Еңбек ресурстары туралы қазақша реферат
2006 жылы орташа республикалықпен салыстырғанда экономикалық ынталылық біраз жоғары – 70,1 пайыз (республика бойынша 69,7). 2006 жылы экономикалық ынталы халық саны 3,4 мың адамға артты және 740,7 мың адамды құрады (2005 жылы – 737,3 мың адам).
2006 жылы жұмыссыздық деңгейі 6,9 пайыз шегінде болды, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 0,1 пайыздық тармаққа төмен. Республика облыстарының ішінде бұл ең төмен.
Жұмыссыз халық санының ақырындап азайғаны байқалады. 2006 жылы бұл көрсеткіш 0,3 мың адамға төмендеген және 51,1 мың адамды құрады (2005 жылы – 51,4 мың адам).
Облыс экономикасында 689,6 мың адам жұмыс істейді, бұл 2005 жылғы – 685,9 мың адамнан 0,5 пайызға көп. Облыстың еңбек ресурстары көбіне жалдамалы еңбекпен жұмыс істеушілерде. Осылайша, 2006 жылы жұмыс істеушілер саны үлесінен 73,4 пайызды (505,6 мың адамды) құрады, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 0,2 пайыздық тармаққа көп. Қалған бөлігі 26,7 пайыз (184,0 мың адам) өздерін-өздері жұмыспен қамтушылар, олардың үлесі жұмыс істеушілер санынан 0,2 пайыздық тармаққа азайған (2005 жылы 26,9 пайыз).
Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылған халық құрылымы 2006 жылы қызмет көрсету салаларының көбірек алуымен сипатталады (сауда, автомобиль жөндеу, тұрмыстық заттар мен бұйымдар; мейманханалар мен ресторандар; көлік және байланыс және басқа қызмет көрсету түрлері) – 53,6 пайыз. Құрылыс саласында жұмыс істеушілердің 2,5 пайызға көбейгені байқалады және олардың саны 2006 жылы 28,7 мың адамды құраған (2005 жылы 28 мың адам). Ауылдық, ормандық және балық шаруашлыығындағы жұмыс істеушілер саны 2005 жылмен салыстырғанда 1,1 пайыздық тармаққа төмендеген және 2006 жылы 26,8 мың адамды құраған. Өнеркәсіпте жұмыс істеушілердің үлес салмағы 2006 жылы 26,1 пайызды құрады, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға төмен. Облыстың еңбек нарығында көрсеткіштердің жақсаруына Халықты жұмыспен қамту облыстық бағдарламасын іске асыру көп ықпал еткен.
Осылайша, облыс бойынша тіркелген жұмыссыздар саны үлесінің азаю тенденциясы байқалады. 2005 жылмен салыстырғанда олардың саны 39,7 пайызға азайған және 3292 адамды құраған (2005 жылы – 5466 адам). Тіркелген жұмыссыздардың 70,4 пайызын әйелдер құрайды, 22,3 пайызын ауыл тұрғындар, 11,4 – жастар құрайды.
2005 жылыдң осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда белгіленген жұмыссыздар деңгейі 0,3 пайыздық тармаққа төмендеген және 0,4 пайызды құраған.
Облыста 21,1 мың жаңа жұмыс орны немесе жоспарда қарастырылғаннан 128,9 пайыз. Жаңа жұмыс орындарына орналасқандар 12,3 мың жұмыссыз немесе 58,6 пайыз, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 1,3 пайыздық тармаққа жоғары.
2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жұмыс берушілер жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне 4132 бос жұмыс орнына тапсырыс берген.
Облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2006 жылы 37,5 мың жұмыссызды жұмысқа орналастырған. 2006 жылы жұмыспен қамту мәселесі бойынша келген азаматтар санынан жұмысқа орналасқан жұмыссыздар үлесі 90,8 пайызды құрады, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 3,1 тармаққа жоғары (88,1 пайыз).
2006 жылы кәсіптік оқыту мен қайта дайындауға 4144 жұмыссыз жіберілген. 2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 4106 адам оқуын бітірген, оның ішінде тұрақты жұмыс орнына 4013 жұмыссыз немесе 97,7 пайызы жұмысқа орналасқан. Оқуларын аяқтаған соң жұмысқа орналасушылар үлесі 3 пайыздық тармаққа 2005 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда – 94,8 пайыз артқаны байқалады.
Қоғамдық жұмыстарға 13,1 мың жұмыссыз қатысқан, оның ішінде 3287 адам селолық жерлерде тұратын адамдар, бұл қоғамдық жұмысқа қатысушылардың жалпы санынан 25,1 пайызды құрайды. Облыста қоғамдық жұмысқа қатысқаннан кейін жұмысқа орналастыру мониторингі өткізіледі. 2006 жылы жұмыспен қамту органдары қоғамдық жұмыстан кейін жұмысқа 8,8 мың немесе 67,7 пайыз жұмыссызды орналастырған. 2005 жылы қоғамдық жұмыстан кейін жұмысқа орналасқандардың үлесі 55,7 пайызды құрады.
Жастар мен оралмандарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. 2006 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері 16 дан 29 жасқа дейінгі 17,4 мың жас адамды жұмысқа орналастырған, бұл өтінішпен келген жастардың 92,9 пайызын құрайды. Қоғамдық жұмыстарға 4,2 мың адам қатысты, кәсіптік оқытуға 2,8 мың адам жіберілді, өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамтуға 206 жас адам материалдық көмек алған.
2006 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келген оралмандар саны 968 адамды құрады (2005 жылы -793 адам). Жұмысқа 829 адам немесе өтінішпен келген адамдардың 85,7 пайызы орналасты. Қоғамдық жұмыстарға 301 адам қатысты, кәсіптік оқытуға 90 адам жіберілді, өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамтуға 70 оралман материалдық көмек алды.
Жұмыспен қамту саласында халықты әлеуметтік қорғау бойынша қосымша іс-шаралар көрсетілуде. Өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамтуға 772 жұмыссызға материалдық көмек берілді. Нысаналы топтардан шыққан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін 268 әлеуметтік жұмыс орны құрылды.
Еңбектің ішкі нарығын қорғауды реттеу үшін департамент шет ел жұмыс күшін әкелуге рұқсат береді. 2006 жылы 339 шет ел мамандарын Қарағанды облысына әкелуге 33 рұқсат берілген. 01.01.2007 жылғы жағдай бойынша облыс аумағында 24 ұйымда 84 шет ел маманы өз еңбектерін іске асырды. Шет ел жұмыс күшін әкелетін ұйымдарда 49528 қазақстан азаматтары жұмыс істейді, қазақстан азаматтары үшін 554 қосымша жұмыс орны құрылды, 138 қазақстандық жұмыскер қайта оқытылды.
Мамандарға сұранысты анықтау және болжамдау мәселелерін қарау үшін облыста Үйлестіру кеңесі құрылды, оның құрамына атқарушы органдар өкілдері, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың өкілдері кіреді.
01.01.07 жылғы жағдай бойынша 965 ұйыммен ұжымдық шартқа отырылды, 951 кәсіподақтық ұйым әрекет етеді. 2005 жылмен салыстырғанда ұжымдық шартқа отыру 20 артқан, бұл жағдайда 14 шартқа кәсіптык одақ құрылмай еңбек ұжымдары қол қойған.
Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын игеру 223,3 млн. теңгені құрады, оның ішінде қоғамдық жұмыстарға – 178,9 млн. теңге, жұмыссыз азаматтарды оқыту мен қайта оқытуға 16,6 млн. теңге, жұмыспен қамту саласында халықты әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларға – 27,8 млн. теңге жіберілген.
2007 жылдың 1 тоқсанында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар 7414 жұмыссыз адам жұмысқа орналасқан, жұмысқа орналастыру мәселесімен келген адамнан 89,7 пайыз. Қоғамдық жұмыстарға 2734 жұмыссыз қатысқан, оның ішінде тұрақты жұмысқа 911 адам немесе 33,3 пайызы орналасқан. Жыл басынан бері кәсіптік оқыту мен қайта оқытуға 655 жұмыссыз азамат жіберілген. 2007 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша оның ішінде 368 адам оқуын аяқтаған, 366 немесе 99,5 пайызы жұмысқа орналасқан.
Нысаналы топтардан шыққан жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін облыстың жұмыс берушілері 145 әлеуметтік жұмыс орнын құрған.
Өз істерін ашуға және өздерін-өздері жұмыспен қамтулары үшін 30 жұмыссызға, оның ішінде 22 әйел мен 29 жасқа дейінгі 6 жұмыссыз адамға материалдық көмек берілді.
Жастар арасынан 3655 адам немесе өтінішпен барған жастардың 91,7 пайызы, оралмандардың – 140 немесе өтінішпен барғандардың 97,9 пайызы жұмысқа орналастырылған.
Жалпы облыс бойынша белгіленген жұмыссыздық деңгейі экономикалық ынталы халықтың 0,5 пайызын құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 0,6 пайыздық тармаққа төмен (2006 жылдың 1 сәуіріне – 1,1 пайыз).
Тағы рефераттар
- Қазақстан Республикасының салық жүйесінің бюджеттің кіріс бөлігін толтырудағы басқа дамыған елдерден ерекшелігі
- Ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасында қой етін сараптау дипломдық жұмыс
- Валюталық бағам өзгерісі курстық жұмыс
- БЕТОННЫҢ СУЛЬФАТҚА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ
- Сілтеу есімдігі