Дюркгейм Эмиль туралы қазақша реферат

Дюркгейм  Эмиль (1858–1917) – француз ойшылы,  кәсіби әлеуметтанудың негізін салушы.

Эмиль Дюргеймнің  (1858-1917)- француз социялогы, сологияны ғылым, мамандық және оқу пәні ретінде қалыптастырушылардың бірі. Францияның солтүстік-шығысындағы Эпинал қаласында  1858 жылы 15 сәуірде Раввин әулетінің отбасында дүниеге келді. Париждегі Жоғары қалыпты мектепті тамамдаған кейін,провинциалды лицейлерге бірнеше жыл бойы сабақ берді.1887 жылы Бордо қаласындағы университетте әлеуметтік ғылым және педагогика оқытушысы қызметіне тағайындалды.Он жылдан соң ол бұл жерде Фрациядағы ең алғашқы әллеуметтік кафедрасын басқарды.

1896 жылы Дюркгейм социялогия тарихында елеулі оқиға болған жаңа мерзімді басылымға басшылық ете бастады.Ол 1896 жылы – 1913 жылдар аралығында редакциялаған L`Annee BaGi Sociologique журналы, ең алғашқы рет дюркгеймдік мектеп зерттеулерінің нәтижелерін жариялай бастады.Бұл жылнама Франциядағы түрлі бәсекелесуші топтар арасындағы дюркгеймдік социалогия үстемдігінің негізгі институционалдық факторы болды.

Журнал қызметкері кәбіне оның бас редакторының идеяларына негізделген күшті ғылыми ағымды қалыптастырды.Бұ кейін “Француз социялогиясының мектебі”- деген атқа ие болып, осы елдегі социялогияның дамуын бірнеше он жылдыққа айқындап берді.

1902 жылы Дюркгейм атақты Сорбоннаға шақырылады.Нәтижесінде оның әллеуметтік бойынша лекциялық-курсының негізінде  “Тәрбие және әллеуметтану туралы ғылымдар” кафедрасы құрылып, ол оған да жетекшілік етеді.Дюркгейм тек қана француз социялогиясын қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге пән ретіндегі социялогия шеңберінен шығып, француздың интеллектуалды және тіпті саяси дағдарыстарына белсене қатысты.

Көзі тірісінде Дюркгейм Төрт кітап шығарды:”Қоғамдық еңбек белісі туралы” (1893), “Социялогия әдісі” (1895), “Өзін-өзі әлтіру” (1897) және “Діни әмірдің қарапайым формалары” (1912).

Дюркгейм өзінің әлеуметтік көзқарастар жүйесін құрған теориялық-методологиялық база “социологизм” деп аталды. Ол социологиялық реализмнің бір түрі деп есептеледі.Бұл бағыттың басты ерекшелігі номинализмге қарама-қарсы қойылуына болды. Социологиялық реализм өзінің парадигмасы ретінде адамзат қоғамын ерекше шындық ретінде мойындау қажеттілігі мен міндеттілігін көрсетті. Социология пайда болғанға дейін арнайы оқу пән ретінде мұндай әлеуметтік шындықты зерттеумен бірде-бір ғылым саласы айналысқан емес.

Социологиялық әдіс ережелерінде Дюркгейм қоғамның психологиялық фактілерге сәйкес келмейтін өзінің жеке шындығы . Әлеуметтік шындықтың мұндай ерекше сипатын мына фактіден көруге болады, біз бұл шындықты қалауымыз бойынша жойып жібере алмаймыз.Қоғам біздің ойларымыз бен тілектерімізге қарама-қарсы тұрады, себебі ол табиғат объективттілігімен салыстыруға болатындай объевтивтілігімен ие, алайда ол екеуі бірдей емес.

Социологизмнің онтологиялық жағы, әлеуметтік шындықтың басқа да- физикалық  биологиялық, психологиялық шындықтарға қатысты автономия орнатуы болып табылады.Ол негізделген, тұрақты және белгілі бір заңдар әрекетіне бағынады.

Осыдан келіп “әлеуметтік факт теориясы” шығады. Әлеуметтік шындықтың мазмұнын, Дюркгейм бойынша болмыстың не экономикалық,не құқықтықтық және басқа да фактілерін жатқызуға болмайтын әлеуметтік фактілер құрайды.Бұл әлеуметтік фактілердің мынадай өз алдына дербес сипаттамалары бар: ғылым мен дін арасындағы қарым-қатынас осы ғылым саласы дамуының “классикалык” кезеңдегі барлық социологтардын дерлік зерттеу тақырыптар ішінен негізгілерінің бірі болады.

Дюркгейм өз еңбектерінде барлық әлеуметтік институттардын функционалдық себептілігі туралы идеясын біршама дәйекте жүргізеді.Таза ұтымды тәсіл тұрғысынан келгенде қандай да бір әлеуметтік институт немесе қарапайым дәстүр, әдет-ғұрып орхайкалық орынсыз,мәнсіз болып көрінуі мүмкін.Алайда,егер олар ұзақ уақыт бойы өмір сұрап келсе,демек олар белгілі бір әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталатындағы және егер жойылмаған болса онда оны жеткілікті түрде қанағаттырып отырғаны.

.

Тағы рефераттар