‘Тіл ғылымы, Филология, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу’ бөлімінің мұрағаты
Тыныштықбек Әбдікәкімов поэзиясындағы суреткерлік шеберлік
Тыныштықбек Әбдікәкімов поэзиясындағы суреткерлік шеберлік туралы қазақша реферат
Тыныштықбек Әбдікәкімов өлеңдеріндегі ғажап суреткерлік туралы айтқан кезде оның табиғат лирикасы жайлы сөз қозғамау мүмкін емес. Бұл тақырыптағы өлеңдерінің барлығында дерлік ақын сөзбен сурет салады. Адамзат тіршілігі қашанда табиғатпен байланысты ғой. Сонау ықылым заманнан бері адамдар өздерін табиғаттың бір бөлшегіміз деп өмір сүріп, оның сұлу бейнесін поэзияға айналдырып келген. Сондықтан да болар, сұлу табиғат көрінісін жырға қоспаған ақын жоқ. Бірақ Тыныштықбек Әбдікәкімов табиғатты өзінше, өзгеше жырлайды. «Табиғат – поэзияның объектісі ғана емес, оның бойына қуат бітіретін, өңін кіргізетін сұлулықтың арсеналы тәрізді. Тіпті көркемдік-бейнелеу амалдарының неше амал түрлерін ақындардың табиғаттан алатыны белгілі» [1, 4 б.], — деп жазады зерттеуші Ә.Нарымбетов. Толығырақ »
ТӘРБИЕ МЕН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ
ТӘРБИЕ МЕН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ туралы қазақша реферат
Болашақ мамандарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, зерттеу мүмкіндігін, өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын жетілдіру қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында “Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі: жеке адамның шығармашылық, рухани және күш қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой- өрісін байыту”,- [1] деп атап көрсетілген. Толығырақ »
Интерактивті тақта арқылы оқушылардың біліктілігін арттыру
Интерактивті тақта арқылы оқушылардың біліктілігін арттыру туралы қазақша реферат
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына сәйкес қазіргі заманғы білім беру жүйесі керек. Білімді дамыта білмейтін ел XXІ ғасырда сәтсіздікке ұшырайды»,- деп атап көрсетті. Осыған орай еліміздегі білім саласын дамытуға арналған іс — шаралар мен реформалар жүзеге асырылуда. Толығырақ »
Қазіргі қазақ поэзиясындағы дәстүр жалғастығы
Қазіргі қазақ поэзиясындағы дәстүр жалғастығы туралы қазақша реферат
(Ұлықбек Есдәулет поэзиясы негізінде)
Өлең теориясы – әдебиет теориясының негізгі зерттеу нысандарының бірі. Қазіргі уақытта өлеңнің құрылымдық жүйесіндегі жемісті ізденістер ақындардың шеберлігі ретінде танылып, өлең құрылысы поэзиялық шығарманың ішкі болмысын ашуда үлкен маңызға ие болып келеді. Қазіргі өлеңдердің ырғақтық жүйесін зерттеуде бірқатар кандидаттық диссертациялар жазылып, докторлық жұмыстардың жекелеген тарауларында да талданды. Қазір поэзияның жекелеген даму кезеңдерін арқау етіп, талдау жасайтын ғылыми жұмыстар баршылық. Олардың жетістіктері – ғылыми жұмысқа негіз болған белгілі бір кезең ақындар өлеңдерінің құрылымдық жүйесіндегі жаңалықтар мен даму үрдістерін дөп басып, тани алғандығында. Ал олардың жұмыстарында кейбір сауал тудырған тұжырымдар жалпы қазақ поэзиясының шешімін күткен мәселелері болып табылады. Толығырақ »
Көркем диалог қызметі мен типологиясы: әдебиеттану ғылымының зерттеу нысанында
Көркем диалог қызметі мен типологиясы: әдебиеттану ғылымының зерттеу нысанында туралы қазақша реферат
Диалог арқылы адамдар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас құрып, рухани, мәдени байланыс орнатып, күнделікті өмір тіршілігінен хабардар болады, қоғамдағы өз орнын тауып, бағыт-бағдарын анықтайды. Роман жанрын зерттеуші М. Бахтин айтқандай: «Шындықты іздеудің диалогтық әдісі дайын шындыққа ие болғысы келетін нақты монологизмге, сонымен қатар, қандайда да бір шындықты білеміз деп ойлаған адамдардың сенімділігіне де қарсы қойылады. Шындық жеке адам басында туындамайды және болмайды, ол шындықты іздеуші адамдар арасында олардың диалогтық сөйлесуі кезінде туындайды» [1, 26 б]. Толығырақ »
Кәсіби-бағдарлы қазақ тілін оқыту негізінде студенттердің коммуникативтік құзыреттілікті дамыту
Кәсіби-бағдарлы қазақ тілін оқыту негізінде студенттердің коммуникативтік құзыреттілікті дамыту туралы қазақша реферат
Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: «Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне жаңа сана мен қоғамдық мәртебе беру және оны айрықша сала ретінде қабылдау қажет, оның бірінші кезектегі міндеті – жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау, икемділік пен білімділік болуға тиісті»,- деп көрсетілгендей, білікті маман ғана қоғамды дамытады, экономиканы өркендетеді. Маманның біліктілігі мен кәсіби деңгейінің жоғары болуы оқытуды дұрыс ұйымдастыра білумен байланысты. Толығырақ »
Құжаттарды ресімдеу барысында әскери терминдерге қосымшалардың жалғану тәртібін ескеру мәселесі
Құжаттарды ресімдеу барысында әскери терминдерге қосымшалардың жалғану тәртібін ескеру мәселесі
Құжаттарды ресімдеуде жауапты тұлғаға қойылатын негізгі талап – сауаттылық. Жауапты тұлғаның жазбаша сауаттылығының белгісі оның ресімдейтін қызметтік құжаттарындағы әрбір әріптің, сөздің, сөз тіркесінің сөйлемнің қазақ тілінің орфографиялық заңына сәйкес жазуынан көрініс табады. Әскери қызметтегі құжаттарды ресімдеуде жауапты тұлғалар көп жағдайда жалпыхалықтық кірме терминдерге төл қосымшаларымызды жалғауда немесе төл сөздерімізге кірме қосымшаларды жалғауда көптеген қиындықтарға тап болады. Толығырақ »
Мәшһүр-Жүсіптің діни балладалары
Мәшһүр-Жүсіптің діни балладалары туралы қазақша реферат
Мәшһүр Жүсіп өз шығармашылық ғұмырында екі діни баллада – жазған ақын . Енді осы екі баллада: «Шайқы Ысқақ» пен «Надан би» туралы қысқаша сөз етелік. Екі балладаға да ортақ арна, мотив – өлім. Ұлы Отан соғысы жылдарында жасындай жарқылдаған Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі» романтикалық поэмасына дейін «романтикалық өлім» оқиғасын өз оқиғалы өлеңдері мен дастандарында жеріне жеткізе жырлаған жалғыз ақын – Мәшһүр-Жүсіп болғандығын осы қос туынды және ел өмірінен алып жазылған «Нүсіпхан» дастаны дәлелдейді. Толығырақ »
Түркі тілдеріндегі сын аталымдарының жасалымы
Түркі тілдеріндегі сын аталымдарының жасалымы туралы қазақша реферат
Қазіргі кезде тіл мен мәдениет, этнос мәселесіне қатысты түрлі ғылым саласында кешенді түрде тіл деңгейлерінің түйіскен жерінде түркі тілдерін салыстырып, оның ұлттық танымы мен мәдениетін, рухын тануға негіздеп зерттеу бағыт алды. Түркі тілдерінің аталым (номинация) бірліктері туындауының уәждемесін(мотивация) қарастырғанда олардың тілдік сипатымен қоса танымдық танымдық (познавательный, познание) негізі де назарға ілігеді. Толығырақ »
Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы түркілік дәстүр
Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы түркілік дәстүр туралы қазақша реферат
Болашақ зерттеушілер көне дәуірдегі ата-бабаларымыз – сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, түрік, қағанаты дәуірінен бастап хатқа түскен, халық білуге мұқтаж болып отырған ең көне де қызықты деректерден сыр шертер, туған ел тарихын тынымсыз түгендеп, бұрын айтылмай келген, айтыла қалса да бұрмаланып келген ұлт тарихының ақтаңдағын, көмескілене бастаған ақиқатын анықтар деп үміттенеміз. Әдебиет тарихын зерттеуші ретінде бізге керегі — сол дәуірдегі әдеби мұраларымыздың ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы төл әдебиетімізде көрініс тауып, ақындар шығармашылығы өткендегі тарихи жәдігерлермен үндесіп, мазмұны мен сарыны жағынан сабақтасып отыруы. Толығырақ »