Екі тактілі карбюраторлы мотор туралы қазақша реферат

Төрт тактілі мотордың кемшілігі болып саналатын поршеньнің дайындық ретіндегі жүрісінің көп болуы екі тактілі моторда болмайды, мұнда жұмыстық жүріс поршень төрт жүргенде емес, екі жүргенде ғана орындалады. Екі тактілі мотордың жұмыс схемасы

Мұның жоғарыда суреттеліп өткен төрт тактілі мотордан айырмасы, клапанның механизмі болмайды, оның орнына тесіктері цилиндрдің өзінің қабырғаларында терезелері болады және айдағыш насостың рөлін атқаратын тығыз жабылатын картерде де терезесі болады.

Цилиндрдің кабырғаларында үш терезе бола­ды: copy (1), үрлеу (2) және шығару (3) терезелері. Сору терезесі арқылы (2.3, А-суретте) жанар қоспа карбюратордан (4) copy трубамен —(5) картердің (6) қуысына сорылады. Copy поршені (8) жоғары қарай жүрген кезде тығыз жабық тұрған картердің ішінде сирелу пайда болуы салдарынан туады. Copy терезесінің үстінде тұратын шығару терезесі (3) арқылы, (2.3, В-суретте) жұмыстық жүрістің ақырында пайдаланылған газдар сыртқы ауаға айдап шығарылады.

Үрлеу терезесі (2) шығару терезесінен біраз төмен тұрады (2.3, А-сурет) және картер қуысынан поршень ТШН-де тұрғанда мотор цилиндрімен тікелей қатыстырып тұрады.

Екі тактілі мотордың жұмысы былай өтеді. Поршень (8) жоғары қарай қозғалған кезде цилиндрдің (7) жоғарғы жағында сығылып тұрған жанар қоспа шамның (свечаның) (9) көмегімен төрт тактілі мотордай от алады.

Отын жанғанда пайда болған жылу жану өнімдерін сығу камерасында (10) қыздыра түседі. Газдардың қысымы 1,8-2,0 МПа дейін жөтеді. Газдардың қысымының әсерінен жұмыстың жүрісі жасалып, поршень төмен қарай жүреді. Газдардың қысымы шатун арқылы иінді білікке беріледі. Бұл қаралып отырған моторлар түрінің кривошипті механизмінің құрылысы, жоғарыда қаралып өткен төрт тактілі моторлардікі сиякты.

Жұмыстық жүрістің ақырында поршень шығару терезесін 3 ашады (2.3, Б-суретте). Цилиндрдің ішіндегі қысым сыртқы атмосфераға қарағанда әлі де жоғары болатындықтан (0,2-0,ЗМПа), пайдаланылған (жану қалдығы) газдар үлкен жылдамдықпен сыртқа шыға бастайды

Поршень одан әрі төмендеген кезде цилиндр қабырғасының қарсы жағынан   үрлеу   терезесі (2) ашылады, бұл сығылған жанар қоспа тұрған картер қуысымен іштей қатысып тұрады. Бүйірлік канал бойынша картерден жанар қоспа мотор цилиндріне өтіп, оны толтырып, пайдаланылған газдарды шығару терезесі арқылы айдалып шығуына көмектеседі.

Жаңа қоспаның ағынын жоғары сығу камерасына қарай бағыттау үшін, цилиндрді пайдаланылған газдардан жақсы тазарту үшін және жаңа қоспаның шығару терезесіне тікелей өтіп кетуіне жол бермеу үшін поршеньнің жоғарғы жағында қайтарғыш қондырғы болады. Сөйтіп, бірінші такт кезінде жұмыстық жүріс орындалады, мұның аяқ кезінде пайдаланылған газдар цилиндрден шығарылып, картерден жаңа қоспа цилиндрге әкелінеді. Цилиндрде жұмыстық жүріс өтіп жатқан кезде картерде жанар қоспа сығылады. Бүйірлік канал және үрлеу терезесі (2) арқылы цилиндрге келген жанар қоспа поршень жоғары қарай қозғалғанда сығылатын болады. Поршень цилиндрде сығу тудыра отырып, сонымен бірге картер қуысында да сирелу тудырады. Бұл .жағдайда картердің тығыз жабылуы екі тактілі мотордың жұмыс істеуі үшін өте қажет шарт болады.

Орын ауыстырған кезде поршень картерді (6) карбюратормен (4) қосып тұратын терезесін ашады. Сыртқы ауамен картердегі қысымның бірдей болмауының арқасында сору трубасы (1) бойынша карбюратордан жа-нар қоспа картерге ағып келе бастайды. Цилиндрде жанар қоспаны сығу орындалады және процестерді көрсетілген графиктен байқауға болады.


Тағы рефераттар