Даму банктері және олардың экономикадағы рөлі туралы қазақша реферат
Мемлекет қолдауымен маңызды орын алатын ұлттық экономикалық сферасында қызмет етуші банктер қатары бүгінгі таңда көптеген елдерге тән. Даму банк қызметінің кеңеюі қазіргі әлемдік тәжірибедегі тенденцияның бірі болып табылады. «World Bank»-пен жасалған концепцияға сәйкес, осындай институттар маңызды экономикалық программалар мен жобалардың қаржыландырылуын алға тартушы катализаторы болуы қажет.
Даму банктері бір-бірінен қызметінің масшабы және бағыты бойынша, ұйымдық-құқықтық формасы және т.б. сипаттамаларына сәйкес ажыратылады. Олар орташа, сондай-ақ қаржы институттары ретінде әлемдік даму банктерінің көшбасшылық рейтингіне ие. Әлемдік тәжірибеде жеке, сондай-ақ мемлекеттік даму банктерінің кеңейтілуі де орын алған.
Германияның даму банкі ерекше мәселелермен айналысатын несиелік институттар ретінде ұлттық экономикада белгілі бір алға ұмтылушы бағыттағы қызметтерді орындайтын мемлекеттік және жеке қаржы несиелік ұйымын ұсынады. Мысал келтірер болсақ, жекебанк болып, кәсіпорындарға ұзақ мерзімдегі несиені берумен айналысатын «Industriekreditbank A6-Deutsche Industriebank» банкісін жатқызамыз. Ал мемлекеттікке қызметі экспорттық несиемен және экономиканың кризистік саласымен байланысты «Kreditanstalt fur Wiederaufbau» (қалыптасу банкі) банкін атауға болады.
Нидерландыдағы көптеген мамандандырылған банктер мемлекеттік немесе мемлекеттік кепілдіктер негізінде қызмет етеді. Мұндай банктерге, қаржылық қиындықтарды бастан кешіруші, несиелік қолдауды қажетсінетін және дамушы аймақтардың капитал салымын жүзеге асырушы Ұлттық инвестициялық банкі («De Nationale Investeringsbank N.V.» ), ерекше жағдайларда саяси тәуекелділікті сақтандыруды жүзеге асырушы несиені сақтандыратын Нидерландиялық компаниясы («Nederlandse Creditietverzekering Maatschappij N.V.»). Францияда мемлекеттік несие үлесіне ұзақ мерзімдік несиенің жартысынан көбісі түседі /18, 214б/.
Экономикалық дағдарыстың мерзімі инвестициялық процесстегі мемлекеттің рөлінің күшеюімен, сондай-ақ несиелік институттағы оның өсу жолымен сипатталады. Бұған 1930 жылы құрылған Италиядағы дамудың қайта құрылу институтының қызметін мысалға келтіруге болады. Холдинг пен банктің белгілерін біріктіре отырып, Италияндық дамуды қайта құру институты мемлекеттік акционерлік қатысым жүйесінде әрекет етті. Облигациялық заемдар эмиссиясы, бюджеттен әр түрлі мемлекеттік және аралас қаржы мекемелерінен алынған ақшаға Италия қайта құру (ИҚҚ) өндірістік компаниялары мен тоқырауда тұрған банктердің ірі әрі негізгі акциялар пакетін сатып алып отырды. Италияндық дамуды қайта құру институты мұқтаждыққа байланысты кәсіпорындармен еншілес бола отырып, қосымша акция пакеттерін сатып ала отырып, компаниялар мен банктерді қаржыландырды. Сенімсіз қаржылық жағдайымен құрылымның өтімділігін жүзеге асырды.
Соғыстан кейінгі онжылдықта мемлекеттік «Instituto Mobilliare Italiano» банкінің қатысуымен Италияндық қайта құру институтының аналогиялық мемлекеттік институттары құрылды. Олар: ЭФИМ, ЭНИ, ДЖЕПИ. Бүгінгі таңдағы белгілі бір экономикалық тұрақтылық жағдайында мемлекеттік қолдау өзінің мәнін жоғалтты. Сол себепті, Италия үкіметі өндірістік қаржылық кешендердің сатылап жекешелендіру процесстеріне көшті.
Жапония бизнесінде дәстүрлік мән болып, мемлекеттің тек ұлттық қолдауды ғана емес, сонымен қатар банктік қолдау да маңызды рөл атқарды. Нарықтық механизм қалыс қалған кезде мемлекеттің экономика ісіне араласуы қажет-бұл жапондық модельге тән. Жапондық тәжірибенің бір үлгісі оның экономиканың алдыңғы қатарлы өндіріс схемелары негізіне орнықтыруы болып табылады. Капиталдың орнығуы мемлекеттік қаржылық корпорациясы арқылы өндірістің базалық тармақтарының бағыттарымен орныққан. Келесі кезеңде, яғни экономикалық дамуға қол жеткізгенде, инвестициялық сұранысты қаржыландырудың мүмкіндігін жасау үшін төмендегі банк түрлері қалыптасты: «Ұзақ мерзімді несиелендіру банкі», «Траст банктер» және мемлекеттің қаржы институттарының қызметін толықтыратын банк қатарлары Жапония даму банкі, Жапонияның экспорт-импорттық банкі. Бұл қаржы министірлігіндегі сенім қорларының есебінен ақша қаражатын ұсынды.
Сондай‑ақ қаржылық реттеудің арнайы мына түрлері пайдаланылады: пайыздық реттеу, қызмет сферасы, сыртқы және ішкі нарықтың бөлінуі (капитал мен операция кезіндегі валюталық бақылау) т.б.
Жапония экономикасының және банк өтімділігінің құлдырауы Жапонияны 1997-1998 жж. әлемдік валюталық-қаржылық дағдарысқа алып келді. Сол себепті, экономиканы аяғынан тік тұрғызу үшін және қаржылық сектордың қайта қалыптасуын қамтамасыз ету үшін ел үкіметі мемлекеттің қатысуы бар банктер «Хейсей Файнэншл ресторейшн» корпорациясы негізінде құрылды. «Депозиттерді сақтандыру» корорациясы шығынға ұшыраған бантерді қалпына келтіру .шін және мүмкін болатын тәуекелділіктердің жабылуы үшін осы құрылтайшыларды қажеттіліктермен қаржыландырды. Капиталдық базаның әлсіреуіне, сенімсіз қарыздардың өсуіне себепкер 19 ірі банктің мәселелерін шешу барысында ерекше орын алатын стратегиялық қаржыландыруды және осы банктердің қосылуын алға ұмтылдыру үшін мемлекет қаржысы пайдаланылды.Жаңа индустриялдық елдерде инвестициялық капитал мобилизацисы орнығуына мемлекеттің қатысуы қызығушылық процесін туғызатындығы даусыз. Соның бірі – экономикалық өсудің қажеттілігін қамтамасыз етуімен сабақтасқан Корея Республикасының банктік жүйесінің қалыптасуы. Экономикада өндірістік және ауыл шаруашылық секторын эконом калық даму жобасын қаржыландыру мақсатымен «Кореяның ауыл шаруашылық банкі», қаржылық ассоциация база шеіберінде мемлекеттік несие институты болып табылатын «Корейлік банкі» бекітілді /19, 167б/.
Көп кешікпей, қаржылық қолдауды стратегиялық негізде жүзеге асыратын толыққанды мамандандырылған банктер құрылды. Олар: «Ұзақ мерзімді несие беруші Корей банкі», «Кореяның экспорттық-импорттық банкі», шетелдік капиталды мобилизациялауды және қаржылық емес кәсіпорындарға орта және ұзақ мерзімді несиені алуды қамтамасыз ететін сауда және банк корпорациялары. Ұйымдық-қорлық нарыққа бағытталған қаржының өсуі үшін қабылданған шаралар өзара жинақтаушы компаниялар және инвестициялық – қаржылық банктік емес байланысымен бекітілді. Сол себепті, инвестицияның жоғарғы деңгейіне жету үшін, технологиялық және өндірістік жаңа өзгерістерді еңгізу үшін, сонымен қатар жеңіл несиелік- банктік жүйенің орнығуы үшін мемлекет тарапынан бақылаудың болуы және оның қатысуы бірден-бір қажеттілікке ие болды. Осындай және басқа да мысалдарда көрсетілгендей, несиелік институтта ұлттық экономикада стратегиялық мәселені шешу үшін мемлекеттің қатысуының талап етілетіндігіне куә болдық. Бұл қатысудың деңгейі көптеген жағдайда экономикалық ситуацияның нақты ерекшелігі болып табылатын нарықтық механизмнің, құрылымның және әдістерінің қалыптасуымен анықталады. Жалпы ұлттық қызығушылыққа жету үшін, яғни мемлекеттің, банктің, қаржылық емес кәсіпорындардың өзара тығыз байланыстарды қызмет етуі, әсіресе, экономикалық дағдарыстың этаптарынан шығуға мүмкіндік беретін бірден-бір тиімділік.
Бреттон-Вудскінің институттар деген атпен жалпыға танымал Дүниежүзілік банкі мен Халықаралық валюталық қор (ХВҚ), әлемдік экономикалық және қаржылық тәртіптің бүкіл құрылымын қолдайтын, қос үкіметаралық тірек болып табылады. Екеуінің бір болуы кездейсоқтық емес. Халықаралық ынтымақтастық саналы түрде, бұл екі ұйымды кұруда еңбек бөлінісін жүзеге асыруға тырысты. Бір қарағанда ХВҚ мен Дүниежүзілік банктің көптеген ұқсастық белгілері бар. Бұл екі ұйым да қазіргі кезде олардың мүшелері болып табылатын 180 мемлекеттің үкіметтері арқылы басқарылады. Екі институт та экономикалық мәселелермен шұғылданады және олардың мүшесі болып табылатын елдің экономикасының кеңеюіне және нығаюына өз күштерін шоғырландырады. Екі мекеменің де штабпәтері Вашингтонда. Үзақ жылдар бойы олар бір ғимарат ішінде орналасқан болатын, қазірдің өзінде, бір көшенің қарама-қарсы жақтарында болса да, кітапханалары және басқа да қызметтері ортақ, экономикалық мәліметтерімен жиі алмасып отырады, кейде бірлескен семинарлар мен кеңесулер өткізеді, жұмысшылар кездесулерін ұйымдасгырады. Банк мүшелері міндетті түрде ХВҚ мүшесі болуы керек.
Осыған қарамастан, Дүниежүзілік банк және ХВҚ принциптік айырмашылықтарға ие. Ол мынадан шығады: Дүниежүзілік банк даму мәселелерімен айналысатын негізгі инсти-тут болып табылады, ал ХВҚ — бұл қарым-қатынас орнатушы институт, ол елдер арасындағы төлемдер мен ақшалай түсімдердің тәртіптенген жүйесін кұруға тырысады. Бұл ұйымдардың мақсаты, қаржыландыру көздері әр түрлі және өзіндік мақсаттарына өздеріне тән әдістермен жетуге тырысады.
Бреттон-Вудскідегі келісімде халықаралық қауымдастық өзінің ресми атуы — Халықаралық қайта құру және даму банкісінде (ХВҚДБ) қарастырылған дүниежүзілік банк үшін мәселелер шеңберін орындайды. Осыған сәйкес оның негізгі міндеті — экономикалық дамуды қаржыландыру, яғни екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қираған елдерді қалпына келтіруге көмектесу, сонымен қатар қаржылық көмек көрсету және халықаралық сауда мен төлем баланстарын теңдестіруге ықпал ету.
Дүниежүзілік банк өзінің жұмысын 1946 жылдан бастады. Алғашқы несиелері Батыс Еуропа елдерінің соғыстан қираған экономикасын қалпына келтіруді қаржыландыру үшін берілген болатын. 1960 жылдан бастап ол дамушы елдерге өздерінің несиелерімен көмектесті, сөйтіп олардағы экономикалык және әлеуметтік прогрессті қалыптастырды.Дүниежүзілік банкті құру туралы ұсыныс АҚШ тарапынан болған, олар бірінші кезекте өздерінің соғыс кезінде жоғары өсіп кеткен өндірістік қуаттарын пайдалану үшін экспортты қаржыландыруға мүдделі болды. Сол уақытта халықаралық ұйым көмегімен капитал салымшыларының тәуекелін қалпына келтіру мақсаты көзделді.Дүниежүзілік банк екі үлкен ұйымнан тұрады — Халықаралық қайта құру және даму банкісі (ХҚДБ) және Халықаралық даму Ассоциациясы (ХДА). Сонымен қатар, банкінің құрамына мынадай ұйымдар да кіреді: дамушы елдердің жеке меншік кәсіпорындарын қаржыландыруға бағаттылған Халықаралық қаржылық корпорациясы; Инвестициялық дауларды реттеу бойынша Халықаралық орталық. Инвестициялар кепілдемесінің көпжақты агенттігі.
Дүниежүзілік банкте 6000-нан астам арнайы адам қызмет істейді және әлемде оның 40 бөлімшесі бар, оның қызметкерлерінің 95%-ға жуығы Вашингтондағы штаб-пәтерінде жұмыс жасайды. Олардың арасында экономистер, заңгерлер, инженерлер, агрономдар, телекоммуникация, су жүйесінің, тасымалдау, білім және т.б. салалардың мамандары бар.
Дүниежүзілік банк — инвестиялық банк, инвестор мен алушылардың арасында делдалдық қызмет көрсетеді, яғни біреуінен алса, екіншісіне несие береді. Банк иесі болып мүше болған елдер есептелінеді, олардың акционерлік капиталы 185 млрд. долларға жуық. Қаржының көпшілігін банк жеңілдетілген несие беруге жұмсайды. Несие 100 шақты елдегі жеке меншік мекемелерге және жеке адамдарға беріледі. Жеңілдікпен берген несиелері донор-елдердің қаржысы арқылы шешіледі.
Дүниежүзілік банк әлемде нарықтық капиталдың негізгі несие алушысы болып есептелінеді. Мемлекеттер мен оның өкілдеріне орталық банктерге облигация мен вексель сату арқылы да қарыз алады. Облигация сату арқылы түскен түсімдер дамушы елдерге саясатты өзгертуге байланысты жасаған бағдарлама мен жобаларды қаржыландыруға қолайлы пайыз нормасымен беріледі /20, 308б/.
Дүниежүзілік банк құрылған кездегі негізгі капиталы 10 млрд. доллар болған, ал одан ары ол ұлғайып: 1970 ж. — 27 млрд. доллар, 1980 ж. — 34 млрд. СДР-ға дейін (ол кезде СДР=1.317 долларға теңескен), ал 1994 ж. — 140 млрд. СДР-дан астам болды.Дүниежүзілік банкке мүше болғысы келген әр ел өз квотасының 10%-ын төлеу қажет. Оның 1%-ы доллармен немесе алтынмен, ал 9%-ы ұлттық валютамен төленеді. Төленген каржының бірінші бөлігін банк өз еркімен пайдалана алады, қалғанын берген елдің рұқсатымен жұмсайды, ал қалған капиталдың 90% бірден төленбейді, бірақ банкке өзінің міндеттемесін өтеуге қажет болса, онда ол кез келген уақытта талап етеді.
Дүниежүзілік банк несиелік қабілеті бар дамушы елдердің үкіметтеріне өз несиесін береді.Дамушы елдердің, егер адам басына шаққанда жалпы ұлттық өнім 1200 доллардан асса, бұл ел Халықаралық қайта кұру және даму банкісінен несие алуына мүмкіндігі бар. Бірақ несиенің пайызы банктің нарыктық пайызынан шамалы артығырақ болады. Әдетте төлеу мерзімі 12-15 жыл.Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА) өте кедей елдердің үкіметтеріне несие бере алады. Адам басына шаққанда жалпы ұлттық өнімі 700 доллардан кем елдерге ХДА-ның жұмсайтын барлық несиелерінің 80% жұмсалады. ХДА несиесіне пайыз төленбейді, оның қайтару мерзімі 35-40 жылды құрайды.
ХҚДБ қарыздарын (ссуда) беру шарттары:
- несие тек қана үкіметтерге, олардың орталық банк-тері экономикалық даму үшін жасаған жобаларды қаржыландыруға, әрине, сол үкімет оны қайтаруға кепілдік берген жағдайда;
- несие алушы өзіне қолайлы шарттармен басқа жерден несие алуға мүмкіндігі болмаса;
- ХҚДБ-нің сарапшы комиссиясы ұсынған жобаға баға беріп оны қолдауға рұқсат берген жағдайда;
- қаражатты пайдалану қатаң мақсатты көздейді және қаржы тек қана жобаны іске асыруына қарай, кезең-кезеңімен беріледі.
Бұл ережелер ХҚДБ-нің де және оның несие берушілерінің де мүдделерін қорғауға қызмет етеді. Өйткені кейде несие беру мәселесі саясатқа және экономика жағдайына байланысты болуы мүмкін.
Дүниежүзілік банк несие берген кезде көбірек көңіл бөлетін жобаларға халқының жағдайы өте нашар дамушы елдер жатады. Бірінші кезекте ауылдық жердегі егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысатындарға, шағын кәсіпорындарға және қалаларға несие береді. Бұл көмек олардың еңбекті жақсы жүргізуіне, су, газ, энергия жуйесін қолдануына, денсаулығын жақсартуына, білімін көтеруіне, үй құрылысын өндірімді жүргізуіне мүмкіндік береді.
Қазақстан Дүниежүзілік банкінің мүшесі ретінде оның несиесін пайдаланушы болып табылады. Онын несиесімен ондаған республика үшін маңызы зор жобалар қаржыландырылуда.
Европа қайта құру және даму банкісі (ЕКДБ) 1990 жылы 29 мамырда болған келісім бойынша халықаралык қаржы мекемесі ретінде құрылған. Оның құрылтайшыларына барлық Еуропа елдерімен коса, Албания, АҚШ, Канада, Марокко, Мексика, Египет, Израиль, Жаңа Зеландия, Австралия, Жа-пония, Оңтүстік Корея, сондай-ақ ЕЭО және Еуропалық инвестиция банкісі жатады. Сонымен қатар, бұл банктің құрылтайшыларына КСРО, Чехославакия және Югославия ыдырағаннан кейін құрылған жаңа мемлекеттер енді. Банк жарғысы бойынша барлық ХВҚ мүшелері ЕКДБ-нің мүшесі бола алады. ЕКДБ-нің штаб-пәтері Лондонда. Өз жұмысын бұл банк 1991 жылы сәуір айынан бастады.
Банктің жарғысында белгіленгендей ЕҚДБ-нің мақсаты несие және ғылыми-техникалық көмек беру арқылы бұрынғы социалистік елдерге нарықтық экономикаға өтуіне, жеке және кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға қолдау көрсетеді.
ЕҚДБ-нің басты міндеті — бұрынғы социалистік елдерге саяси жүйенің өзгеру кезеңінде жаңадан экономикалық және әлеуметтік жағдай жасау үшін инвестиция беру, жекешелендіруге, құрылымдык қайта құру (көлік және байланыс, жол, энергия және коммуникациялармен қамтамасыз ету, тұрғын үй шаруашылығы), табиғатты қорғау, т.б. салаларды қолдау болып табылады.
ЕҚДБ-нің негізгі несие беретін объектілеріне — жеке фирмалар, жаңадан құрылған нарықтық құрылымдар, жекешелендірілген объектілер, бірлескен кәсіпорындар жатады.
ЕҚДБ несиелеу қызметін жүзеге асыра отырып, өз жұмысында дамыған елдердің банкі ісіндегі жалпыға ортақ стандарттарды пайдаланады, экономиканың нақты салаларына, инфракұрылымға және экология саласының дамуындағы ұзақ мерзімді жоспарларды жүзеге асыруда жеке инвесторлармен, коммерциялық, орталық банктермен, Үкіметтермен серіктесіп жұмыс жасайды.
ЕҚДБ-нің жүмысындағы маңызды аспекті — басқаратын кадрларды дайындау, әр саладағы нарық кадрларының біліктілігін арттыру. ЕҚДБ бастамасымен ХВҚ, Дүниежүзілік банк, ЕО және басқалармен бірігіп бұрынғы социалистік елдерлің нарықтық экономика үшш банктік және шаруашылық кадрларды дайындауға байланысты міндеттерді шешуғе көмек беретін Біріккен Венск институты кұрылды. ЕҚДБ-нің жарғылық капиталында ЕО елдері квотасы 51%, Орта және Шығыс Еуропа елдері, ЕО-нің мүшесі емес елдері — 13%, қалған Еуропалық емес елдердікі — 24%, олардың ішінде АҚШ үлесі (10%) құрайды. Еуропа елдерінің ішінде Италия, Германия, Ұлыбритания, Франция елдері әр қайсысы — 8,5% иеленеді. Сол сияқты Жапония да ЕҚДБ-ның жарғылық капиталының 8,5% үлесін иемденеді.
ЕҚДБ жарғысы бойынша оған 10 млрд. ЭКЮ-ге акция шығаруға рұқсат етілген. Мұндағы 1 акция 10 мың ЭКЮ номиналына бөлінген.
ЕҚДБ-нің несие қоры жай ресурстар мен арнайы қорлардың қаражаттарынан тұрады. Жай ресурстар құрамына:
- шығаруға рұқсат берілген акционерлік капитал;
- әлемдік капиталдар нарығынан алған заемдық қаражат;
- заемдарды қайтарудан түскен қаражат пен кепілдіктен түскен қаражат, сондай-ақ акционерлік капиталға инвестицияяаудан түскен түсім;
- арнайы қорға жатпайтын ЕҚДБ-нің басқа қаражаты мен табыстары.
Арнайы қорға, арнайы жіберілген қаражаттар, инвестициялардан алған табыстар кіреді. Арнайы қорлардың қаражаты көбінесе тиімділігі төмен әлеуметтік салаларға, несие беруге техникалық көмек көрсетуге жұмсалады.
Өз қызметінде ЕҚЦБ операцияның әр түрлі формаларын қолданады: жекешелендірілген сектордың кәсіпорындарына несие беру, капиталға инвестициялау, бағалы қағаздарды орналастыру, кәсіпорындарға несие нарығына жету үшін кепілдік беру, ғылыми-техникалық көмек көрсету және займдар беру.
Тағы рефераттар
- Студенттің педагогикалық ізденісінің жалпы логикасы және құрылымы
- Кеңес одағы ыдырағанға дейінгі шекарадағы ауыс-түйістер
- Халықаралық әуе тасымалдауы
- Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм. Қазіргі замандағы туризм
- Депозиттің сыныпталуы