Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Туризм’ бөлімінің мұрағаты

Туристік қызметті лицензиялау ережесі

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңына (бұдан әрі -«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заң), «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына (бұдан әрі — «Лицензиялау туралы» Заң), өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленді және уәкілетті органның-лицензиардың туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензия беру тәртібін, шарттарын, есебін жүргізуін белгілейді.

-Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы ережемен белгіленген талаптарды сақтаса, Қазақстан Республикасының жеке жаңа заңды тұлғаларына лицензия алу құқығы беріледі. Толығырақ »

Қазақстан Республикасында туризм дамуының әлеуметтік-экономикалық шарттары

Қазақстанда туризм дамуына әлеуметтік-экономикалық жағдайлар оң ықпал етуі тиіс. Оны елдің экономикалық дамуына қарап айтуға болады.

Қазақстанның дербес елдер қатарына қосылып, көк байрағымызды желбіреткеніне  де бірталай уақыт болып қалды. Экономикамыздың өтпелі кезеңнен батыл қадамдармен шығып кетуінің бірден-бір амалы – туризм индустриясын құрып, дамыту қажеттігі туып отыр. Жалпы «туризм» ұғымын екі тұрғыдан, біріншіден, адамдардың дүниетанымын саяхат жасау арқылы кеңейту, екіншіден, экономиканың тиімді саласы тұрғысынан қарастыру керек. Дүние жүзі елдері тәжірибесіне жүгінсек, Малайзия 1996 жылы 8 миллион турист қабылдап, қыруар ақша пайда тапты. Азияның кішкентай Бахрейн, Кувейт секілді елдері туризмді экономиканың ажырамас бөлігі ретінде өрістету үстінде. Толығырақ »

Қазақстан Республикасында туризм дамуының туристік-рекреациялық ресурстары және мүмкіндіктері

Халық шаруашылығының саласы ретінде туризм сұраным мен ұсыныстың нарықтық санаттарына сәйкес болуы тиіс өнім шығарады. Осыған қатысты шетелдік тұтынушыға бағдарланған халықаралық рынок пен Қазақстан азаматтарына арналған ішкі рыноктың ара жігін ажырата білу қажет.

Халықаралық туристік рынок бүгінгі күні миллиардтаған айналымы және қатаң бәсекелестікте орасан зор механизмді білдіреді, сондықтан, бірінші кезекте міндет Қазақстанға ғана тән ерекшелігі бар және сұраныс болатын туристік өнімді анықтау болып отыр. Соған байланысты рыноктың қандай сегменттерінде қазақстандық турөнімнің жарқын болашағы бар екені көрінетін болады. Толығырақ »

Туризм дамуына әсер етуші әлеуметтік –экономикалық факторлар

Экономика және туризм өзара тығыз байланыста дамиды. Экономикаға туризмның әсер етуі мүмкін, сонымен қатар керісінше туризм дамуына кең көлемде, зор ықпалды экономика жасайды. Осыдан экономикалық факторлардың туризмға әсері, ең бастысы туризм және экономика дамуының тенденциялары арасында өзара тығыз байланыс болуымен негізделеді. Жоғарыда аталып кеткендей, экономикалық факторлар оң және теріс ықпал көрсетеді. Толығырақ »

Туризм дамуына әсер етуші факторлар

Туризм дамуына әсер етуші факторлар туралы қазақша реферат

Күрделі әлеуметті-экономикалық сала болғандықтан, туризм көптеген сыртқы факторлар әсеріне сезімтал. Бұл факторлардың туризм дамуына тигізетін әсері күші жағынан, әрі ұзақтығы жағынан әр түрлі болып табылады. Сондықтан табысты туристік қызметті ұйымдастыру үшін , осы факторларды есепке алған өте қажет. Толығырақ »

Туризм ұғымы және түсінігі

Туризм ұғымы және түсінігі туралы қазақша реферат

Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу және игеру, ресурстарды іздеу мақсатымен пайда болды.

Саяхат- адамдардың жылжу мақсатына байланыссыз кеңістіктегі қозғалысы. Саяхаттың бір түрі туризм болып саналады. Толығырақ »

Туристік фирманың жалпы сипаттамасы

Туризм құрамында  қамтылған  қызмет  көрсетулерге,   оларды  беру жеріне,   қызмет  көрсетілген  халқына  байланысты   ішкі және  халықаралық деп  бөлінеді.

Ішкі  туризм  —  туризмнің берілген  мемлекеттің  территориясында  сол  елдің  тұрғындарымен   (ішкі  туристер) іске  асырылуымен  байланысты  қызмет. Толығырақ »

Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясының түрлері

Бәсекелестік  жағдайындағы фирма стратегиясының  түрлері  туризмді дамыту мақсатынан  бары  туындайды. Ол  мақсаттарға  біз  келесілерді жатқызамыз:

  • сапасы, халықаралық туристік рынок жағдайында өндіруге, сатуға және бәсекелестікке төтеп беретін өнім өндіруге және сатуға қабілетті, рентабельді туризм индустриясын құру жолымен туризмді экономиканың табысы жоғары салаға айналдыру;
  • республиканың туристік әлеуетін арттыру; Толығырақ »

Туристік фирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі және оны ажырататын факторлар

Кез  келген саланың  құраушы  бөліктері  мен  құрамдас  бөлшектері  арасында  бәскелестік  туындайды.  Бұл  экономикамыздың  дамуының  басты  шарты  болып  келеді,  себебі, бәсекелестік  бар болған  жағдайда тауар мен  қызмет  көрсетудің  сапасы да , бағасы  да  тиімді  болмақ.  Бұл  ретте  бәсекелестік  құраудағы негізгі  факторлар әр  түрлі  болып  келеді.  Әрине, ол ең  алдымен  кәсіпорынның   өнімінен  басталып, ары  қарай  технологиялар  дамыған  сайын,  халықтың  сұранысы мен тұтынушының қоятын  талаптары  жоғарылаған  сайын  жалғасып  жатады.  Осыған  орай  біз  туризмнің ұйымдық нысандары мен түрлерін  қарастыруды  жөн  көрдік. Толығырақ »

Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктері

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүние жүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Толығырақ »