Экономика және туризм өзара тығыз байланыста дамиды. Экономикаға туризмның әсер етуі мүмкін, сонымен қатар керісінше туризм дамуына кең көлемде, зор ықпалды экономика жасайды. Осыдан экономикалық факторлардың туризмға әсері, ең бастысы туризм және экономика дамуының тенденциялары арасында өзара тығыз байланыс болуымен негізделеді. Жоғарыда аталып кеткендей, экономикалық факторлар оң және теріс ықпал көрсетеді.

Туризм дамуына оң әсер тигізетін факторлар:

—         нақты табыстың өсуі;

—         табыстың тең бөлінуі;

—         валютаның тұрақтылығы;

—         тиімді конъюктуралық жағдай.

Туризм дамуына теріс әсер тигізетін факторлар:

—         экономикадағы дағдарыс құбылыстары;

—         өндірістің құлдырауы (жұмыссыздықтың өсуі, жалақының қысқаруы, уақытша жұмыс жасау);

—         валютаның тұрақсыз болуы;

—         тиімсіз конъюктуралық жағдай.

Елдің экономикалық дамуымен , оның азаматтарының ұлттық табыс көлемімен және материалдық әл-ауқатымен (дәулетімен) тура тәуелділік бар. Сондықтан да экономикасы дамыған мемлекет, әлемдік нарықта өз азаматтарының туристік сапарларының саны жағынан ілгері болады

Мемлекеттің экономикалық жағдайынан тек қана халықтың табысы ғана емес, сонымен қатар материалдық-техникалық база және туризм инфрақұрылымы да тәуелді.

Сонымен қатар экономикалық факторлар қатарына инфляция, пайыздық көрсеткіш, нақты валют айырбас курсының тербелісі де қосылады. Айырбас курсының өзгеруі күшті және әлсіз валютасы бар елдер арасындағы туристік ағымның көлеміне әсер етеді.

Туризмның дамуы тек қана ұлттық қана емес, сонымен қатар әлемдік экономика экономикалық циклдың қай  фазасында — өркендеу немесе құлдырауда – болуына да сезімтал. Бұған мысал ретінде , айтып өтетін жайт   XX ғасырдың  80-жылдары экономикалық күйреу кезінде әлемдік туристік саяхаттар едәуір қысқарды.

Әлеуметтік факторлар ішінен бірінші кезекте аталып өтілетін, бұл халықтың бос уақытының артуы (жұмыс уақытының қысқаруы, жыл сайынғы демалыс ұзақтығының артуы), бұл халықтың өмір деңгейінің артуымен қосылып келе жаңа әлеуетті туристердің ағымын арттырады.

Бос уақыттың артуы қазіргі заманғы ғылыми – техникалық төңкеріспен байланысты, бұнда ой еңбегінің  маңыздылығы артады да өндірістік және тұрмыстық кернеулер күшейе түседі. Бұның бәрі адамдардың дене тұлғаларының және психологиялық шаршауына әкеледі. Бұл қабілеттілікті арттыру үшінқосымша шараларды қабылдауды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруға көбіне туризм өз септігін тигізеді.

Халықтың бос уақытының ұзақтығы артуына байланысты туризмде екі тенденция байқалды – демалыс кезеңінің бөлшектенуі және қысқа мерзімді саяхаттардың артуы. Туристік сапарларұзақтығы жағынан азайғанмен, жиілігі артты. Шетел әдебиеттерінде бұл құбылыс “аралықты саяхат” (“путешествия с интервалами”)  деген атауға ие болды. Жылдағы бір ұзақ саяхат орнына, көптеген адамдар бірнеше рет қысқа мерзімді (жаз айында – екі апталық теңіз жағалауына саяхат; қыс айында – бір апталық тау шаңғылы саяхат; демалыс және мерекелердегі отбасылық сапарлар) саяхатты таңдайды. Бұндай саяхаттар туристердің белсенділігі мен қозғалысының (мобильділігінің) артуын көрсетеді. “Қысқа мерзімді” келушілер әдетте бір күнде, келген елді-мекенінде бір күн ғана болатындықтан, ұзақ мерзімді сапар шегуші туристерден гөрі көп шығындалады. Сонымен қатар “аралықты сапарлар” бір жыл аралығында болғандықтан, туризмның ең бір негізгі қиындықтарының бірі – сұраныстың маусымдық өзгерісін жеңілдетуге көмектеседі.

“Аралықты сапарлар” үшінші мыңжылдықтағы туризм дамуын анықтайды. Бұндай қортындыны “Ховат УК” ағылшын консалтингтық фирмасы жасады. Олар Бүкіләлемдік Туристік Ұйым (БТҰ) тапсырмасы бойынша туристік шығынның  70% келетін келетін әлемдегі 18 елдің демалыс уақыты динамикасының зерттеуін жүргізді. Нәтижесінде, XXI ғасырдағы туристік сапарлар ұзақтығы 3-4 күнге дейін қысқарады, бірақ демалысқа деген үзіліс және адамның өмірлік күшін қалпына келтіруге құштарлық артады деген болжам жасады.

Әлеуметтік факторлар қатарына, сонымен қатар білім деңгейінің, мәдениет, халықтың эстетикалық қажеттіліктерінің артуы жатады. Зерттеулерге жүгінсек, адамдардың білім деңгейі мен саяхатқа деген икемділігі арасында тәуелділік бар. Бұл мәдениет және білім деңгейі жоғары адам өзінің бос уақытын туризм көмегімен қоршаған ортаны тануға, басқа елдер мен халықтардың тарихы, өмірі, тұрмысы, фольклоры және өнерімен танысуға рациональды жұмсайды .

Соңғы уақытта, яғни XX ғасырдың соңғы онжылдығында экономикалық және әлеуметтік факторлар әсерінен батыс Еуропа елдерінде қоғамдық сана елеулі өзгерістерге ұшырады: рухани құндылықтар  материалдық құндылықтардан маңыздырақ. Қазіргі таңда  адам материалдық игілікті тұтынудан бұрын, жақсы әсер, өмірден ләззаталуға талпынады. Осыдан шығар қортынды, қоғамның тұтынушылық құрылымында туризмның орны және рөлі өзгерді.

Туристердің қажеттіліктері де өзгерді: төменгіден-жоғарыға, жұмысқа қабілеттілікті арттырудан – адамның өзінің жекелей қабілеттерін жүзеге асыру және интеллектуалды сұранысын қанағаттандыру.

“Үш S” (Sea – Sun — Sand; теңіз-күннің көзі-жағажай) қағидасы бойынша пассивті демалыс орнын “Үш L” формулалы (Lore — Landscape – Leisure; ұлттық дәстүрлер — пейзаж – бос уақыт) демалыс түрі басты. Бұл қазіргі заман саяхатшысының жаңа құндылықтарына сай келеді және өз орнын осы мезеттегі туризм дамуынан тапты.Туристік сұраныс  көпшілікті және әлеуметтік категория. Ол көптеген оң не теріс нәтиже беретін факторлар әсеріне тәуелді болып келеді. Ең маңыздыларының қатарына жалпы экономикалық факторлар жатады:

-тұтынушының материалдық әл-ауқаты;

-жұмыспен қамтылған халықтың еңбек және бос уақытының қатынасы.

әлеуметтік-демографиялық  факторлар:

-жасы;

-жынысы;

-кәсібі;

-білімі;

-әлеуметтік тобы;

-жанұялық жағдай;

-мүліктік жағдайы;

-жанұя құрамы;

-тұратын аймағы;

-қала/ауылды мекен;

-кәсібі.

Әр оқулықта туризм дамуына әсер етуші әлеуметтік және экономикалық факторларды әр түрлі қасиеттерімен сипаттайды. Көбінде оларды топтастыра қарастырады, мысалы. әлеуметтік-демографиялық және қаржылы-экономикалық . Әлеуметті-демографиялық факторларды тұрғылықты халықтың жасы, бос болу деңгейі, жеке басты адамдардың болуы , баласыз отбасылар, неке қиюдағы жастық тенденция, зейнетақы жасы, білім, мәдениет деңгейі, тұрғындардың эстетикалық талғамы, қоғамдағы материалдық және рухани қажеттіліктердің қатынасы, урбанизация және тағы да басқа көрсеткіштер құрайды. Бұл көрсеткіштер туризм үшін зор ықпал иесі.

Қаржылы-экономикалық факторларға мыналарды жатқызады: елдегі, мемлекеттегі экономикалық жағдай, қаржылық тепе-теңдік, тұрғындардың табыс деңгейі, қоғамның туристік шығынға жұмсауға бөлінген қаржы үлесі, тауар бағасы.

Тұрғындардың табыс деңгейі немесе қоғамдық байлықтың өсуі. Соғыстан кейінгі жылдары дамыған елдерде жан басына шаққандағы табыс артты: мысалы, ФГМ –де 4500 маркадан 1950 жылы, 19500 маркаға 1987жылы өзгерді. Осы кезде тамақтану мен байлық заттарына шығын азайып, туризмға шығын үлесі артты.

Жұмыс уақытының қысқаруы. Көп елдерде кәсіпорындардағы жұмыс уақыты 2350 сағаттан 1950жылы, 1716 сағатқа дейін 1987 жылы қысқарды. Орташа статистикалық демалыс бұл кезеңде 12 күннен 31 күнге өсті. Сонымен қатар еңбек интенсивтілігі артты, бұл стресстық жағдайларға және адам организмінің демалысқа қажеттілігінің артуына әкелді.


Тағы рефераттар