Джон Фитцджеральд Кеннеди 1917 жылы 29 мамырда Массачусетс штатының Бостон қаласы, Бруклин ауданында дүниеге келді. Ол отбасында Джозеф пен Роза Кеннеди тоғыз баланың ішіндегі екінші ұлы еді. Оның атасы Патрик Кеннеди ХІХ ғ. 50ж. Ирландиядан қиыншылық көргендіктен Құрама штаттарға қоныс аударуға мәжбүр болады. Джонның әкесі Джозеф Кеннеди АҚШ-тағы жағдайға тез бейімделді. Ол Бостон мэрінің қызына үйленіп, өз карьерасын тез арада көтеруге зор мүмкүндік алды , банк ісімен айналысты.1917 жылы Джозеф Кеннеди өз карьерасында бір сатыға көтерілді. Ол «Бетольком стиль» компаниясының бас меңгерушінің көмекшісі болып орналысты.
1930 жылы Джозеф Кеннеди ірі миллионерлердің қатарына қосылды. 1932 жылы саясатпен айналысуға кіріседі. Сөйтіп, Франклин Рузвельттің президентік кандидатурасын қуаттап, оған көптеген қаржысын құрбан етеді. 1936 жылы ол «Я-за Рузвельта» деген кітабін жазады. Осылай ол Англиядағы АҚШ-тың елшісі қызметіне дейін көтеріледі. Менің Джон Кеннедидің әкесіне тоқталып кетуімнің себебі, Джонның саясатта осындай жетістікке жетуіне бірден-бір септігін тигізген оның әкесі еді. Өйткені, Джозеф Кеннеди балаларын жастайынан саясатқа баулып, сол кездегі әлемдегі халықаралық жағдайды талдап, өз көзқарасын, пікірін айтып отыруға баулыған./2/
Джон Кеннедидің балалық шағы Бруклинде өтті. Әкесінің қызметінің жоғарылауымен Кеннедилер отбасы Нью-Йоркке қоныс аударады. Әкесі Джонды жергілікті бастауыш мектепке береді. Ол жерде оқып жүріп оның тарихқа деген қызығушылығы көрінеді. Ол жастайынан алғыр, зерек болып
өсті. Кітап оқуға әсіресе, тарих, география және рыцарьлардың жорықтары
мен Американың алғашқы қоныстаушылары туралы тақырыптарды оқуға
құштарлығы зор еді.
13 жасында Джонды Коннектикут штатындағы католиктік мектеп-интернатына береді. Бірақ бұл жерде ол ұзақ тұрақтамады.Өйткені, бұл мектептегі білім оны қанағаттандырмады. Одан кейін жекеменшік мектепке
береді.Джозеф Кеннеди өз балаларын буржуазиялық тұрғыдан тәрбиелеп, білім береді және саясатқа қызығушылығын бақылап отырады. Бұл туралы Джонның інісі Роберт Кеннеди былай дейді: «біз дастархан басында отырғанда, әрдайым президент Т.Рузвельттің қандай саясат ұстанғандығын және әлемдегі халықаралық жағдайды талқылап отыратынбыз».
Джон жекеменшік мектепті бітіргеннен кейін әкесі оны Лондон экономика мектебіне жібереді. Содан соң ол Гарвард университетіне түседі. Кеннеди
Гарвард университетінде оқып жүрген кезде мемлекеттік құқық және буржуазиялық мемлекет қызметінің механизімінің қыр-сырын оқып үйренеді./3/
Джон Кеннеди бірінші курсты аяқтаған соң Европа елдеріне сапарын ұйымдастырады. Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы Европа өмірін өз көзімен көреді. Джон 1937 жылдың жазында әкесіне жазған хатында былай жазады: «Испания халқының 95% Құрама Штаттардағы жағдайдан толығымен бейхабар». Кеннедидің айтуынша, испан халқының көпшілігі азамат соғысында Францияны қолдайды. Ол республикалық Испаниядағы жұмыстар халық игілігіне жасалып жатқанына таң қалды.
Джон өзінің күнделігінде,Испаниядағы соғыс республика құруға талпынды,- деп жазады. Бірақ, фашизмнің біріккен күштеріне қарсы күрескен республикандықтар жойылып кетті. Кеннедидің мойындауы бойынша Испаниядағы республиканың режиміне деген көңілі суыды. Ол Германия мен Италия үшін фашизм «қалыпты жағдай»,-деп есептеді.
1937 ж. аяғында президент Рузвельт Джозеф Кеннедиді Ұлыбританиядағы елші етіп тағайындады. Ол өзінің мәлімдемесінде Чемберлен үкіметімен бейбіт саясат жүргізуді ұсынды. Ол Рузвельтке Европадағы әскери шиеленістерге араласпауын және қауіпті жағдайлар туындамас үшін қарулану керектігіне кеңес берді. Джон Кеннеди өзіндегі мүмкіндіктерді пайдаланып, өзінің демалыстарын Лондон мен Францияда өткізеді. /4/
Кеннедидің сүйікті кітабі — Виктория ханшайымның премьер- министрлерінің бірі — Вильям Лэмбтің қызметінің тарихына арналған – «Мельбурн» кітабы еді. Кітапта саяси қайраткерлердің қызметі баяндалады. Мельбурнның өз қарсыластарына қарсы күресі Кеннедиді таңқалдырады. 1938-39 жылдары Джон Кеннеди Европа мемлекеттеріне сапарын ұйымдастырады. Ол осы сапарында Кеңес Одағында,Балкан елдерінде болады. 1940 жылы Джон Гарвард Университетін үздік дипломмен бітіреді. Ол өзінің диплом жұмысын ағылшын сыртқы саясатына арнап, оны «Мюнхендегі ымырашылдық» деп атайды.
Бұл шығармада Джон Кеннеди Чемберленнің саясатын жақтап, оның ымыралшылдыққа тек ағылшын іскер тобының және пацифистердің қысымымен барғанын баяндады. Кейіннен бұл жұмыс Джозеф Кеннедидің көмегімен «Почему спала Англия ?» деген атпен жарияланады «Почему спала Англия ?» кітабы АҚШ пен Ұлыбританияда 80 мың данамен тарады. Бұл кітап Джон Кеннедиге танымалдылықпен қатар 40 мың доллар қаламақы әкелді.
1939 жылы 1 қыркүйекте Гитлер әскері Польшаға басып кіргеннен кейін, екінші дүниежүзілік соғыс басталады. 1940 жылы Рузвельттің сайлау компаниясына қатысу үшін Джозеф Кеннеди АҚШ-қа қайта оралады. Ол Бостон газеттеріне берген сұхбатында «Мен АҚШ-тың бұл соғысқа араласпауы үшін барлық әрекетке барамын. Соғысқа араласудың ешқандай мәні жоқ»,-деп мәлімдеді.
Осы мәлімдемеден кейін Рузвельт Джозеф Кеннедиден көңілі қалады. 1940 жылы Рузвель президент болып сайланған соң Джозеф Кенадиді АҚШ-тың Англиядан елшісі қызметінен босатады. Осыдан кейін ол Америкадағы саяси топтардың арасында ешқандай роль ойнамайды.
Жапонияның Перл-Харбор әскери базасына жабуылынан кейін және Тынық Мұхитта соғыс басталғаннан кейін Джон Кеннеди әскерге қабылдану туралы өтініш береді. Бастапқыда денсаулығына байланысты кедергілер туындағанымен, оған әскери теңіз флотына қабылдану сәті түседі. 1942 жылдың аяғында Джон Кеннеди АҚШ әскери теңіз күштерінің торпедо қатерлерінің отрядын басқару туралы бұйрық алады. 1943 жылы жас офицерді Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіне жібереді.
1943жылы 2 тамыздағы түнде Кеннеди Фергюсон бұғазында оның « РТ -109» катерін жапондық «Амагири» эскадралық минатасушысы шабуыл жасағаннан кейін өлім аузынан қалады. Қатты соққы штурвалда тұрған Кеннедиді суға лақтырып тастайды. Кейіннен Кеннедидің экипажын американдықтар құтқарып алады.
Бірақ, соғыс оның ағасы Джоға қайырымдылық танытпайды. 1944 жылы оның ұшағы неміс базаларына шабуылы кезінде жарылып кетеді.
Екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен соң Кеннеди өз күшін журналистика саласында байқап көреді. Оны 1945жылы Херст прессасының өкілі ретінде Сан-Франциско конференциясына жібереді. Конференцияда БҰҰ құру туралы келісімге қол қойылады. Кеннеди БҰҰ маңызын түсінбеді. Бұл халықаралық ұйымның жарғыларына көңілі толмады.
Кейіннен Джон Кеннеди журналистикамен қоштасады. Оның саяси күресте өз бағын сынап көру ынтасы оянады. Бұл жоспарларды жүзеге асыруда Кеннедиге демеуді әкесі береді, өйткені үлкен ұлы Джо қайтыс болғаннан кейін барлық үмітті Джонға артады. Кеннеди өз отбасының саяси өмірге араласуын былай баяндайды: «Егер мен өлсем, онда менің інім Боб сенатор болар еді, ал ол бақытсыз жағдайға ұшыраса, ініміз Тедди біз үшін сенатор болуға ұмтылар еді»./5/
1946 жылы Джон Кеннеди қала өміріндегі саяси жағдаймен танысу үшін Бостанға келеді. Джон Кеннедидің саяси карьерасы АҚШ Конгресіне Бостан қаласы бойынша №11 сайлау округінен басталады. Көргендердің айтуы бойынша Кеннеди біраз уақыт бойы Массачусетс штатының көлеңкелі жақтарына үйрене алмады. Ол: « Етік киетін сәт туды Джо. Егер ол тірі болғанда, мен бұл тірлікпен ешқашан айналыспайтын едім», — деп жиі айтатын.
1952 жылы Кеннеди республикандық сенатор Г. Лоджды саяси күреске түсуге шақырады. Джонның сайлау компаниясын інісі Роберт басқарды. Лодж қауіпті қарсылас болатын және осы уақытта генерал Д. Эйзенхауер бастаған республикалықтар билік басына оралған еді. Генерал Массачусетс штатынан 208 мың дауыс жинап жеңіске жетсе, Кеннеди болса 70 мың дауыс басымдықпен Лоджды жеңіліске ұшыратты. Ол 1958 жылы сайлаушылардың 70% — тен артық дауысын жинап, қайта сайланды.
Сенатор-Кеннеди бағаны және тұрғын үй ақысын реттеу саясатын қолдады. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын мақұлдады. Кәсіподақтардың құқығын қорғады және Тафт – Хартли заңына қарсылығын білдірді.
Бірақ сыртқы саясат саласында және бірқатар мәселелерді шешуде солтүстік штаттардың демократтарының басым көпшілігінен оңшыл саясат ұстанды. Ол президент Труменді, мемлекеттік хатшы Дж. Маршалды және мемлекеттік департамент шенеуніктерін, Қытайды коммунистердің билігіне «беріп» қойғаны үшін айыптаған республикалықтарға қосылды. Қорғаныс саласы бойынша Ақ үй саясатын сынға алып, шет елдерге көмек беру бағдарламасына сенімсіздік танытты. Шіркеу мектептеріне көмек беру бағдарламасына қолдау білдірді. Ауылшаруашылық жәрдем ақшалардың жоғары және қатаң бағалармен бекітілуіне қарсы дауыс берді. Азаматтық құқық мәселесінде өз позициясын нықтап ұстанды. Кеннедидің және ортодоксальді либералдардың көзқарастары азаматтық бостандық саласына келгенде екі жарылғаны айқын көрінеді. Бұл уақыт ұлттық қауіпсіздік және жеке бостандық арасындағы тепе-теңдіктің бұзылғандығы анық көрінген «Қырғи қабақ соғысы» мен Кореядағы соғыс жылдары еді. Кеннеди азаматтық бостандық жағынан гөрі, қауіпсіздік жағында болды. Бұл мәселе коммунистерге қарсы крест жорықтарын ұйымдастырушы Висконсин штатынан шыққан республикандық сенатор Дж. Маккартидің әрекеттерінің нәтижесінде көпшілік назарында болды. Кеннеди Маккартиден бөлек болуды дұрыс көрді, бірақ оның ашық қарсыластарының арасында да болмады. 1954 жылы Сенат Маккартидің әрекетін жоққа шығару үшін дауысқа салғанда Кеннеди денсаулығына байланысты қатыса алмады және бірнеше жыл көлемінде осы мәселе бойынша өз позициясын айқындай түсті. 1952 жылы Сенаттағы орын үшін болған компания барысында Кеннеди республикандықтардан қолдау тапты. Кеннеди де Лодж да Маккарти туралы пікірталастан аулақ болуды дұрыс көрді, өйткені Массачусетсте оның жақтастары көп болатын.
1953жылы Джон Кеннеди Вашингтонның «Таймс геральд» газетінің фоторепортері, Нью – Йорктік банкирдің қызы – Жаклин Бувьеге үйленеді.
Бір жағынан Джон Кеннеди 50ж. басы мен ортасында жас саяси қайраткер сияқты көрінді. Бірақ, көпшілік оның қатты ауру екенін білмеді. Омыртқадағы ауру күннен күнге асқына түсті. Дәрігерлердің айтуы бойынша Кеннеди қан рагінің жарылуынан бірнеше жыл ғана өмір сүруі мүмкін еді./6/
1954 жылы басында омыртқадағы аурудың асқынуына байланысты Джон Кеннеди қайта операция жасатуға шешім қабылдайды. Кеннедиге операция жасап, омыртқасына болат пластина орнатады. Бірақ, бұл одан да жаман ауру тудырады. Сөйтіп, пластинаны алдырып тастайды. 1955 жылы Нью – Иорктік дәрігер Жаннет Травельді естімегенде, оның одан кейінгі өмірі мен саяси карьерасы қалай өрбитіндігі беймәлім еді. Дәрігердің емін қабылдағаннан соң Кеннеди біртіндеп жеңілдене түседі. Кеннеди операциядан кейін өзінің сол аяғы оң аяғынан қысқарғанын анықтайды. Бұл арқадағы аурудың күшеюіне әсер етті. Кейін оның денсаулығы бірден жақсарады. Кеннеди өзін белсенді өмірге қайта әкелген тек қана дәрігер Травель деп есептеді. 1956ж. Джон Кеннеди ауруханада жатып, «Черты мужества» кітабын жазып шығарады. «Черты мужества» кітабы АҚШ –та даулы табысқа ие болды және Кеннедидің танымалдылығының өсуіне ықпал етті. Кітап жарық көргеннен бір жыл өтісімен Кеннеди өмірбаян бөлімі бойынша «Пулицер» сыйлығын иеленеді.
Саясат аренасына қайта келгеннен соң Кеннеди бірқатар заң жобалары үшін көп еңбектенеді. Президент сайлау жүйесіндегі халқы тығыз орналасқан өндірістік дамыған штаттар ұсынған басты басымдық консервативті селолық аудандар делегаттарын өзіне қаратуда маңызды қарсы салмақ екенін айқындай отырып, ол 1956 жылы сайлаушылар коллегиясы реформасына қарсы күресті басқарды. Ол бұрынғы президент Г. Гувер басқарған үкімет аппаратын қайта ұйымдастыру бойынша көптеген заңдық нұсқауларды рәсімдеді. Кеннеди қарулы күштердің медициналық кітапханасын ұлттық медициналық кітапханаға айналдыру жөніндегі заң жобасын бекітуді де қамтамасыз етті. Осы жобалардың нәтижесінде оның Конгрестегі абыройы да беки түсті. Ол бұл постқа Дж. Адамстан Тафтқа дейінгі американ саясаткерлеріне арнаған «Черты мужества» кітабы үшін «Пулицер» сыйлығын алған соң ғана орнықты.
1956 жылы Демократиялық партияның ұлттық конвенті Джон Кеннедидің жалпы халықтық саяси аренаға шығуына жол ашты. Э. Стивенсон екінші мәрте президент постына бару үшін өз партиясымен басқа да жолдарға барды және конвентке сайлауда вице – президенттікке кандидат ретінде серіктес таңдау туралы ұсыныс жасады. Кеннедиге теннесийлік сенатор – Кнефовер өте қауіпті қарсыластық білдірді. Өйткені, ол алдын – ала сайлау нәтижесінде бірқатар штаттарда жеңіске жеткен болатын. Кеннеди келесі сайлауларда сайлау бюллетендердегі алғашқы орындарға ұмтылуға асықпай кірісті. Ол 1958 жылы Сенатқа қайта сайлауда сенімді жеңіске қол жеткізген болатын. Кеннеди қоғамдық өмірдің назарында болу үшін барлық әрекетке барды. Ол газет – журналдарға ондаған мақалалар жазды. Кәсіподақтың әрекеттерді тергеумен айналысқан Маккленланның кең көлемде жарнамаланатын комитетінің мүшесі болды.
Сонымен қатар, Сенат арқылы еңбек қатынастарын реформалау туралы заң жобасын өте шебер жүргізе білді. Алжир мен Үндістанға экономикалық көмек беру мәселелерінде өз тағдырын өзі шешуін талап етіп, сыртқы саясат саласында өз беделін көтеріп алды.
1960 жылдың басында Кеннеди өз кандидатурасын ресми түрде ұсынған кезде, оған Миннесоталық сенатор – Х. Хэмфри, Миссурилік сенатор – Саймингтон, Техастық – Л. Джонсон және Э. Стивенсон қарсы тұрды. Екі апта өткеннен кейін республикалықтар өз кандидаты етіп вице – президент Никсонды таңдады. Кеннеди өз серіктесі сенатор Джонсон оңтүстіктен дәстүрлі қолдауды қамтамасыз еткеннен кейін, өз күшін халық тығыз орналасқан солтүстік – шығыс штаттарға салуға кірісті. Бұл стратегия табыс әкелді, бірақ бұл басымдылық маңызды болмады. Кеннеди Никсонды 119 мың дауыс басымдығымен жеңді. Кеннеди мен Джонсон сайлаушылардың 303 дауысын алды, Никсон иен Лодж – 219, сенатор Бирд – 15 дауыс жинады./7/
Кеннеди 1961 жылы 21 қаңтарда АҚШ президентінің антын қабылдады. Жаңа президенттің жоспары «Жаңа шекара» бағдарламасы деп аталды. Конгресс бейбітшілік корпусын құруды, ең төменгі жалақыны көтеруді, әлеуметтік сақтандыруды, ымыраға келтіруді мақұлдады және тұрғын үй, елдің кедейленген аудандарына көмек беру, жұмысшы күшін қайта даярлау және уақытша жұмыссыздарға жәрдем ақы тағайындау туралы заңдарды қабылдады. Президентке импортқа тарифті төмендету туралы келіссөз жүргізуге теңдессіз өкілеттілік берілді.
Конгресс оның бірқатар қарттарға медициналық көмек көрсету, қала істері жөніндегі министірліктер құру, білім беру саласына жан-жақты көмек беру туралы ұсыныстарын қабылдамады.
Конгресс Ақ үймен салыстырғанда либералды және белсенділікке ынталы болмады. Маңызды комитеттердің басшылығының орнын бақылап отыратын оңтүстік демократтар, республикандық одақтастарының көмегімен атқарушы биліктегі өзінің тежеуіш әрекетін сақтап қалды. Президент өзінің заң шығарушы бағдарламасымен қоғамдық қолдауға ие бола алмады. Жеке тұрғыдан алғанда, ол өте танымал болды. Дегенмен, ел өркендей түсті және сайлаушылардың қалың топтарын билікті ауыстыру қажет екенін сендіру қиын болды. Президенттің жоғары бағаланған екі заң жобасы бірнеше айлар бойы жүзеге асырылмады. Бұл заң тек президент өлгеннен кейін қабылданды. Бұл заңның бірі жеке және корпоративтік кіріс салығының мөлшерін төмендету жолымен экономикалық өсуге жағдай жасауды көздеді. Екінші жоба азаматтық құқықты қорғауға байланысты еді. Бұл салада президент анағұрлым кешігіп әрекет етті. 1960 жылы демократиялық платформадағы өзінің сайлау алдындағы уәдесіне және сеніміне қарамастан, ол басқа бағдарламада, әсіресе сауданы либерализациялау барысында оңтүстік штаттардың конгресмендерімен ара-қатынасты шиеленістіріп алмау үшін тәуекелге бара алмайтынын білдірді. 1963 жылы бүкіл елді афроамерикандық тұрғындардың ірі –ірі ереуілдер толқыны жайлады. Администрация жұмысқа жалдау және жергілікті қоғамда қолдану барысында дискриминациялауға қарсы тарауларды қарастыру, сонымен қатар, федералдық жәрдем қаржы беру бағдарламасын тоқтату сияқты заң жобаларын талдауда толық құқылы серіктес ретінде Конгресстің республикандық мүдделерін бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.
1963 жылдың аяғында алдынғы сайлауға дайындалу мақсатымен, президент Кеннеди АҚШ қалаларына сапарға шықты. 22 қараша күні Техас штатында іс– сапармен жүргенде Даллас қаласында атып өлтіріледі. Полиция бұрынғы теңіз жаяу әскері, біраз жылдар бойы КСРО – да өмір сүрген, кейіннен АҚШ– қа оралып, Жаңа Орлеанның мафия топтарымен тығыз байланыста болған және бір жағынан өзін «солшыл» деп атаған 24 жастағы Ли Харви Освальдты тұтқындады. Тұтқындағаннан екі күн өткен соң Освальд Далластағы түнгі клубтардың қожайыны, қылмыс әлемімен байланыста болған Дж. Рубидің қолынан қаза тапты. Кеннедидің өлімінен кейін президенттік антты қабылдаған, вице – президент Л. Джонсон президент өлімін зерттеу үшін Жоғарғы соттың төрағасы Уорреннің басшылығындағы комиссияны тағайындады. Комиссия 1964 жылы 27 қыркүйекте жариялаған баяндамасында Кеннеди Ли Харви Освальдтің қаласынан қаза тапқанын дәлелдеді. Бұл оқиға ХХғ. ең шулы, құпия қылмыстардың бірі. Бұл қылмысқа әлі күнге дейін нүкте қойылған жоқ. Сондықтан мен бұл мәселеге кеңінен тоқталып кетемін.
Тағы рефераттар
- Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде адам денсаулығына ауыр зиян келтіру
- Сақтандыру саласы
- Жеке тұлғаның эстетикалық талғамының қалыптасуына қазақ халқының ұлттық қолөнерінің әсері курстық жұмыс
- Оқушыларды эстетикалық тәрбиеге баулу
- Қазіргі қазақ поэзиясындағы дәстүр жалғастығы