Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру туралы қазақша реферат
Қылмыстың заты есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттар.
Қылмыстың обьективтік жағы негізінен екі түрлі нысан арқылы сипатталады. Оның бірінші нысаны – басқа адамды есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттар-ды тұтынуға кеңестер беру, ұсыныс, өтініш жасау, алдау, организмге осы заттар-ды енгізу ерекше сезімге бөлейтіндігі жөнінде пікірлер айту арқылы көндіру болып табылады. Екінші нысанының мағынасы басқа адамды есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы көндіруге байланысты болады.
Есірткі заттарды тұтынуға оларға жататын таблеткаларды (кодейн, барбамид), немесе ұнтақтарды (кебу, морфин, апиын) ішке жұту, иньекция арқылы (морфий, кокаин) ұнтақтарды дем арқылы ішке тарту (кокаин, эфир), тарту арқылы (га-шиш) немесе құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді (бетол, қызғалдақ ) шайнау арқылы қабылдау жатады.
Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол адамды көрсетілген заттарды тұтынуға көндірген уақыттан бастап (жәбірленушінің тұтынған немесе тұтынба-ғанына я болмаса тұтынудан басқаның бөгет болуына байланысты бас тартқаны-на қарамастан ) аяқталған деп саналады.
Субьективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі өзін басқа адамның наркотикалық немесе жүйкеге әсер ететін заттарды көндіргенін сезеді және соны тілейді.
Қылмыстың обьектісі 16-ға толған адам.
ҚК-тің 261-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері:
А) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
Б) әлденеше рет;
В) кәмелетке толмағаны көрінеу белгілі екі немесе одан да көп адамдар жөнінде;
Г) күш қолдану немесе оны қолданумен қорқыту арқылы жасалған әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.
Тағы рефераттар
- Ескі интеллигенцияның тағдыры
- Момышұлы Бауыржан
- Балтакерей-Тұрсынбай батыр
- “Kami travel” туристік фирмасының қалыптасуы
- Топырақтың ластануын биоиндикациялау