‘Туризм’ бөлімінің мұрағаты
Туризм тарихы курсын кезеңдестіру және құру
Туризм тарихы үрдісін ойластыруға және оны ғылыми жалпылаудың ішкі заңдылықтары мен мүмкіндіктерін анықтауды жеңілдетуге кезеңдестіру көмектеседі. Кезеңдестіру деп үрдістердің сапалы дамуына сәйкес тарихи уақытты бөлу айтылады. Бұл жалпы адамзаттың, қандай да бір аймақтың, елдің туризмінің қалыптасу және даму кезеңдерінің негізгі мазмұнының анықтамасы. Туризм тарихын кезеңдестіру үшін оның негізіне нелерді қарастыру қажет екенін шешіп алу қажет. Яғни, тарихи үрдісті жекелеген кезеңдерге бөлудің критерийін құру қажет. Толығырақ »
Туризм тарихын зерттеудің тәсілдері
Туризм тарихын зерттеуде тарихи ғылымда қолданылатын дәстүрлік тәсілдер қолданылды. Олардың арасында тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалы, тарихи-ретроспективті, тарихи-типологиялық және басқа да тәсілдерді айтуға болады. Толығырақ »
Туризм тарихының мақсаттары мен міндеттері
Біріншіден, бұл оқу курсының басты мақсаттары мен міндеттерін анықтау қажет.
Ең алдымен – бұл жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік топтардың өз еркімен уақытша баратын орындарын ауыстыруының әлеуметтік, психологиялық және мәдени функцияларының дамуының жалпы суреттемесін қайта қалпына келтіру үшін туризм дамуының негізгі кезеңдерін зерттеу. Сонымен қатар, туризм тарихының қайнар көзін зерттеу болып табылады. Толығырақ »
Туризм тарихының нысаны мен пәні
Туризм тарихы деп жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік топтардың өз еркімен әртүрлі жерлерге баруымен және олардың өмір сүру ырғағы мен қоршаған ортаның өзгеруімен байланысты болып келетін кеңістіктегі қозғалыс үрдістерінің жиынтығын айтуға болады.
Туризм тарихын қарастыру үшін оның оқып зерттеу нысаны мен пәніне, мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беру қажет. Толығырақ »
Қазақстанда келу туризмінің дамуын талдау
Қазақстан Республикасында туризм кенже қалған саласы болып табылады. Қазіргі әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл саланың маңызы өте жоғары. Қазақстан үшін келу туризмінің алатын орыны ерекше. Себебі біздің мемлекетте туризм ресурстары өте көп. Сондықтан бұл мақалада Қазақстанда келу туризмін талдау және оны дамытудың бағыттары қарастырылды. Толығырақ »
Туризм индустриясын дамыту проблемасына теориялық негіздеме
Туризм факторларын анықтап және анализдеп болған соң туризм индустриясын зерттеуді бастау керек. Туризм индустриясы экономиканың жеке саласы ретінде жоспарлы экономика жағдайында болған жоқ.
Туризм индустриясы терминінің анықтамасын берейік:
«Туризм және туризм индустриясы» түсінігі ұқсас және бір мағыналы сияқты. Ғылыми әдебиеттерде ғалымдар бұл терминге әр түрлі анықтама береді. «Туризм индустриясы» түсінігі өте көлемді және қиын. ССРО кезінде оған бірінші рет П.Г.Олдак анықтама берген: «Туризм индустриясы туризм қызметін сату және құруға маманданған қызмет көрсетуші мекемелермен мінезделеді немесе туристердің төлеу қабілеттілік сұранысын қанағаттандыруға мамандандырылған экономиканың бөлек саласы. Толығырақ »
Туризм туралы түсінік және туризм менеджментінің тиімділігі
Қазіргі кезде адам қызметінің әр түрлі формалары бар, олар жалпы жағдай жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы жаңа әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның ішінде саяхатқа құштарлығын арттырады. Саяхат дегеніміз – туризм. Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша туризм әлемнің өндірістік-сервистік нарық айналымының 10 пайызын қамтамасыз етеді. Туризм сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнімнің 6%, әлемдік инвестицияның 7%, әр 16-шы жұмыс орны, әлемдік тұтынушы шығындарының 11%, барлық салық түсімінің 5% келеді. Бұл сандар туризм индустриясының экономикаға тікелей әсерін көрсетеді. Толығырақ »
Қазақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы: проблемалары және даму болашағы
Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі, Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі азайлады, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істеген. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ыкпалы бар (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т.б.). Бұл дегеніміз -әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады. Толығырақ »
Туристтік қызметтің экономикалық көрсеткіштері және тиімділігі
Туризмнің қалыптасуы мен дамуында оны сала ретінде анықтаушы нақты экономикалық көрсеткіштері болады. Ол сапасы жағымен бірге туристік қызмет көрсетудің сандық көлемін көрсетеді. Туризмнің дамуының көрсеткіштері әр аймақ (мемлекет) үшін төмендегідей: Толығырақ »
Қазақстан Республикасындағы туризм саласын талдау
2001 жыл ішінде саяхат қызметін жүзеге асыратын 690 кәсіпорын (оның ішінде туристік фирмалар саны 531) есеп берді. Олар жыл бойы 146,9мың туристер мен экскурсанттарға қызмет көрсеткен (1999 жылы сәйкесінше 425 кәсіпорын есеп берді және олар 228,3 мың адамға қызмет көрсетті)
Саяхатшылар жалпы саны 1999 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1.6 есеге қысқарды, соның ішінде жекелеген турист категориялары бойынша қысқару мөлшері әртүрлі болды: бізге келген туристердің саны 2,1 есеге шетке шыққан туристер саны 1,6 есеге, ел ішінде демалғандар саны 1,3 есеге қысқарды. Төменде туризм түрлері бойынша қызмет көрсетілген туристердің саны туралы диаграмма келтірілген. Толығырақ »