Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығының субъектілері мен объектілері
Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикi мұнайды, газ конденсатын экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығын төлеушiлер болып табылады.
Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын салу объектiсi болып табылады.
Экспортқа нақты өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi салық төлеушiнiң оларды тасымалдауға жұмсаған шығыстарын шегере отырып шикi мұнайдың, газ конденсатының сапасына төмендетiлген баға (үстеме баға) ескерiлген нарықтық бағасын негiзге алып есептелген экспортталатын шикi мұнайдың, газ конденсатының құны экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын есептеу базасы болып табылады.
Шикi мұнайды, газ конденсатын тасымалдауға арналған шығыстар деп осы баптың мақсаттары үшiн мыналар түсiнiледi:
а) шикi мұнайды, газ конденсатын темiр жол, магистральдық құбыр жолы және (немесе) теңiз жолдары арқылы тасымалдау кезiнде көлiк тарифiне ақы төлеу;
б) шикi мұнайды, газ конденсатын ағызу және құю жөнiндегi шығыстар;
в) шикi мұнайды, газ конденсатын жолда сақтандыру жөнiндегi шығыстар.
Өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасын айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Егер салық төлеушiнiң шикi мұнайының, газ конденсатының сапа көрсеткiштерi магистральдық құбыр жолы арқылы тасымалданатын шикi мұнай, газ конденсаты қоспалары көрсеткiштерiнен төмен болса, шикi мұнай, газ конденсаты сапасына төмендетiлген баға ұсынылады. Егер салық төлеушiнiң шикi мұнайының, газ конденсатының сапа көрсеткiштерi магистральдық құбыр жолы арқылы тасымалданатын шикi мұнай, газ конденсаты қоспалары көрсеткiштерiнен жоғары болса, шикi мұнай сапасына үстеме баға ұсынылады.
2.2 Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына
салынатын рента салығының ставкалары мен төлеу тәртібі
Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын төлеу бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.
Салық төлеушi бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.
Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығы бойынша декларация тiркеу орны бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей берiледі.
Пайдалы қазбалар өндiрудi жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшiн республикалық бюджеттің кiрiсiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мөлшерде роялти түрiнде аударымдар жасайды.
Бұл ретте салық салу объектiлерi мен осы аударымдарды төлеу мерзiмдерiн айқындау осы Кодексте роялти төлеу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзіледi.
Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына
рента салығының ставкалары
Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығының ставкалары мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
____________________________________________________________________
Нарықтық бағасы | Ставкасы
__________________________________________________|_________________
бiр баррель үшiн 19 АҚШ долларынан кем 0 процент
бiр баррель үшiн 19-дан 20 АҚШ долларына дейiн 1 процент
бiр баррель үшiн 20-дан 21 АҚШ долларына дейiн 4 процент
бiр баррель үшiн 21-ден 22 АҚШ долларына дейiн 7 процент
бiр баррель үшiн 22-ден 23 АҚШ долларына дейiн 10 процент
бiр баррель үшiн 23-тен 24 АҚШ долларына дейiн 12 процент
бiр баррель үшiн 24-тен 25 AҚШ долларына дейiн 14 процент
бiр баррель үшiн 25-тен 26 АҚШ долларына дейiн 16 процент
бiр баррель үшiн 26-дан 27 АҚШ долларына дейiн 17 процент
бiр баррель үшiн 27-ден 28 АҚШ долларына дейiн 19 процент
бiр баррель үшiн 28-ден 29 АҚШ долларына дейiн 21 процент
бiр баррель үшiн 29-дан 30 АҚШ долларына дейiн 22 процент
бiр баррель үшiн 30-дан 31 АҚШ долларына дейiн 23 процент
бiр баррель үшiн 31-ден 32 АҚШ долларына дейiн 25 процент
бiр баррель үшiн 32-ден 34 АҚШ долларына дейiн 26 процент
бiр баррель үшiн 34-тен 36 АҚШ долларына дейiн 28 процент
бiр баррель үшiн 36-дан 37 АҚШ долларына дейiн 29 процент
бiр баррель үшiн 37-ден 38 АҚШ долларына дейiн 30 процент
бiр баррель үшiн 38-ден 40 АҚШ долларына дейiн 31 процент
бiр баррель үшiн 40 АҚШ долларынан астам 33 процент
____________________________________________________________________
Салық режимiнiң бiрiншi үлгiсi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер пайда болған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргізіледi.
Пайдалы қазбалар өндiрудi жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшiн республикалық бюджеттің кiрiсiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мөлшерде роялти түрiнде аударымдар жасайды.
Бұл ретте салық салу объектiлерi мен осы аударымдарды төлеу мерзiмдерiн айқындау осы Кодексте роялти төлеу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзіледi.
Салық режимiнiң бiрiншi үлгiсi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер пайда болған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргізіледi.
Мiндетті салық сараптамасынан өткен және 2004 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыретті орган мен отандық немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда айқындалған салық режимi олардың қолданылуының белгіленген бүкiл мерзiмi ішiнде сақталады және қолданылады әрі Қазақстан Республикасы салық заңдарының өзгеруіне байланысты тараптардың келісімі бойынша түзетiлуi мүмкiн.
Салық режимi өнiмдi бөлу туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жасалған келісім-шартта ғана айқындалады.
Өнiмдi бөлу туралы келiсім-шартта белгіленетiн салық режимi келісім-шартқа қол қойылған (жасалған) күні қолданылатын жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуiн реттейтiн Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелерiне сәйкес болуға тиіс.
Салық сараптамасы жүргізілген күн мен өнімді бөлу туралы келісім-шартқа қол қойылған күн аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының салық заңдары өзгерген жағдайда қайтадан сараптама жүргізіле отырып, салық режимi осы өзгерістерге сәйкес келтірілуге тиiс.
Өнімді бөлу туралы бiр келiсiм-шарт бойынша жер қойнауын пайдалануды бiрнеше салық төлеушi жүзеге асыратын жағдайда келісім-шартта белгіленген салық режимi олардың барлығы үшін ортақ болып табылады. Бұл ретте:
1) осындай келiсім-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушiлер салық салу мақсатында бірыңғай шоғырландырылған есеп жүргізуге және келісім-шартта белгіленген барлық салық пен төлемдерді төлеуге міндетті;
2) бiр келісiм-шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын резидент eмec жер қойнауын пайдаланушыларға келiсiм-шартта белгіленген салықтар бойынша осы Кодекстің 184-186-баптарына сәйкес салық салынуға тиіс.
5. Жер қойнауын пайдаланушы келісiм-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін eceптеу және осы келісiм-шарт аясынан тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн eceптeу үшін бөлек есеп жүргізуге міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу келiсiм-шарттардың негiзгi түрлерiне қарай екi үлгiге бөлiнедi:
1) бiрiншi үлгi, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуiн көздейдi;
2) екiншi үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеуiн (беруiн) басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерінің төленуін көздейді, оларға:
экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы;
роялти;
шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз;
үстеме пайда салығы;
жер салығы;
мүлiк салығы қосылмайды.
Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттарда белгiленген салық салу шарттары тараптардың келiсiмi бойынша салық заңдарының өзгеруiне байланысты түзетiлуi мүмкiн.
Салық заңдарындағы өзгерiстер нәтижесiнде жер қойнауын пайдаланушыға салық салу шарттары жақсарған жағдайда, өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттарда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қалпына келтiру мақсатында салық салу шарттарына түзету жасалады.
Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң күшi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы келiсiм-шартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде оларды бюджетке төлеудi жалғастыра бередi.
Салық сараптамасы — құзыреттi орган жасайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарт жобасына, оған толықтырулар мен өзгерiстерге талдау жасау мен баға берудi қамтитын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салығын белгiлеудi қоса алғанда, салық режимiн бекiту мақсатында жүргiзiлетiн мiндеттi сараптама.
Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi барлық келiсiм-шарттарға қол қойылғанға дейiн олар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмдерде мiндеттi салық сараптамасынан өткiзiлуге тиiс. Осы ереже бұрын жасалған келiсiм-шарттарға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларға да қолданылады.
Салық сараптамасының нәтижелерi бойынша белгiленген салық салу шарттары өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттың түпкiлiктi мәтiнiне ешбiр өзгертулер мен түзетулерсiз мiндеттi түрде енгiзілуге тиіс.
Тағы рефераттар
- Стилистика және оның анықтамасы
- Электр пештерінде болат өндіру
- Педагогиканың зерттеулер туралы ұғым
- Педагогикалық зерттеулердің белгілері
- Қазақстан моңғол — татар шапқыншылығы кезінде