‘Тіл ғылымы, Филология, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу’ бөлімінің мұрағаты
Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі
Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі туралы қазақша реферат
Логистиканың концепциясы материалды ағымдарды оңтайландыру арқылы шаруашылық қызметтерді жетілдіруге тиісті көзқарастар жүйесі болып табылады. Материалды ағымдарды басқару құрылатын негізгі, конструктивті принцип жүйелілік принципі болып табылады. Ол бірыңғай процесс үрдісі ретінде сатып алуларды жүргізу, ұйымдастыру, сақтау, өндіріс, өткізу және тасымалдауды білдіреді. Экономикадағы материалды ағымдар көптеген қатысушылардың қызметтерінің нәтижесінде пайда болады, ол қатысушылардың әрқайсысының өз мақсаттары бар. Толығырақ »
Логистиканы қолданудың тиімділігі
Логистиканы қолданудың тиімділігі туралы қазақша реферат
Қазіргі бизнесте логистика стратегиялық маңызды орынға ие. Осы салада табысқа жеткен көптеген мамандардың компания басшылығындағы жоғарғы қызмет орындарына жылжитыны кездейсоқ емес. Бизнес тұрғысынан қарағанда логистика деген корпоративті мақсатқа барлық ресурстардың оңтайлы шығындарымен жету үшін материалды және басқа да (ақпараттық, қаржы, қызмет) ағымдарын тиімді басқару. Қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы фирмалардағы логистиканың дәстүрлі функционалды салалары стратегиялық инновациялық (жаңартпа) жүйе құра отырып, жалпы ақпараттық-компьютерлік платформа негізін-де бірікті. Бизнес практикасына логистикалық менеджмент әдістерін енгізу көптеген фирмаларға өндірістегі, жабдықтаудағы және өткізудегі өнімнің барлық қор түрлерін қысқартуға, айналым капиталының айналымдылығын жеделдетуге, өндірістің өзіндік құнын төмендетуге, бөлуге тиісті шығындарды төмендетуге, тауарлар және қызметтермен тұтынушылардың толық қанағаттандырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Толығырақ »
Логистика түсінігі және оның даму тарихы, эволюциясы
Логистика түсінігі және оның даму тарихы, эволюциясы туралы қазақша реферат
Практикалық логистиканың пайда болу және даму тарихы көне заманнан басталады. Гамбург университетінің профессоры Г.Павеллектің айтуынша, тіпті Рим империясының кезеңінде »логистер» немесе »логистиктер» деген мәртебесі бар қызметкерлер болған. Олар азық-түлік өнімдерін бөлумен айналысқан. Біздің дәуірдің бірінші мыңжылдығында бірқатар елдердің әскери лексиконында логистиканы қарулы күштерді материалды ресурстармен қамтамасыз ету және олардың қорларын сақтау бойынша қызметпен байланыстырған. Мысалы, византийлік патша VІ Леон (б.з. 865-912 ж. ж.) кезінде логистиканың міндеттеріне әскерді қаруландыру, оларды әскери мүлікпен қамтамасыз ету, олардың қажеттіліктерін уақтылы қарайластыру жатады деп есептелген. Толығырақ »
Әлихан Бөкейханов
Әлихан Бөкейханов туралы қазақша реферат
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937 жж.)
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Толығырақ »
Майлин Бейімбет
Майлин Бейімбет туралы қазақша реферат
Майлин Бейімбет (Бимағамбет) (1894-1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады.
Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан. 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған. Толығырақ »
Бейімбет Майлин
Бейімбет Майлин туралы қазақша реферат
МАЙЛИН БЕЙІМБЕТ (БИМҰХАМЕД) ЖАРМАҒАМБЕТҰЛЫ
(1894-1938)
XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің іргелі жанрларын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосқан аса көрнекті суреткер жазушы, ақын әрі драматург, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Тобыл ауданы, Майлин кеңшары) дүниеге келді. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылды. Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашты. Толығырақ »
Мұхтар Әуезов
Мұхтар Әуезов туралы қазақша реферат
(1897-1961)
М.Әуезов туындылары әлемдік әдебиеттің айдынына мөлдір бұлақ болып кұйылып, күллі адамзатқа ортақ рухани қазынаға айналды.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов казіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келді. Әкесі Омархан, атасы Әуез Абай ауылымен іргелес отырып, айналасындағы адамдармен достық көңілмен араласа білген. Әуездің өзі Абайдың өлеңдерін сүйіп оқыған, түрік, парсы әдебиетінен хабары мол, ескіше сауатты, еліне қадірлі адам болған. Толығырақ »
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ «БАТЫР БАЯН» ПОЭМАСЫ
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ «БАТЫР БАЯН» ПОЭМАСЫ
XVIII ғасыр қазақ халқының қиын-қыстау заманы болды. Жоңғар, қалмақтың жан-жақтан қыспағы елді қатты күйзеліске ұшыратты. 1723 жылғы қайғылы да қасіретті «Ақтабан шұбырынды – Алқакөл сұлама» оқиғасы елдің еңсесіне батты. Қазақ елі бытыраңқылыққа ұшырады. Осы кезде халықтың басын қосып, қасына батырларды жинаған ер Абылайды айтпай кетуге болмайды. Жастайынан Төле бидің қолында өскен Сабалақ жорықтарға қатысып, ерлігінің арқасында елдің айбатты арыстанына айналды. Елжіреген жұрттың қамын ойлап, халықты ауызбіршілікке шақырып, елдің еңсесін көтерді. Толығырақ »
Тілді оқытудағы тіл мәденитетінің ерекшелігі
Тілді оқытудағы тіл мәденитетінің ерекшелігі туралы қазақша реферат
Мемлекеттік тіл – аса маңызды да өзекті мәселе, тіл – халықтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі. Ол – ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор. Сондықтан мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі. Олай болса, тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруға тиіс. Толығырақ »
Қайнекей Жармағамбетов балладасын барлағанда
Қайнекей Жармағамбетов балладасын барлағанда туралы қазақша реферат
ХХ ғасырдың елуінші, алпысыншы жылдары ұлттық әдебиеттің дамуына, қазақ поэзиясының, оның ішінде баллада жанрының берік қалыптасып, орнығуына елеулі үлес қосқан қаламгер Қайнекей Жармағамбетовтың орны ерекше[1.3].
«Қайнекейдің ақындық еңбегін ерекше танытқан — оның балладалары. Қазақ поэзиясында баллада жанрын бастаушы болмаса да, түбегейлі қоныс тептіріп, орнықтырушы Қайнекей болды десек, артық айтқандық болмас»[2.8]-деп Баламер Сахариев жерлесіміз туралы өз ойын жетік білдірген. Толығырақ »