Мазмұны

Кіріспе

Есеп саясаты және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

1.1.Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және есеп саясаты

1.2.Есеп саясатының әдістемелік бөлімі
2. Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер
2.1. Есеп саясатын таңдау мен қолдану

2.2.Есеп саясатындағы өзгерістерді қолдану

2.3.Қателерді түзету

3. Есеп бөлімі

3.1. Негізгі құралдардың есепке алынуы

3.2. Материалдық емес активтердің есебі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

         Кәсіпорынның  есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында пайдаланады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен есеп өкімімен бекітеді.

Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған барлық пунктерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пункке тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі.

Кәсіпоынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқарушылықтарымен, яғни бұйрық,өкім немесе қаулыларымен рәсімделуі қажет.

Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқару барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі   мүмкін:

— Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;

— Бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеру салдарынан;

— Жаңа бухгалтерлік есептің стандарттарына көшуге байланысты және т.б.

Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп саясатының дайындалған кезінен таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрлымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолднылады. Ұйымның, филялдарының еншілес және тәуелі серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатынын таңдауына құқығы жоқ.
Бас кәсіпорын қаржылық қызметтің бөлімшелерін есеп саясатында болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз ету қажет.

Ұйымдардың түсініктеме жазуларының жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және таза табысты бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады.

Сонымен қатар, кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оның құраушы әдістемелік техникалық, ұйымдастырушылық жақтарды қамтиды.

Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбәр түрлері бойынша амортизация есептеу әдістері, табысты(түсімді) есептеу әдістері және сол сияқты.

курстық жұмыс / 37 бет
Тағы рефераттар