‘Туризм’ бөлімінің мұрағаты
Өтпелі кезең (1990 ж. бастап)
Туризм дамуының бұл кезеңі туризмді әкімшілік реттеуден экономикалық нарықтық қатынастарға өтуімен сипатталады. Өтпелі кезеңге келесідей тенденциялар тән:
— туристік ұйымдардың мемлекеттік иеліктен жеке иеліктерге өтуі;
— жаңа заңдардың негізінде туристік нарықтың қалыптасуы; Толығырақ »
Әкімшілік-нормативті кезең (1970-1990 жж.)
Бұл кезеңдегі туризмнің дамуы міндетті түрде орындалды. Жоспарларға сәйкес жүзеге асырылды. Жоспарлардың ұзақ мерзімі 5-10 жылға әзірленіп, туризм бойынша жоғарғы органдармен бекітілді. Жоспарлардың нормативті көрсеткіштері қатаң бақылауға жатқызылды. Бұл кезең әлеуметтік туризмді ары қарай дамытумен сипатталды. Туризм жас ұрпаққа тәрбиелік әсер ету құралы ретінде қолданылды. 1970 ж. маусым айында КСРО ағартушылық министрлігінің Орталық балалар экскурсиялық -туристік станциясы құрылды. Толығырақ »
Ұйымдастырушылық-орталықтанған кезең (1927-1969 жж.)
1928 жылы туристердің Ресейлік қоғамы пролетарлық туризм қоғамы болып қайта құрылды. 1925-1926 жылдары «Кеңес туристі» ұғымы пайда болды. Бұл қоғам сапарларды жолдамалар бойынша пойыздар мен пароходтарда серуендеулерді ұйымдастырумен айналысты. Бұл қоғам сапарларды материалдық қамтамасыз ететін кеңестік, кәсіподақтық және шаруашылық ұйымдары құрайтын акционерлік қоғам болды. Ол туризмнің қалыптасуында өте үлкен роль ойнады. Толығырақ »
Кәсіпкерлік кезең (1890-1927 жж.)
ХІХ ғасыр соңында және ХХ ғасыр басында Ресейде алғашқы туристік ұйымдар құрылып, Кавказ-Қырым тауларымен танысу және оларды зерттеудің басы ашылды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресейде бірқатар туристік және экспедициялық ұйымдар пайда болды. 1895 жылы Орыс туринг-клубы құрылды. Бұл клубтың пайда болу себебі, ХІХ ғасыр соңында кең тараған екі дөңгелекті велосипедтер болды. Велосипедтер сол кезеңде қозғалудың жайлы құралына айналып, қала сырты серуендер үшін жиі пайдаланылды. Біртіндеп Орыс туринг-клубы ресейлік туристердің қоғамына айналды. Толығырақ »
Ағартушылық кезең (ХІХ ғасырдың 90 жылдарына дейін)
Ресейде туризмнің пайда болу уақыты туралы бірдей пікірге әлі де келген жоқ. Мүмкін оның дамуы ХVІІІ ғасырдың басына жатады.
Орыс мемлекетінде алғашқы саяхаттар танымдық, сауда, саяси және діни мақсаттармен байланысты болды. IX ғ. Княгиня Ольга Византияға барды. Тарихшы С.М. Соловьевтың айтуынша, саяхат жасаудың ең маңызды себептері «дүниенің кереметтерін көруге қызығушылық» болды, өйткені «Констонтинопольде кім болатын болса, сол көтеріліп өсу» престижі болды. Көне Русь ішіндегі де және одан тыс та (Константинополь, Астрахань мемлекеті, Византия, Ұлы Жібек жолы) өтетін көпестердің керуендерінің басқа жерге баруы ең ертедегі саяхаттарға жатты. Толығырақ »
Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм. Қазіргі замандағы туризм
Ұлы Отан соғысы жылдарында туристтік-экскурсиялық іс-әрекет түгелімен тоқтатылды. Соғыс аяқталғаннан кейін күйреген халық шаруашылығымен қатар, туристтік-экскурсиялық мекемелер жүйесі де қалпына келтіріле бастады.
1950 жылы Мәскеулік туризм клубы ашылып, кейіннен елдің саяхатын өз күшімен ұйымдастыратын туристердің орталығы болды. Толығырақ »
ХІХ – ХХ ғасырлардағы – Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм
ХІХ ғасырдың жартысына дейін Еуропалық туризм тек қана элитарлық келбетке ие болады, ал оған қатысушылар ауқатты жоғарғы сынып өкілдері болып, сол кезгі кейбір авторлар туризмді «аристократтық туризм» деп те атады. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана әсіресе, ХХ ғасырдың 20-ші жылдарында туристтік қозғалыс өзгерістерге ұшырап демократиялана бастайды. Толығырақ »
XVII және XVIII ғасырлардағы туризм
ХVІІ ғасырда Еуропада «таза туризм» формасы пайда болды. Бұл, К.Либеренің айтуынша, танымдық, емдік немесе демалыс мақсаттарында саяхаттаушы тұлғаларды қамтиды. Оған қоса Еуропада діни сенімге байланысты миграциялар мен көпестердің саяхаттары белгіленіп отырды.
Бұл кезеңде адамдар үшін көлік түрі экипаждар болып, саяхатшыларға жағдай жасау мақсатымен әрдайым дамытылып, жақсартылып отырды. Толығырақ »
Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм
Ортағасырларда туристік қозғалыс бәсендей түсті. Ішкі жағдайлары тұрақсыз көптеген жаңа мемлекеттердің құрылуы бұрын-сонды болмаған саяси кедергілерге әкеп соқты.
Туристтік саяхаттардың ұзақ уақыт тоқырауды болуына көптеген себептер әсер етті, олардың ішінде: феодалдық жүйеге байланысты Еуропаның көптеген аймақтарындағы шаруашылықтың күйреуі, бұрыңғы жол тораптарының түгелімен және сол жолдар бойындағы түнеу орындарының жойылып кетуі, саяхатшылардың қорғаныс дәрежесінің төмендеуі, сонымен қатар қатар қалалардың күйреуі. Толығырақ »
ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм. Ежелгі туризм
Туристтік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталды санайды. Біздің заманға дейінгі 4-ші мың жылдықта ескі Египетте аталынып жүрген, осындай алғашқы көшіп-қонушылыққа жататыны – діни негізіндегі саяхаттар. Біздің заманға дейінгі VІ ғасырда Египет фараоны Нехао Африка төңірегінде атақты 3-жылдық саяхат құрған. Толығырақ »