Еркін валюта бағамдары туралы қазақша реферат 

Мемлекеттің әлемдік нарықтагы жетістіктері мен «жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Шынында да төлем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді. Ал  валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына — операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады.Елдің барлық іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс алады.   

Елдің экспорттық операциялары (тауар экспорты, қызмет экспорты) елдің импортынан артық болған жағдайда төлем балансын активті (оң), ал кем болған жағдайда пассивті (теріс) сальдолы деп атаймыз. Оң төлем балансы импортқа қажет  валютасымен қамтамасыз етіледі.,

Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:

1)  ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы,аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың);

2)  капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар — тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозгалысы;

3)  тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ (халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;

4)  қорлардың соңғы өзгерісі: алтын,  валютасының, несиелердің өзгерісі.

Төменде берілген негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге қарайық. Бұл кестеден көріп отырғанымыздай Қазақстан Республикасының сальдосы 1998 ж. теріс болды, ған жылдары оң сальдо байқалады. 1998 ж. елдің экспорт операциялары импортқа қарағанда аз болып,  валютаның тапшылығы пайда болды. Бірақ елдің теріс салъдосының нәтижесі экономикаға қатты әсер еткен жоқ, себебі тапшылық көлемі үлкен болған жоқ және де ол ұзақ уақыт бойы қайталанған жоқ. Төлем балансының экономикаға әсері валюта айналымдарға әсер етуі арқылы жүреді. Шыпында да сальдоның өз алдына тек сандық сипаты және статистикалық мәні болады, оның еш экономикалық магынасы жоқ. Ал валюта айналымы елдің тауар айналымын жүргізеді. Ол елдің ішіндегі өзінің 5 функңиясын (қызметін) орындауына бағамымен әсер етуінде. Себебі қазіргі заманда әлемдік экономикага қатысу елдің жалпы дамуының негізгі алғышарттарының бірі. Сондықтан да валюта айналымын толығырақ қарастырайық.

Атауы

1998 ж. 1999ж. 2000ж. 2001ж.
1. Ішкі жалпы өнім, млрд.тг. 1733,3 2016,5 2596,0 3285,4
2. Экспорт, млн. АҚШ долл. 5870,6 5988,5 9615,4 8646,9
3. Импорт, илн. АҚШ долл. 6671,5 5648,3 6849,8 6363,0
4. Сауда баланс сальдосы ҚР -800,9 343,7 2765,6 2283,9
5. Теңгенің бағамы (кезең аяғында) 83,8 138,2 144,5 153,2
Кезең бойынша орташа 78,3 119,5 142,1 146,7

Егерде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгемен басқа елде, мысалы Ресейде сауда жасасаңыз ол төлем бола алмайды. Себебі Ресейде мемлекет белгілеген өзіндік валюта бар. Ал егерде Ресей азаматтары ҚР аумағында сауда жасауга ниет білдірсе, онда ол төлем құралы ретінде ‘*теңге» валютасын қолдануы керек. Мысалы, қазақстандық бір компания Ресейдің бір резидентіне қант сатты дейік. Ресейдегі сатып алушы қазақстандық жабдықтаушыға қанттың құнын теңгемен төлеуі қажет, себебі қазақстандық жабдықтаушы өз елінде теңгемен салық, жалақы және т.б. төлемдер төлеуі қажет. Ал сатып алушының қолында өзінің ұлттық валютасы ғана бар. Осыңдай себептерден валюталарды айырбастау қажеттілігі туындайды. Ондай қажеттілікті валюта нарығы арқылы қанағаттандырады. Оның ең басты алғышарты «екі әр түрлі ұлттың валюталарды қолдану мәселесі» болып табылады. Мысалы, Қазақстандағы валюта нарығында адам демалуға, жұмыс бабымен, оқуға бара жатқан кез келген елдің валютасына теңгені айырбастай алады, ал шет ел азаматтары теңгеге өз валютасын айырбастауына мүмкіндік бар. Ал айырбастағанда валюта белгілі бір қатынаспен, бағаммен айырбасталады. Валюта еркін айналым деп бір елдің валютасын екінші елдің валютасына айырбастагандағы валюталардың қатынасын атаймыз. Мысалы: 153 тг = 1$, 70 тг = DМ, 4 тг = RR.

Қазіргі заманда валюта еркін айналым белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі әдіс бар:

1)    валютаның еркін айналымдағы бағамы;

2)    тағайындалатын валюта айналым әдісі.

Валютаның  еркін   айналымдағы   бағамы   кезінде бағам ұсыныс пен сұраныстың әсерінен қалыптасады. Оны келесі графиктен көре аламыз.

Теңгенің рубльге айырбасталына алынатын бағам жағдайын қарастырайық

Бірінші жағдай. Рубльге деген сұраныс төмендейді. Соның арқасында қазақстандықтарға рубль арзандап, онымен бірге Ресей тауарлары да арзандайды. Сондықтан қазақстандықтар Ресей тауарларына деген сұранысты өсіреді, ал ол өз барысында сол тауарларды сатып алуға қажет рубльге деген сұранысты өсіреді.

Екінші жағдай. Рубль ұсынысы азаяды. Қазақстандық тауарлар арзан болып, оған деген сұраныс жоғарылап, теңгеге деген сұраныс та жоғарылайды.

Сонымен сұраныс пен ұсыныс арақатынасының жалпы әдісі осы түрде болады және 1-ші кесте бойынша бір теңге бес рубльге тең болады.

Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар әсер етеді. Олар:

  • Тұтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарына деген тұтынушының талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы, америкалық машиналардың беделі артса, онда тұтынушылар оны алуға тырысып, долларға қосымша сұраныс тудырады. Немесе Қазақстанға Ресейден демалушылар көп келсе, онда рубль ұсынысы көбейіп, арзандайды.
  • Табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің ұлттық табысы басқа елдердің ұлттық табысына қарағанда есімі салыстырмалы жоғары болған жағдайда, ол елдің валюта бағамы төмендейді. Себебі елдің импорты оның табыс деңгейіне қатысты болады.
  • Бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде қалыпты болса, онда қазақстандықтар ресейліктердің салыстырмалы арзан тауарын тұтынуға тырысып, рубльге қосымша сұраныс тудырады. Ал ресейліктердің керісінше, біздің тауарды тұтынуға деген ынтасы азайып, рубль ұсынысын кемітеді. Бұл екі жағдай бірігіп теңгені құнсыздандырады.
  • Салыстырмалы нақты пайыздық мөлшерлемелвріиің өзгеруі. Мынандай жағдайды ойластырайық. Қазақстанда инфляцияны тежеу мақсатында «Қымбат ақша» саясаты жүргізілді. Нәтижесінде инфляцияны есептей отырып алынган нақты пайыздық мөлшерлеме мөлшері басқа елдерге қарағанда жоғары болды. Соның арқасында Қазақстан инвестициялауға өте тиімді елге айналды, ал ол инвесторларды (елдің экономикасы тұрақты болған жағдайда) теңгені алуға иермелейді.
  • Алыпсатарлық. Қазақстан экономикасында: а) Ресей экономикасына қарағанда жылдам өсу қарқыны болады деген жорамал бар; ә) басқа елдерге қарағанда инфляция жоғары болады деген қауіп бар; б) төмен мөлшерлеменің пайыздық мөлшері күтілуде. Ондай жагдайда теңгесі бар тұлгалар қолындағы теңгені басқа, қалыпты валютаға айырбастауга ұмтылады. Ал ол сол валютаға сұранысты жоғарылатып, оны теңгеге қарағанда қымбаттатады.

Ал бұл әдістің тиімділігіне келетін болсақ, онда оны жақтаушылардың айтатын дәлелі: бұл әдісте валюта бағамы автоматты түрде түзетіліп, соның арқасында төлем балансының тапшылығы мен қалдықтары жойылады. Бұны сұраныс пен ұсыныс функцияларының көмегімен көрсетуге болады (1-сурет).

Тепе-теңдік валюта бағамы 1 гг = ах 1 тг. жағдайда орнайды және де теріс сальдо балансы жоқ деп есептейміз. Бұл жагдайда Қазақстанның қажет ететін рублі мен Ресейдің қажет ететін теңге көлемі бір-біріне тең деп санаймыз. Енді белгілі бір факторлардың әсерінен қазақстандықтардың рубльге деген сұранысы D-дан D-ге артты дейік. Қазақстандық экспорттық операциялар елге «аА» көлемде рубльді әкеледі, ал импорттық операциялар «аС» көлемді қажет етеді. Сонда алгашқы бағам бойынша төлем балансының тапшылығы АС қисыгына тең болады. Бағам нарық зандарымен қалыптасатындықтан ол Ігг = ах Ітг. бағамға ауысады. Ал бұл бағам бойынша ресейліктерге қазақстандық тауарлар арзан болып, қазақстандықтарға керісінше қымбаттап, Қазақстанның экспорты тиімді болып, теңгеге деген сүраныс артады, ал Қазақстандағы рубльге деген сүраныс азаяды. Сондықтан төлем балансы автоматты түрде түзетіледі.

Еркін айналым кемшілікгері:

• Белгісіздік және сауданың нашарлауы. Белгісіздік және қауіп сауда жүргізуде қиыншылықтар туғызады. Мысалы, қазақстандық кәсіпкер АҚШ-тан 90 мың долларға машина алуға шартқа отырды. Ол есептегенде долларды 79 теңгемен санады, ал елдегі жағдайга байланысты төлем уақыты келген кезде доллар 150 тг. болды. Сонда кәсіпкер екі есе көп ақша төлейтін болады.

•    Сауда жағдапы. Елдің экономикасы халықаралық нарық валютасының еркін айналымы төмендеген жағдайда нашарлайды. Валюта бағамына тәуелді болады.

•      Тұрақсыздық. Ішкі экономикаға жағымсыз әсер етеді.

.

Тағы рефераттар