Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тіл ғылымы, Филология, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу’ бөлімінің мұрағаты

Шәкәрім Құдайбердіұлының ақындық әлемі

«Шәкәрімнің ақындық әлемі»атты екінші бөлімде ақын поэтикасының рухани бастауларының мән-маңызы қарастырылады. Сонымен бірге бұл тарауда  мәтіндік тұрғыдан өзгешелігі бар «Қорқыттың сарыны» сынды өлеңдері де сөз болды. Қорқыт сарынындағы өмірдің мәні мен адамды сүюге құлшынысын арттыратын күші – саналы адамның жүрегіне қозғау салар күшімен ғұмырлы дүние екендігі де қарастырылды. Толығырақ »

Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы

Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде өзіндік із қалдырған, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, ұлы Абай мектебінің дәстүрін жалғастырушы, өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас мол мәдени мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев белгілі гуманист ақын, ойшыл тарихшы-шежіреші ағартушы, ғұлама болды.

Шәкәрім Құдайбердиев халықымыздың қоғамдық ағартушылық, мәдени және әдеби өміріне белсене атсалысқан, ағартушылық-демократиялық, гуманистік идеяларды насихаттаған, Шоқан, Абай, Ыбырай ұстаған ағартушылық дәстүрді ілгері жалғастырушылардың бірі болды. Толығырақ »

Қазіргі қазақ әңгімесіндегі өмір мен өлім концепті

Қазіргі қазақ әңгімесіндегі өмір мен өлім концепті (танатологиялық сарын) де қазіргі прозада баса назар аударатын сала болып отыр. Себебі, соңғы кезде көптеген қаламгерлер өлім тақырыбын (суицидті) өз шығармаларына арқау етіп алуы жиі кездеседі. Өмір сүре білу − әрбір адам үшін үлкен сынақ. Осы сынақта уақытша қиындықтар мен ауыртпашылықтарды көтере алмай, өзіне-өзі қол жұмсау қоғамымызда көп көрініс алуда. Толығырақ »

Қазіргі қазақ прозасының көркемдік ерекшеліктері

Қазіргі қазақ прозасында Т.Шапайдың «Үйдің иесі» атты туындысы − гротескілік әңгіме. Бұл әңгіме ә дегенде ұсақ-түйек оқиғаға құрылғандай көрінеді. Кейіпкер өзі туралы айтқанда, «орташа» деген ұғымға екпін түсіреді. Бұл ойдың астарында иллюзия бар. Т.Шапай прозасы − қазақ әдебиетіндегі саяси гротескінің ерекше үлгісі. Үйдің иесі – бұл қожайын емес, біздің қоғамның аллегориялық бейнесі. Қаламгер аталмыш шығармасында тұрмыстық, заттық, этнографиялық портреттік детальдар арқылы кейіпкердің рухани әлеміне тереңдей үңіліп, адам психологиясын ашады. Толығырақ »

Қазақ әңгімелерінің виртауальдық және мистикалық сипаты

ХХІ ғасыр – ақпараттық технологиялар ғасыры. Қарапайым қарым-қатынастың өзі жаппай виртуалдық сипатқа ие болған заманда бұл виртуалдылық сипаттың қоғамның әр саласына, соның ішінде өнер мен мәдениетке де әсер етуі − заңдылық.

Әдебиетте басты назар виртуалды бейнеге емес, белгілі бір виртуалды бейнені қалыптастыратын мәтінге аударылады. «Таза» виртуалды бейне өздігінен талдау нысаны бола алмайды. Оқырманның танымында қандай да бір виртуалды бейнені қалыптастыратын мәтінге ғана талдау жасалады. Толығырақ »

Қазіргі қазақ прозасындағы фантастикалық антропологияның көріністері

Қазақ әдебиетінде М.Қабанбайдың аяқталмай қалған шығармасы «Кентавр», А.Алтайдың «Кентавры» мен «Түсігі»,А.Кемелбаеваның «Қоңыр қаз» әңгімесін қазіргі қазақ прозасындағы фантастикалық антропологияның үлгісін көрсететін туындылар деп айтуға толық негіз бар.

А.Асқардың «Түсік» атты әңгімесі қазіргі қазақ әңгімесіне қосылған антропологиялық негізде өзгеше пішінде жазылған көркем туынды болып табылады. Автордың алып отырған түсігі – кеше ғана жер басып жүрген, ғұмырында тарлық көрмеген, барлықта жалғанды жалпағынан басып жүрген тұрақсыз сезім иесі. Түсікке айналған адам түлкі бұлаңмен өткеніне көз жүгіртеді. Толығырақ »

Қазіргі қазақ прозасы және көркем антропология

Көркем антропологиятөл әдебиетіміздің аз зерттелген саласы болып табылғанымен, оны өнертанудағы тіптен жаңа бағыт деп санауға болмайды. Өйткені ол жеке өнердің теориясы мен дағдысын зерттеуде антропология ғылымының жетістіктерін жинақтайды. Қазіргі қазақ прозасындағы көркем антропологиялық ізденістерді зерттеу, әр кезеңдегі әдеби үдерістегі жазушылар шығармашылығының антропологиялық образдарын айырып қарау әдебиеттегі адам бейнесін тарихи, типологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы аспектіде танып-білуге мүмкіндік береді. Толығырақ »

Қазіргі қазақ прозасындағы исламдық құндылықтар

Қазіргі қазақ прозасындағы Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с), сахабалардың өмірі мен ізгілікті істерін арқау еткен көркем шығармалар бір шоғыр. Ұзақ жылдар үстемдік еткен кеңестік жүйенің тұсында мұсылманшылдықты дәріптеу, пайғамбарлар өмірінен мөлтек сыр шерту – екінің бірінің қолынан келе бермейтін дүние.  Бұған, біріншіден, социалистік қоғамда үстемдік құрған атеистік тәрбиенің ықпалы болса, екіншіден, қалам тартып жазғысы келгенімен, мұсылмандық сауаты, мағлұматы аз болғандықтан, ал, үшіншіден, бұл тақырыпқа бел шешіп кірісу үшін исламдық діні берік, мұсылмандық махаббатқа толы үлкен жүрек иесі болуы шарт еді. Толығырақ »

Қазіргі қазақ прозасындағы ұлттық идеяның көркем бейнеленуі

Қазіргі қазақ прозасындағы жаңа туындылардың бірі – Әлібек Асқардың «Өр Алтай мен қайтейін биігіңді» повестегі әлеуметтік талдау барысында бірден көзге түсетіні жазушының стильдік ерекшелігі. Өр Алтай төріндегі бір кезде айдарынан жел ескен, төрт құбыласы сай болған ауылдың бүгінгі мүшкіл халін суреткер сатылап көрсетеді. Кеңсе, ауылдың мектебі, дүкен, дәрігерлік пункт жабылады, яғни әлеуметтік құлдырау жолымен тұрмыс тауқыметі үдемелі жолмен беріледі. Толығырақ »

Сүйінбай Аронұлы (1815-1898)

                    Сүйінбай айтыс өнерінің алтын діңгегі.

(М. Әуезов.) 

Сүйінбай Аронұлы Алатаудың аса сұлу бетбауыр бөктеріндегі Алматыға тиіп тұрған Қарақыстақ ауылының Бұлақ деген жерінде 1815 жылы туып, 1898 жылы 83 жасында дүние салған. Болашақ даңқты жырау жасында жоқшылық тауқыметін көп тартқан. Жастай жетім қалып, байдың малын бағып, тамағын асыраған. Ол туралы өлеңдерінде ақынның өзі де айтады. Толығырақ »