Екінші симфония («Богатырская»)
Екінші симфония Бородиннің симфониялық шығармаларының ең үздігі және тек қана орыс музыкасының емес, бүкіл әлемнің симфониялық музыкасының ұлы ескерткіштерінің бірі.
Симфонияны композитор 1869 – 1876 жылдары, «Князь Игорь» операсымен бірге, жазды. Сондықтан кейбір музыкалық материалдар алдымен опера үшін жазылып, кейін симфонияда қолданылды.
В. В. Стасовтың берген «Богатырская» атауы халықьа қалыптасып кетті. (Мусоргский оны «Славяндық қаһарманды» деп атаған).
Бородин баяу бөлімде орыс батырларының жиналысын, ал финалда – батырлар тойын суреттейді.
Осы суреттердің барлығы бір патрриоттық идеяға бағытталған. Отанға деген махаббат және батырлар қуатын мадақтау – шығарманың басты тақырыптары болып табылады.
Бірінші бөлім. Бұл бөлімде батырлық бейнелер ең толық көрінеді. Ол сонаталық allegro формасында жазылған. Негізгі партияның бастапқы тақырыбы аса ерекше. Ол бүкіл бірінші бөлімді дамытатын элемент.
Мұнда бірлен батырлық образ пайда болады. Ол – князь Игорьдің партиясында кездескен, және жалпы орыс халық әндерінде кеңінен кездесетін трихордтық әуендерді қамтиды. Ал әуеннің тербелген жүрісі бурлактардың «Эй, ухнем» әнін еске түсіреді. Бір сатының екі хроматикалық нұсқасы қатар тұрмаған болса да, көзге түседі. Мұндай еркшелік бөлінген хроматизм деп аталады. Ол орыс халық әндеріне сай.
Тақырып саз жағынан да өте өзгеше. Мұнда мажордың да, минордың да, фригиялық саздың да белгілері бар, ал негізгі саз – си- минор.
Қысқа байланыстырушы партия жанама партияға әкеледі. Бұл тақырып өзгеше: ойға шомдыратын, баяу, жарқын әуен. Кейбір жүрістері «Князь Игорьдің» хорларын еске түсіреді: прологтағы «Славаның» үшінші тақырыбын, Операның финалдық хорының соңын.
Жанама партия негізгі партияға қарама-қарсы қойылмайды. Операдағы негізгі кейіпкерлердің арасындағы қатынас мында да қайталанады – батырлық бейнені бекітеді. Кейін, даму бөліміне жеткізетін өткінші музыкалық құрылыс басталады. Қарама-қарсылықтың жоқтығынан даму бөлімінде екі партияның интонациялары үйлесіп, бір әуен құрады.
Даму бөлімі Бородинға сай эпикалық, сурет принциптері бойынша жазылған. Оның құрамында бірнеше бөлімше бар. Олар бірнеше тақырыпқа жазылады.
Ең бірінші тақырыптың интонациялары шағын кіріспеде естіледі. Эпизод жылдам темпте жүреді. Бірінші тақырыптың әуендері кейде негізгі түрде, кейне жанама тақырыппен үндескен түрінде естіледі.
Жаңа эпизод – лирикалық суреттеме: жанама партияның орындалуы. Даму тоқтамайды, сабырлы, бапты болады. Бұл шабуыл алдындағы дем алу сияқты. Одан кейін доминантаның орган пунктіндегі күштің өсуі репризаға әкеледі.
Репризаның басы – даму бөлімінің шарықтау шегі және қорытындысы. Батырлық бейненің құдіреті арта түседі.
Бірініші тақырып – анағұрлым қатты, ауыр орындалады (ритмнің ұлғаюы, fff, жаңа аспаптардың қосылуы). Репризада жанама партия одан да нәзік, ал соңғы тақырып жігерлірек болады.
Екінші бөлім. Симфониялық циклдың Екінші бөлімі Бородинда скерцо болып табылады. Алдындағы бөліммен ол ең қысқа байланыспен қосылады – ұзақ созылатын аккорд.
Скерцо үш бөлімді формада жазылған. Бірінші және үшінші бөлімдері дамуы (даму бөлімі) жоқ сонаталық аллегро болып табылады.
Олар ұстамсыз, жылдам қозғалысқа толы. Жоғарыға көтеріліп (ішектілердің пиццикатосы) сосын төменге қарай ұмтылады (ағаш үрмелі аспаптардың аккордтары) және оның бастапқы сарынынан өсіп шыққан әуезді, ынтық, жұлқынған, синкопалық ритмдері бар екі тақырып қамтитын біркедкі жиі пульс (валторнадағы октавалар) бірінші такттардан-ақ қалыптасады.
Скерцоның ортаңғы бөліміне шығыстың сарыны тән. Мұнда қозғалыс тоқтаңқырайды да баяу әуен ақырын ғана толқиды. «Князь Игорь» операсының ІІ көрінісінің басында суреттелген лирикалық бейне пайда болады. Арықырай дамып, ол күңіренген унисонды фразаларға оралды. Олар І бөлімді еске түсіреді, бірақ лирикалық жанама партияны емес, батырлық тақырыпты еске түсіреді. Осылай симфонияның біртұтастығына мүмкіншілік туады.
Үшінші бөлім. Andante’ ны батырлық-эпикалық ән деп атауға болады. Ол халық аңызшысы Баянның бұрын өткен витязьдарадың ұлы шайқастары мен жорықтары туралы әңгімесі болып табылады.
Баянның гуслиінде ойынын бейнелейтін арфаның сабырлы аккордтары тыңдаушыны бірінші бөлімнің эпикалық бейнелерінің арасына әкеледі. Осы арфаның сүйемелдеуінде валторнаның бапты, жайлы әуені естіледі.
Ол жанама сатыларының диатоникалық аккордтарымен гармонияланады. Сазы ауыспалы. Ырғағы ораламды, метрі ауыспалы, фразалары бір-біріне тең емес (ұзындығ жағынан), сондықтан әуен еркін ағады да аңызшы – импровизатордың әңгімесіне аса ұқсас болып келеді.
Үшінші бөлімнің негізгі партиясы болып табылатын валторна мен кларнеттің тақырыбы сонаталық аллегро формасында жазылған. Ал жанама партияда ішекті аспаптар тремолосының сүйемелдеуімен бұл тақырып әртүрлі аспаптардың орындауында өтеді. Әр аспаптың орындауындағы тақырып алдыңғы аспап орындаған тақырыптың соңғы интонацияларынан өсіп шыққан фразалар өтеді.
Жанама партия мен негізгі партияның туыстығынан біріншісі екіншісінің жалғасы сияқты естіледі. Бірақ мұнда көңіл-күй қатты өзгереді. Эпикалық тыныштық сабырсыздық күйге ауысады. Ол аңызшышың бейбіт өмірді суреттеуден қауіпті, қатерлі жағдайларға көшкенге ұқсайды.
Бұл оқиғалардың суреті соңғы бөлімде және өңдеу бөлімінде аса айқын бейнеленеді. Мұнда үлкен драматикалық қ ысым сезіледі, жоғары ұмтылған интонациялар мен оларға қарама-қарсы хроматикалық жүрістер пайда болады, экспозицияның әртүрлі әуендері бір-біріне қабаттаса келеді. Өсу кульминацияға әкеледі – бұл бірінші тақырыптың нұсқаланған, түрленген әуендерінің қуатты бекітілуі.
Реприза негізгі партияны оркестрдің бірігіп орындауында қайта естілуімен басталады. Жанама дыбыстардың рөлін қосымша партия мен өңдеу бөлімінің кейбір жүрістері атқарады. Тынымсыз күйден жарқын, шуақты, қуанышты жайға ауысады да, батырлық күш жеңісінің суреті пайда болады. Эпикалық әңгіме толық тыныштықпен – бастапқы кларнет әуені мен арфаның аккордарымен аяқталады. Валторна негізгі тақырыпты ритмикалық ұлғаюда орындап, ІІІ бөлімді тәмәмдайды.
Тағы рефераттар
- Қылмыстық заңның мезгілдегі күші
- Кәсіпкерлік қызметтің белгілері мен прициптері
- Кеңес мектебінде суретті оқыту әдістемесі
- Кәсіпорынның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері
- Бірлескен кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру