Қазақстанда мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынастың анық концепциясы жоқ. Дінге қатысты мемлекеттік саясат қалай болса, солай, саяси мақсаттарда құрылып, шешім қабылдайтын ресми тұлғалардың біржақты көзқарасы мен талғамының ықпалында жүр. Ол құбылмалы, қайшылықтары көп және діни жағдайдың объективті шарттарына да, ар-ождан саласындағы халықаралық стандарттарында да, ел Конституциясына да сәйкес келмейді.
Бір жағынан, барлық деңгейде ресми түрде мемлекеттің діннен бөлінгендігі, барлық діндердің еркіндігі мен теңдігі жарияланып, дүниежүзілік қауымдастығы алдында Қазақстан конфессияаралық бітімшілік аралы болып көрінеді.
Басқа жағынан, мемлекет екі ең ірі және ықпалды діндерді — сунниттік ислам (ҚМРБ) мен христиан православиесін (ОПШ) ашық қолдайды. «Ерекше» топқа иудаизм, лютеранство мен индуизм де жатқызылған.
Ар-ождан мен дін еркіндігіне қатысты мемлекет саясатына келесі факторлар әсер етеді:
— биліктегі элитаның жалпы дінге қарай коммунистік атеистік көзқарастың қалдықтары; осы себепті олар діндарлық пен діни бірлестіктерге, әсіресе, белгісіз, жаңа, «дәстүрлі еместерге» күдікпен қарайды, сунниттік ислам мен христиан православиесін ерекше қолдайтындары, діндерді «жағымды» немесе әдеттегідей билік етуге болатын және «жағымсыз» немесе «жаман», «қауіп төндіретіндерге» бөлуі осыдан;
— биліктегі элитаның жалпы азаматтық құқықтар мен бостандықтар және бөлек ар-ождан еркіндігі сияқты демократиялық құндылықтардың мәнін түсінбеу және қабылдамау; осыдан дінді мемлекет тарапынан бақылау мен реттеуге тырысу, діни бірлестіктердің істеріне араласу, сенушілер құқықтарын шектеу;
— арнайы қызметтердің, әсіресе, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің (ҰҚК) жалпы мемлекеттегі ішкі саясаты мен жеке алғанда, дінге қатысты саясаттың құрылуына тым ұлкен ықпалы; осыдан мемлекеттің ұлттық қауіпсіздікке қауіп ретінде дінге қарауы, «зиянды секталардың» «қара тізімдерін» құру, ар-ождан мен дін еркіндігіне қарсы заң құжаттарын дайындап, шығару, «дәстүрлі емес» діндерді құқық аясынан «ығыстыру» тәжірибесі;
— дінге сену еркіндігін сақтауға қатаң қарайтын дүниежүзілік қауымдастық пен кейбір ірі державалар алдында «жақсы атағын», осыдан «жақсы тізімге» иудаизм, лютерандық пен индуизм сияқты әлем діндерін енгізу, сонымен бірге, көрнекті және кең жарияланған «әлем діндерінің форумдарын» өткізу, «әлем діндері орталығы» мен «конфессия аралық бітімшілік елі» рөлін атқаруға тырысу.
ҚР заң құжаттарында дін істері жөніндегі өкілетті орган көзделген. 2001 ж. дейін Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі (МАҚКМ) жанында бұрынғы (Кеңес кезіндегі) Дін істері жөніндегі Кеңес міндетін атқаратын «діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі» арнайы департамент қызмет атқарған. 2001 ж. наурызда оның міндеті мен құрылымдық бөлімшелерін атқару билік органдарына берді. 2000 ж. мамырдан бастап, ҚР үкіметі жанында діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес қызметін атқаруда. Кеңес қоғам бастамасымен жұмыс істейді, ал, оның тұрақты хатшылығы үкімет кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Осындай кеңестер облыс әкімдері мен Астана, Алматы қалалары әкімдерінің жандарында ашылған. Бұл мемлекеттік сымақ органның конституциялық және заңдық мәртебесі жоқ болғанымен, іс жүзінде кең өкілдікке ие. Ол «барлық мүдделі ведомстволарға» ұзаққа баратын кеңес жібереді. Олар азаматтар үшін заңдық қиындықтар туғызып, конституциялық құқықтарын бұзатын және «ұлттық, әлеуметтік қауіпсіздігіне қауіп төндіретін» «діни экстремистік» бірлестіктер мен «әсірешіл секталар» тізімі; барлық деңгейдегі әкімдерге діни бірлестіктердің «тіркелуін қадағалау» және олардың қызметін «реттеу» керектігі; барлық мұсылман мешіттерін ҚМРБ бағындыру талабы; «миссионерлер қызметін бақылауын күшейту» т.б. Кеңес хатшылығы ар-ождан мен дін еркіндігін шектейтін заң жобаларын белсенді ұсынуда.
2. Мемлекет саясатын халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру
Демократиялық қоғам идеологиясының негізгі құрамдары дінмен санасушылық және барлық дін сенушілерге назар аударып, қарау болуы тиіс.
Дін және діни бірлестіктер қызметі саласындағы мемлекет саясатының мақсаты, қағидалары мен әдістері мемлекеттің халықаралық стандарттарына сәйкес, әркімнің ар-ождан мен дін еркіндігіне ие болу конституциялық құқығын қамтамасыз ету міндетімен белгіленіп, жаңа саяси және әлеуметтік экономикалық жағдайда мемлекеттік конфессиялық қарым-қатынастар дамуын қолдау тиіс.
Дін саласындағы мемлекет саясатының негізгі мақсаттары:
— дініне қарамай, ар-ождан мен дін еркіндігі және әркімнің құқықтары мен бостандықтары теңдігі кепілдерін қамтамасыз ету;
— діни бірлестіктердің еркін қызметіне құқықтық тәртіп орнату;
— діни бірлестіктердің өзара бейбіт қызметін қолдау, әртүрлі дін сенушілер арасыдағы, сенушілер мен сенбейтіндер арасында өзара түсінісушілік пен санасушылықты қолдау;
— қазақстандық қоғамның бірлесуі мен тұрақтылығына, рухани имандылық байлығын сақтап, нығайтуға қолдау көрсету;
— ғаламдану жағдайында конфессия аралық қарым-қатынастардың жақсаруына қолдау көрсететін рухани және мәдени байланыстарды сақтау мен нығайту.
Дін саласындағы мемлекет саясатының негізгі қағидалары:
Діни ұйымдарды мемлекеттен айыру қағидасына сәйкес, мемлекет пен діни бірлестіктер мынадай шарттарды орындайды:
— мемлекеттің діни бірлестіктердің ішкі істеріне араласпауы;
— мемлекеттің діни бірлестіктерді қаржыландырудан бас тартуы;
— мемлекеттік діни немесе атеистік идеологияның, мемлекеттік (міндетті) діннің немесе мемлекеттік (міндетті) діни бірлестіктің жоқтығы;
— мемлекеттің діни, дінге қарсы, атеистік ойлар мен ағымдарды насихаттаудан бас тарту;
— мемлекеттің азаматтар дінге көзқарасын бақылаудан және азаматтарды дініне қарай есепке алудан бас тарту;
— діни бірлестіктердің мемлекет істеріне араласпау, оларға қайсыбір мемлекеттік міндет атқаруына, сонымен бірге, діни бірлестіктердің саяси партиялар мен қозғалыстар қызметіне қатысуға тыйым салу.
Ар-ождан мен дінге сену еркіндігін қамтамасыз ету қағидасына сәйкес, мемлекет әркімге:
— адам және азаматтың дінге көзқарасы, діни немесе діни емес бірлестіктерге қатысуына қарамастан, құқықтары мен бостандықтары теңдігін;
— діни, діни емес (индифферентті) және атеистік көзқарасын еркін таңдау құқығын;
— өз діні мен наным-сенімін өзгерту, жеке басымен немесе басқалармен бірге, ашық не жеке түрде еркін сену немесе ұстану, ілімде, ғибадат жасау мен діни және салттық дәстүрлерді орындауда еркін болуын;
— азаматтарды саяси, экономикалық, әлеуеметтік салада дініне қарап, кемсітуге жол бермеуін;
— діни бірлестіктер (ассоциация) еркіндігіне ие болу құқығын;
— қай дінге жататындығы мен көзқарасын көрсетуден еркін болуын қамтамасыз ету тиіс.
Діни шыдамдылық қағидасы жеке тұлғаның діни өзін-өзі еркін белгілеу құқығын, қоғамның мәдени діни плюрализмін қадірлеу, кез келген діни наным-сенімдерге дұрыс қарап, санасу керектігін мемлекет тарапынан мойындалуын аңғартады.
Діни ұйымдар дербестігі қағидасы мемлекет тарапынан діни ұйымдардың өздерін-өздері ұйымдастыруға, басқару жүйелерін құру, діни салт-дәстүрлеріне сәйкес діни қызмет түрлерін белгілеу, діни қызметкерлерді тағайындауға (кетіруге) мемлекеттік органдарының қайсыбір ықпалын көрсеткізбеу құқығы мойындалуын аңғартады.
Дінге сенушілер мен діни ұйымдар теңдігі қағидасы дінге сенушілер мен әртүрлі дін ұйымдарының қызмет атқарудың тең мүмкіндіктерін беру және істеген құқық бұзушылықтары үшін тең жауапкершілік тағайындауды аңғартады.
Мемлекет пен діни ұйымдардың ынтымақтастығы қағидасы мемлекет пен діни ұйымдар бөліну ұстамына қарамастан, қоғамға пайдалы мақсаттарда: рухани тәрбие беру және мәдениет, денсаулық пен әлеуметтік қорғау, бейбітшілік пен әлеуметтік қауіпсіздік қамтамасыз ету, дінаралық келіссөз өткізу, әртүрлі халықтар мен конфессиялар арасында өзара түсіністік пен санасушылық аясын орнатуда нәтижелі ынтымақтасуы мүмкін екендігін аңғартады.
Дін саласындағы мемлекет саясатын жүзеге асыру түрлері:
— мемлекеттік органдар мен діни ұйымдар қызметін құқықтық және ақпаратпен қамтамасыз ету;
— мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен ынтымақтастығын жетілдіру;
— жалпы мемлекет көлемінде және елдің жекелеген аймақтарында ар-ождан мен дін еркіндігіне ие болу құқығын жүзеге асыру, конфессия аралық қарым-қатынастар, діни жағдайдың даму бағыттарын анықтау, діни бірлестіктердің қоғам өміріндегі рөлі мен азаматтардың дінге және діни бірлестіктерге көзқарасын тұрақты түрде зерттеу мақсатында діни бірлестіктерді мониторингтен өткізу жүйесін құру;
— мемлекеттік қызметкерлерді дін тану маманы бойынша және құқық жағынан дайындау жүйесін құру;
— мемлекет пен конфессиялар арасындағы мәселелерді зерттеуге және дін мен діни бірлестіктер қызметі саласындағы ғылыми зерттеулерді қолдау үшін ғалымдарды (социологтар, саясаттанушылар, дінтанушылар, философтар, психологтар, заңгерлерді) тарту.
Дін саласындағы мемлекет саясатын жүзеге асыру әдістері
Мемлекет дін саласындағы өз саясатында билік, әкімшілік құқықтық әдістерді қолданудан бас тарту тиіс. Кейбір жағдайда осындай әдістерді қолдану керек болатынын мойындап, мемлекеттік органдар басқа да әдістерді қолдану тиіс, оның ішінде тараптар теңдігіне негізделген, яғни, мүдделерін келістіру, іс-әрекеттерін түйістіру, келісімдер мен шарттар жасасу. Мемлекеттік органдар діни бірлестіктерге бағыну нысаны ғана емес, тең құқылы серіктес ретінде қарауы тиіс. Мемлекеттік органдар өз басқару қызметінде бақылау және қадағалау міндеттері ең төменгі дәрежеде қолдануы тиіс. Ал, діни бірлестіктер қызметін бақылау кез келген басқа ұйымдар сияқты бақыланып, қадағалануы тиіс. Билік-бағыну түріндегі қарым-қатынастар орнына әлеуметтік серіктестік пен өзара жауапкершілік келуі тиіс.
Тағы рефераттар
- Аралық станса түрін таңдау
- Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы
- Ұйқы безі
- Лингвистикалық жабдықтау
- ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары