Ғылыми жоба 

Тақырыбы : Сенің атың кім?

Әлемде алфавит әріптерінен тұратын мыңдаған сөздер бар. Бірі адамға жағымды әсер етеді, бірі ренжітіп, күлдіртеді, енді бірі сыңғырлап тұрса, басқасы есті алып шаршатады. Бір ғана сөз әр адамға әрқашан жағымды естіліп, құлақты тартып, қалай айтса да көңілін аударып, бойын сергітеді. Ол – адамға азан шақырып қойған аты. Сонау адам баласы туғаннан бері, өмір сүріп жүргеннен бері еститіні, өзінің аты. Адам аты қалай айтылса да, қай тілде айтылса да, қандай көңіл күй болса да ешқашан өзінің мағынасын жоғалтпайды. Адам атының қасиеті осында.

Ал қазақ халқы ат қою рәсіміне ерекше көңіл бөлген. Себебі бала – адамның бауыр еті. Қай ата-ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата-ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып, жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша.

Қазақ салты бойынша балаға атты ырымдап қояды. Оның ішінде жатқан сыр қаншама десеңші.

Ырымға байланысты ат қою

Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата-анасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. Кейде олар келісе отырып, бала есімін өздері таңдайды. Егерде әке-шешесі, ата-әжесі тірі болса, өз немере, шөберелерінің есімдерін солар қояды. Мұндайда үлкен кісілердің айтқаны – заң. Олар айтқан есімді ата-анасының азан шақыртып, сәбиіне қоюы – бұлжытпай орындалатын міндет. Тек есте болатын бір жағдай, сәбиге ат қойғанда айтылуы қиын, қатаң дыбысты, жақсы да жаман мағына беретін, немесе айқайлап тұрған есімдерді қоймаған жөн.

Біздің дана халқымызда «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты болады», — деген наным-сенім бар. Адам есімі келешек тағдырына қаншалықты ықпал етеді? Аттас адамдардың көбісінің мінез-қылығы неліктен бір- біріне ұқсас? Бұл ХХ ғасырдың басынан бері ға- лымдардың зерттеу жүргізіп келе жатқан жұмыстарының бірі. Соның нәти- жесінде кейін адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда болды. Осы адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі.

Ырымдап ат қою – қазақтың қанына сіңген дәстүрі. Соның ішінде бала туысымен ең алғаш кездескен кісінің атын қою – бұрындары жақсы ырым саналған. Және де ата-бабаларымыз жаңа туған нәрестеге көз тимесін, өмірі ұзақ болсын деген ниетпен баласына әдейі түпкі мағынасы сиықысыз есімдерді де қойған. Мұндай дәстүр қазақтарда ғана емес, орыстарда да бар. Орыс халқында: Клавдия (ақсақ), Ардалион (лас), қазақ халқында: Жаман, Қиқым, Шоқпыт, Сасық секілді есімдер сондай ырыммен қойылған. Жалпы, Шоқан Уәлиханов ырымды әдет-ғұрыпқа жатқызса, Сейіт Кенжеахметұлы «Ырым – халықтың жақсы ниетінен туған ғұрып, халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы»,- дейді. Олай болса, ырымдап ат қоюдың айыбы жоқ. Қайта ол – жақсы дәстүр. Тек қазіргі заманда бұрынғыдай мағынасы сиықсыз есімдерді балаға қоймағанымыз дұрыс.

Иә, баласының атын ырымдап қою – ата-анасының ниетін білдіреді. Қазір де көп адам баласына ғұлама болсын деп – Марғұлан, Қаныш, ақын болсын деп – Абай, батыр болсын деп – Едіге, Жәнібек, Алпамыс, ақылгөй ана болсын деп – Зере, Айғаным деп ырымдап ат қойып жатады. Бір ғажабы, кейбір елдерде «тағдыр» деген сөз ат қою деген мағынаны білдіреді екен. Бұл сөздің жаны бар. Өйткені, ертеректе адамдар атын өзгертуді өз өмірін басқа арнаға бұру деп қабылдаған. Өмірінде күрт өзгеріс болған, мысалы, күйеуге шыққан қыздардың тегін өзгертуі де осындай түсініктен шыққан дейтіндер де бар. Бәрі мүмкін. Ал, Латын Америкасында бір адамға қосарланған аттың сыртында бірнеше есімді, яғни, 8-9 атты бірақ қою дәстүрі қалыптасқан. Оны Бразилия мен Мексиканың телевизиялық сериалдарынан айқын аңғаруға болады. Бұл теледидарлық хикаяттарда Луис – Карлос – Фернанда – Аугусто – Мария – Хосе — Игнасио деген шұбалаңқы есім айтылмайды ма? Бұл жақта өзіне осындай шұбалаңқы есім қойылған бала өсе келе солардың ішінен бір атты таңдап алып, туған-туыс, жолдас-достарына сол есіммен өзін атауды өтінетін көрінеді. Есімдерді ырымдап қою бірнеше топқа бөлінеді. Олар негізінен, мынандай: атақты, белгілі, ғұлама, жақсы адамдарға тартсын деп олардың есімін қою, бала тілеп, тілеуі қабыл болғанда шүкіршілік айтып, соған лайықты атау, ондай есімдер: Тілеуқабыл, Аллаберген, Құдайберген, Тілеуберген, Тәңірберген. Шаңырақта сәби шетіней бергенде сәби тұрсын деп, жағымсыз аттарды қою. Ат ұстар ер бала тумай, қыз өмірге келе бергенінде қыздың есіміне «ұл» сөзін тіркес етіп, сәбиді, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлбосын, Ұлтуар, Ұлжан тәрізді есімдермен атап, ұл күту. Егерде баланың бойында меңі, қалы бар болса, қазақтар ұл-қызын соған сәйкес Қалдыбай, Меңдігүл, Меңсұлу деген тәрізді есімдермен де атаған. Тіпті, қазақ халқында ырымға да қатысты мынандай есімдер бар: Ырымкүл, Ырымбала, Ырымтай, Ырымжан. Баласы қайтыс болғаннан кейін шаңырақта тағы да бір сәби дүниеге келсе, біздің ата-бабаларымыз оны өлген ұл-қызының орнына келген санап, сол баланың өтеуі деп, ұлдарын Төлеген, Төлеу, Төлеубек, Төлеуқадыр деп атауды ырымға айналдырған.

Көрдіңіз бе, біздің қазақ халқының сәбиіне ат қоярда ырымға қалай сенетіні, ырымды қалай сақтайтыны. Тіпті, Шыңғыс атамыздың өзі Шоқан өмірге келгенінде ол Сегіз серідей әрі ақын, әрі батыр болсын деп оның есімін Мұхаммед – Қанапия қойған көрінеді.

Сәбиге ат қоюдағы салт-дәстүр негізінен, қазақ халқында балаға ат қойғанда ата-аналардың арқа сүйейтін ең басты он бес салт-дәстүрі бар. Олар:

1. Балаға артық саусағына қарай ат қою. Есімдері: Артық, Артықәлі, Артық-бай,Қосекен.

2. Балаға тіл-көз тимейді деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай.

3. Баланың дені сау, жаны берік болуы үшін ат қою. Есімдері: Тасболат, Тастемір,Шымырбай.

4. Баласы шетіней берген үйде жас сәбиге ат қою. Есімдері: Аман, Аманкүл, Есен, Жүрсін, Тоқтар, Тұрсын, Тұрсынкүл .

5. Бала-шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжасар, Мыңжасар, Өмірбек, Сексенбай, Тоқ- санбай, Ұзақбай.

6. Бұрын-соңды болған қару-жарақ аттарына байланысты ат қою. Есімдері: Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Шоқпарбай .

7. Елдің ардақты азаматтарының атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпен жаңа туылған балаға ат қою. Есімдері: Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Исатай, Қазыбек, Махамбет, Сәбит, Сәкен, Сырым, Төлеби, Ыбырай.

8. Ерекше көзге түскен белгілеріне қарай ат қою. Есімдері: Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай, Құдірет, Меңдібай, Меңдігүл, Сүндет.

9. Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою. Есімдері: Ғали, Жамал, Зылиха, Иса, Мұхаммед, Омар, Оспан, Сүлеймен, Хадиша.

10. Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың, қымбат мата- лардың, нәзік өсімдіктердің атын қою. Есімдері: Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз, Күміс, Құралай, Мақпал, Меруерт, Раушан, Шолпан, Шынар.

11. Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою. Есімдері: Лекер, Шалабай, Шалабек.

12. Мұрат-мақсатыма жеттім-ау деген ниетпен ат қою. Есімдері: Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат.

13. Соңғы балаға ат қою. Есімдері: Кенжебай, Кенжегүл, Кенжетай.

14. Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты ат қою. Есімдері: Арыстан, Аюбай, Бота, Ботагөз, Бүркіт, Қойшыбай, Сандуғаш.

15. Ұлы жоқ үйде қыз туғанда ат қою. Есімдері: Болған, Тойған, Ұлбала, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлбосын, Ұлтуар, Ұлжан, Ұлту.

16. Өмірі гүлдей жайнасын деген ниетпен ат қою. Есімдері : Гүлнұр, Гүлден, Гүлжан, Гүлнар, Гүлназ, Гүлдана.

Басқа халықтан сіңісіп кеткен есімдер Қазақ халқының салты бойынша, балаға үш күннің ішінде ат қойылуға тиісті.

Бұл да бұлжытпай орындалатын заң. Жасыратыны жоқ, халықтардың бір-бірі мен ыстық қарым-қатынасының нәтижесінде және сол ұлттың, ұлыстың әдебиеті мен тарихын оқып, білудің нәтижесінде кейбір есімдер бір-біріне ауысып, сол
халықтың бірқатар есімдері біздің төл есімдерімізге де айналып кеткені қашан.
Әсіресе, қазақтарда ежелгі түркі, араб, Иран есімдері көп. Олардың кейбірі мынандай: Ежелгі түркі есімдері
Едіге («жақсы»), Ораз («байлық, сәттілік»), Манас («Сұмдық алып»), Бөкей («батыр, мықты»).
Араб есімдері
Абылай («ата, әке»), Аида («сыйақы, пайдалы»), Әсел («бал»), Әмина («сенімді»), Асхат («бақытты, сәтті»), Ғазиза («сүйікті, қымбатты»), Ғани («бай»), Данияр («жақын, таныс»), Динара («күміс ақша»), Жамал («әдемі, тартымды»), Қадір («құрметті»), Қайрат («күшті, қуатты»), Мәлік («патша»), Мұхит («мұхит, қоршаған орта»), Мұхтар («ерекше, таңдамалы»), Рәзия
(«сүйікті, тартымды»), Сәбит («нық, сенімді»).
Иран есімдері
Айдана («ақылды, дана»), Айнагүл («таза, мөлдір»), Ахан («темір»), Бақтияр («бақытты, қалаулы»), Бибігүл («Гүл шашқан ханым»), Дана («данышпан, ақылды»), Жәния («нәзік жанды»), Раушан («көрнекті, ашық-жарқын»), Рүстем («батыр, ержүрек»).
Бұрындары қазақ халқында біріккен сөздерден тұратын, яғни, әрбір сөз, есімнің бірінші әрпін бір-біріне қосып қойылатын есімдер де болатын. Солардың бірі – МЭЛС. Ол Маркс, Энгельс, Ленин, Сталин деген есімдердің бірінші әрпінен тұрады. Сондай-ақ, қала аттарымен (Ирак, Бағдат) балаларды атау да орын алды.

Планеталардың ықпалы Ғылыми деректерге сүйенсек, адамның туған кезеңінің, маусымның тағдырға тигізер әсері мол.
Әсіресе, қысты күндері туғандардың басты қасиеті пысықтық, көктемде туғандарға жұмсақтық, жаз мезгілінде туғандарға қайырымдылық, күзде туғандарға шаруақорлық қасиеттер тән. Есімдері түрлі әріптен басталатын жас жұбайлар есімдері ұқсас, бір әріптен басталатын адамдарға қарағанда бақытты өмір сүреді екен. Мәселен, Марат, Хасен. 4+1+2+1+4=12. 5+1+3+5+ 5=19. 12+19=31. Қорытынды сан (31). Яғни, 1-9-ға дейінгі бір таңбалы санға сәйкестендіріледі.31-бұл(3+1=4).

Міне, осы 4 саны сіздің есіміңіздің саны болып есептеледі. Назар аударыңыз!

Әрбір әріп белгілі бір санға сәйкес келсе, әрбір сан белгілі бір планетаның ықпалына бағынады. Адам өз есімінің қай планетамен байланысты екенін төмендегідей тәсілмен анықтай алады.

Осы кесте бойынша әрбір адам өз есімінің тиесілі санын анықтап, сол арқылы қай планетаның мінезі мен тағдырына қаншалықты әсер ететіндігін білуіне болады. Әрбір есімнің санына сәйкес планеталардың ықпалына орай адам бойында қалыптасатын ерекше қасиеттер:

1. Күн. Күн планетасының ықпалындағылар: көсемдер, асқақ көңілді тә-каппар, астамшыл және жауапкершілігі мол адамдар.

2. Ай. Сезімтал, талантты, шығармашылыққа бейім ойшылқиял кеңістігі мол көпшіл, сезімтал да парасатты жандар.

3. Юпитер. Кеңпейіл, оптимист, адамның тілін таба білетін қасиеті мол, бір- ден шешім қабылдай қоймайтын, идеалист жандар.

4. Уран. Тік мінезді және бірбеткей, өзімшіл болып келеді, жақсы жұмыс істеп, адамдармен тез достасады.

5. Меркурий. Көпшіл, епті және табиғатында бастамашыл, әр нәрсені білуге құмар, сыншыл, сәтсіздікке мойымайды.

6. Шолпан. Табиғатында сезімтал, сүйкімді, аздап тәкаппарлау, іскер, әр уақытта қай істе де жолы болғыш.

7. Нептун. Жұмсақ мінезді және материалдық жағдайы әркелкі, сезімтал, ымырашыл, қайырымды философтар.

8. Сатурн. Ішкі жан дүниесі сезімтал, бірақ сырт
көзге суық көрінеді. Прагматик, жетістікке өз еңбегімен ғана қол жеткізеді. Бірбеткей, өте сақ, бірақ оларға әр уақытта сенім артуға болады.

9. Марс. Қайратты, қызба, басынан сөз асырмайтын, қысымға төзбейтін, өзімшіл, қай уақытта да тек өзіне ғана сенеді.

А-Ә-1 Е-5 Л-2 Р-2 Х-5 Ы-І-1
Б-2 Ж-2 М-4 С-3 Ц-3 Ь-1
В-6 З-7 Н-Ң-5 Т-4 Ч-7 Э-6
Г-Ғ-3 И-Й-1 О-Ө-7 У-Ұ-Ү-6 Ш-2 Ю-7
Д-4 К-Қ-2 П-8 Ф-6 Щ-9 Я-2

Ал еліміз 1991 жылы өз егемендігін алғаннан бері және өзінің тұңғыш президентін сайлағаннан бері Нұрсұлтан аты ең танымал аттың біріне айнала берді. Еліміздің тұрғындарының көпшілігі жаңа туған сәбилерін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  секілді ақылгөй, танымал азамат болсын деп Нұрсұлтан атап жатады.ҚР Әділет министрлігі мамандарының айтуынша, елімізде Нұрсұлтан есімді азаматтар қатары жыл өткен сайын көбейе түсуде. Қазір елімізде бұл есім – танымал әрі ең көп тараған аттардың бірі. Әсіресе, 2005 жылы Елбасымен аттас сәбилер дүние есігін көптеп ашқан жыл болып есептелетін көрінеді. Мәселен, бір ғана Оңтүстік Қазақстан облысында сол жылы желтоқсанның 1–6 аралығында өмірге келген 25 сәби Президенттің есімін иеленген. Мамандар мұны сол жылы өткен Президент сайлауымен байланыстырады. Сол  жылы Қазақстанның өзге аймақтарында, Семейде – 34, Алматыда – 32, Астанада – 26, Көкшетауда – 21, Ақтөбе мен Ақтауда – 14, Атырауда – 11 және Петропавлда 10 Нұрсұлтан есімді нәресте дүние есігін ашыпты.

 Биыл  өткен сайлауға байланысты да қаншама перзент Нұрсұлтан есімін иеленіп жатыр.

Биылғы жыл еліміз үшін жемісті болып жатыр. Атап айтсақ, ЕҚЫҰ одағына көшбасшы болдық, оған қоса 7-ші азиада ойындары өтті. Соған орай елімізде Азиада мен ЕҚЫҰ Саммитіне байланысты адам есімдері де пайда болды. Самитхан деген есіммен 13 бала, Саммит деген есіммен 19 бала аталды.  

2010 жылы туған балалардың танымал есімдерінің статистикасы 

Қыздар

Ұлдар

              аты

саны

аты

саны

АРУЖАН

1709

ЕРАСЫЛ

1255

КӘУСАР

1098

ДИАС

880

АЯУЛЫМ

1087

НҰРАСЫЛ

837

ДИАНА

905

АЛИХАН

771

АЛИНА

816

МИРАС

737

АМИНА

805

МАКСИМ

674

МАДИНА

762

БЕЙБАРЫС

647

НҰРАЙ

759

АРТЁМ

638

АЙША

721

САНЖАР

626

ДАРЬЯ

689

НҰРИСЛАМ

624

АЙЗЕРЕ

667

АЗАМАТ

608

АНАСТАСИЯ

666

НИКИТА

589

САБИНА

656

КИРИЛЛ

569

ЖАНСАЯ

607

ИСЛАМ

560

ЖАНЕРКЕ

607

АЛЕКСАНДР

550

НАЗЕРКЕ

583

НҰРДӘУЛЕТ

505

СОФИЯ

581

ДАМИР

493

ІҢКӘР

573

РУСЛАН

461

АЯЖАН

567

ДАНИИЛ

457

АЙЫМ

563

АМИР

443

ВИКТОРИЯ

561

АРСЕН

434

АРАЙЛЫМ

546

ДМИТРИЙ

432

МЕРЕЙ

531

ӘДІЛЕТ

428

АНЕЛЬ

503

БЕКЗАТ

421

АЙДАНА

495

ЕРНҰР

419

ДИЛЬНАЗ

492

АЛДИЯР

415

МИЛАНА

474

РОМАН

407

АҚЕРКЕ

431

ИЛЬЯ

399

ЕКАТЕРИНА

426

БЕКАРЫС

391

МАЛИКА

418

ТИМУР

388

Мен де қарапайым қазақ отбасында дүниеге келдім. Әсіресе, әжем ырымды қатты сақтайды, қазақтың шынайы аттарын жақсы кореді. Міне сондықтан болар, немерелерінің атын нағыз қазақи, әрі ұйқас етіп қойған. Ең үлкен немересін – Алдияр деп атаған. Одан кейінгілері – Мадияр, мен - Данияр және Исламдияр. Анам әрқашан «менің балам ақылды» деп мені жақсы кореді. Онысы менің атым дана, білімді дегенді білдіреді екен. «Атына заты сай менің баламның» деп әрқашан мақтанатыны да содан екен. Сонымен қатар үстінгі кесте бойынша санап қарасақ, менің атым 6 санына сәйкес келеді екен. Ол -  Шолпан. Табиғатында сезімтал, сүйкімді, аздап тәкаппарлау, іскер, әр уақытта қай істе де жолы болғыш. Шынымен солай екеніне күмәніңіз бар ма? Бұл-мақтаныш емес, есімнің адамға тура әсер беретінінің тағы бір дәлелі. Сонымен қатар, айтайын дегенім, Алдияр, Мадияр, Данияр – ағайынды үш адамның балаларымыз. Кішкентай кезімізде біз бір шаңырақтың ішінде туып, өстік. Біздің есімдерімізді ұқсастырып қоюдағы әжемнің мақсаты – бір адамның баласындай болып, тату өссін дегені екен.

Өткен жылдың желтоқсан айында менің кішкене қарындасым дүниеге келді. Сол қарындасыма ат тауып қою бір қиынға түсті. Әке-шешем, әжелерім, туыстарымыз керемет-керемет аттарды айтып, ең соңында тоқтағаны Малика болды. Малика деген аттың мәнісі, өскенде дәрежесі зор, ең сүйкімді, өжет дегенді білдіреді.

Сөз соңында айтарым адамның мінез-құлқы өзіне қойылған атына сай болып келетіні, өмірде көп жағдайда байқалады.


Тағы рефераттар