Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды талан-таражға салу не қорқытып алу туралы қазақша реферат
Қылмыстың затына есірткі заттар және психотроптық нәрселер жатады. Олар-дың сипаттамасы Қылмыстық Кодекстің 259-бабында көзделген қылмыс құра-мын талдағанда толық берілді.
Қылмыстың негізгі тікелей обьектісі халықтың денсаулығын қамтамасыз ете-тін қоғамдық қатынастар, қосымша тікелей обьектісі – адамдардың өмірі, денсаулығы немесе меншігі болады.
Қылмыстың обьективтік жағы екі түрлі нысан арқылы – талан-тараж немесе қорқытып алу арқылы сипатталады.
Талан-тараж деп пайдакүнемдік мақсатта есірткі заттарды, психотроптық нәр-селерді меншік иесіне немесе өзге иеленушіге залал келтіре отырып кінәлінің немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайырымсыз. Иегін алып қоюын немесе айналдыррын айтамыз.
Есірткі заттарды және психотроптық нәрселерді талан-таражға салу әртүрлі тәсілдер қолданыла отырып істеуі мүмкін. ҚК –тің 260-бабындағы қылмыстар талан-тараждың – ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық, иеленіп алу немесе ысырап ету немесе қорқытып алу нысандары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Наркотикалық заттар немесе нәрселерді өзіне сеніп тапсырылған адамның (фармацевтің, провизордың, дәрігердің, медбикелердін) иеленіп алуы немесе ысырап етуі арқылы да осы қылмыс істелуі мүмкін.
Қылмыс субьективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік мақсатымен істеледі.
Қылмыстың субьектісі – 14-ке толған адам.
Қылмыстық Кодекстің 260 бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлата-тын түрлері:
А) адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса (ҚК 31-бабы);
Б) әлденеше рет (ҚК 11-бабы);
В) адам өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы (ҚК 228 және 307-баптары);
Г) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану не осындай күш қол-данумен қорқыту арқылы жасалса (ҚК 178-бабын) жауаптылық көзделген.
Тағы рефераттар
- Қайырымдылық саясатын қаржымен қамтамасыз етудің механизмдері
- 1947 жылғы ақша реформасы
- Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау
- Жалпы білім беретін мектептерде стандартты емес кәсіби бағдар беру сабақтарын өткізуді жетілдіру жолдары
- Экологиялық проблемаларды шешу жолдары