағалап мысалға келтіріген:

“Мұны оқыған ұландар,

Үмбетей жырын сынандар! Толығырақ »

Бұқар жырау

ХҮІІІ ғасыр әдебиетіндегі ең көрнекті тұлға- Бұқар жырау. Жыраудың шығармаларын жинастырған Мәшһүр Жүсіптің айтуынша, Бұқар арғын ішінде Төртуыл Қаржастан шыққан. Бұқардың әкесі Қалқаман — батыр болған көрінеді.

Заманының бізге бір табан жақын тұрғанына, өмір сүрген дәуірдегі көптеген тарихи оқиғалар халық жадында жақсы сақталғандығына қарамастан, Қазақтың ескіде өткен басқа ақын-жыраулары сияқты Бұқар өмірі хақында да біздің білеріміз тым тапшы. Жыраудың туған, өлген жылдары жайында да нақты деректер жоқ. Толығырақ »

Жарылғап батыр

Жарылғап Түйтеұлы (шамамен 1733 — ө.ж.б.) – Орта жүз құрамындағы Арғын тайпасының Қаракесек руынан шыққан батыр, би, шешен. «Қарашордада – Сеңкібай, Әлтекеде – Жидебай, Тобықтыда – Қараменде, Кернейде — Жарылғап» деп, Жарылғап батырды жоңғарларға қарсы шайқастарда ту ұстаған батырлар қатарында мадақтайды. Толығырақ »

Таңыбай батыр

Таңыбай Бекназарұлы (1670-1755) – Орта жүз құрамындағы Арғын тайпасынан шыққан батыр. Жастайынан әскер ойынын үйренуге тырысып, жаужүрек, қайыспайтын батырға айналған. Таңыбай батыр қол бастап жоңғарлардың қолында қалған біраз жерлерді азат еткен. Жекпе-жекте жоңғардың бас батыры Қапалды жеңген. Сол заманда жаулардың жайлаған жерлері – шешенқара өңірін, Таятқан-Шұнақтағы Батбақсу өзені мен Қалмаққырылған аймағын, Ақ келіншек, Қара келіншек, Қапал таулы мекендерін, Ешкіөлмес, Ойран жерлерін қайысқан жоңғар қолдарынан азат еткен. Толығырақ »

Әйтей батыр

Батыр жөнінде деректер жоқтың қасы, дегенмен де, ел аузында жүрген аңыз нұсқалар ұшырасады. Әйтей ХVІІ ғасырда ғұмыр кешкен тұлға болуы керек, руы арғын ішінде бәсентиін, тіпті шежіреде әйтей Әйтей – бәсентиін деген аты да сақталған. Осы жерде революцияға дейінгі уақытта қоныстары болған. Бұған дәлел мұрағат материалдары да бар. Қазіргі Лебяжі ауданының бір кездері Сталин, Ленин атанып келген ауылы, ертеректе 1930 жылға дейін Әйтей батыр есімімен аталған. Толығырақ »

Жаңабатыр әңгімесі

Тілеуімбет: Наурыздың- Наурызының тарауы: Шобалай, Шобай, Ақай, Текей, Ерсімбек (Ырсымбек), Мамек.

Шобалайдан- Жаңабатыр, Өміртай. Айдаболда- Төлебай, Күлікте- Шобалай, Орманшыда- Қарабай, Қаржаста- Мырзағұл- төрт босаға болған, жұрт аузына ілінерлік, ел ұстарлық кісілер осылардан шыққан. Толығырақ »

Шерубай батыр

Жоңғар шапқыншылығы кезінде елін-жерін жаудан қорғаушылардың көшін бастаған Қараке Биболды руынан шыққан, сол кездегі Қареке – Мұрат деген жалпақ елдің басын біріктіріп, қол жинап, ту көтеріп, қан майданда өзінің аса ерлігімен көзге түскен, аты ұранға айналған Шерубай батыр. Ол атышулы Қанжығалы Бөгенбай (1680 жылы), Арғын Олжабай (1687 жылы), Қаракерей Қабанбай (1691 жылы), Шапырашты Сатайұлы Бөлек (1696 жылы), Арғын Сенкібай (1709 жылы) батырлармен замандас, тағдырлас қарулас болған. Толығырақ »

Жазы батыр

Ертіс ауданының Көкшетау облысымен шектесетін бұрынғы Сілеті совхозы жерінің табиғаты ерекше. Жоңғар басқыншылары халқымызды 1723 жылы ақтабан-шұбырындыға ұшыратқаннан кейін қазақтың шұрайлы жерлерінің бірі осы өңірге қоныс теуіп, бекініп алған екен.

Қалмақтардың біразы бұл жерге 1757 жылы қытайлықтардан қырғынға ұшырағаннан кейін, бас сауғалап қашып келіп орналасқан деген болжам да бар. Қалай болғанда да, олардың бұл жерді уақытша паналанғаны, кейін жергілікті халықпен соғыста жеңіліп қашып құтылғаны анық болса керек. Толығырақ »

Түгел батыр

ХVІІІ ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы күресте қол бастаған сардарлардың бірі Түгел батырдың есімі Павлодар, Көкшетау, Омбы, Ақмола облыстарына кеңінен тараған. Батырдың тоғыз әйелінен тараған 16 ұлдың ұрпақтары осы облыстың аудандарында тұрады.

Түгел батыр тап қай жылдары және қай-қай жерде соғысқанын әзірге анық біле бермейміз. Ол әлі де шежіре жинаған қариялардан көп сұрастыруды, іздестіруді қажет ететін жай. Дегенмен бұл батыр туралы жазылып қалған деректер де жоқ емес. Кейбір қарияларда батырға арнап жазылған өлендер сақталған. Толығырақ »