“Сақтандыру нарығы” түсінігі отандық экономикалық әдебиеттерде жақында ғана қолданыла бастады. Сақтандыру ісіндегі мемлекеттің монополиялық жағдайында сақтандыру нарығының болуы туралы сөз де қозғалмаған.

Сақтандыру қызметтері нарығының мәні сақтандыру табиғатынан көрініс табады. Менің ойымша, бұл түсінікті жетекші ғалым-экономисттер көзқарасы тұрғысынан қарастыру керек.

Сақтандыру терминдері сөздігі келесідей талқылама береді: “Сақтандыру нарығы – сақтық қорғаудағы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру процесінде айрықша тауарды сату-сатып алу бойынша пайда болатын экономикалық қатынастар жүйесі”.

Сақтандыру нарығының ерекше белгісі болып сақтандыру корына жиналған сақтандыру төлемдерінің қайтарымдылығы табылады. Сақтандыру төлемдері мүмкін болатын нұқсанды өтеуге арналған нетто-төлемдердің және сақтандыруды жүргізуші сақтандыру ұйымын ұстау үшін жөнелтпе шығындардан тұратын сақтандыру тарифтерінің негізінде анықталады. Нетто-төлемдердің барлық сомасы белгіленген уақыт кезеңінде нұқсанды өтеу нысанында қайтарылады. Қаражаттарды қайтару белгісі сақтандыруды несие категориясына, ал сақтандыру нарығын қаржы-несие нарығына жақындатады.

Сақтандыру қоры қаражаттарының шоғырлануы – сақтандыру нарығын ұйымдастырудың негізгі қағидаты. Бұл қағидат кез-келген сақтандыру ұйымы үшін анықтаушы болып табылады.

Сақтандыру нарығының мәні – адамдардың, шаруашылық құрылымдардың, кәсіпкерлік және коммерциялық фирмалардың, өндірістік кәсіпорындардың әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан сақтық қорғауға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруда.

Сақтандыру нарығының экономикалық мәні материалдық немесе басқа да нұқсан келтіре алатын сақтандыру тәуекелінің болуымен шарттасылған қайта бөлушілік ақша қатынастарымен сипатталады.

Бір жағынан, сақтандыру қызметтерінің нарығы – бұл сақтандыру өнімін сату-сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы, ал екінші жағынан, сақтандыру қызметін сату-сатып алумен байланысты бірнеше нарықтық қатынастар субъектілері арасындағы тең құқылы және жауапкершілікті серіктестік.

Сәйкесінше, нарық сақтандыру бизнесінің белсенді дамуы, көптеген сақтандыру ұйымдарының құрылуы мен қызмет етуі үшін объективті жағдайлар жасайды. Осылайша, сақтандыру нарығы белгілі бір жағдайлар жасалған кезде Қазақстанның экономикалық қатынастары мен байланыстары жүйесінде айтарлықтай маңызды рөл ойнар еді. Қазірдің өзінде сақтандыруға деген көзқарас өзгеруде. Сақтандыру қызметтері нарығында мүдделердің жаңа топтары қалыптасуда. Сақтандыру нарығы нарықтық қатынастар құралдарының ішінде aнық орын алуда.

Сақтандыру бұл сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру нарығында белгіленген, сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке және заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру нарығы сақтанушы мен сақтандырушының сақтандыру нәтижесіне байланысты экономикалық қарым-қатынастарының жиынтығын қамтиды.

Сақтық келісімшарттарын жасауға және сақтық операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтық нарығында жүргізіледі.

Сақтандыру нарығы дегеніміз ақшалай қатынастардың сферасы, онда сатып алу-сату обьектісі «ерекше тауар» — сақтық қызметі болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады.

Сақтандыру нарығының ішкі ережелері:

1. сақтандыру нарығы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін айқындауға тиіс;

2. ішкі аудит қызметінің және басқа тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелерінің санын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін айқындауға тиіс;

3. сақтандыру нарығының техникалық, инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа тәуекелдерді басқару жүйесін айқындауға тиіс;

4.   құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін айқындауға тиіс;

5. сақтандыру нарығының лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері оның атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде солардың өкілеттіктерін айқындауға тиіс;

Сақтандыру нарығындағы функциялар: бөлу, бақылау, реттеуші, коммерциялық, бағалық, сенімділік.

Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлуретінде көрінуі. Ол алдын алуфункциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының бөлу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі. Бақылау функциясысақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.

Реттеуші функция дегеніміз мемлекеттің тарапынан сақтандыру нарығын реттеуді қарастыруға негізделген. Сонымен қатар сақтандыру нарығындағы операциялардың жүргізілуін ретке келтіріп, кемшіліктерін жояды.

Коммерциялық функция сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан түсетін табыстарды мейілінше жоғары деңгейге көтеру.

Бағалық функция компанияның сақтандыру қызметінің бағасын қалыптастыруда көмек көрсетеді және ол тұтынушылардың сұранысына байланысты қалыптасады.

Сенімділік функциясы сақтандыру операциялары қолайсыз немесе басқа жағдайлар туындағанда сенімділікті қамтамасыз етеді, яғни тұтынушылардың барлық шығындарын өзі өтейді.

Сақтандыру нарығы — сұраныс пен ұсыныс қалыптасатын, сату-сатып алу обьектiсi ретiнде сақтандыру қорғауы есептелетiн, экономикалық қатынастың арнайы саласы, ерекше әлеуметтiк-экономикалық сала. Сақтандыру    нарығының дамуының обьективтi негiзi-алдын-ала ойламаған жағдайлардан зардап шеккендерге ақшалай көмек көрсетуi жолымен өндiрiс процессiн үздiксiз қамтамасыз ету. Сақтандыру нарығы сақтандыру қоры қалыптасып және бөлiнетiн қоғамды сақтандыру арқылы қорғаудың ақшалай қатынастар ұйымдастыру түрі.

Сақтандыру нарығының мiндеттi шарты сақтандыру қызметiне қоғамдық тұтыну және оны қанағаттандыратын сақтандырушылардың болуы. Отандық экономиканың  нарыққа көшуi сақтандырушының экономикалық қатынастар жүйесiндегi орнын және маңызын өзгертедi. Сақтандыру компаниялары шаруашылық өмiрдiң тең құқылы субьектiлерiне айналады.

Кең көлемде сақтандыру нарығы  сақтандыру өнiмiн сату-сатып алумен айналысатын экономикалық қарым-қатынас жиынтығы. Нарық сақтандырушы мен сақтаушы арасында органикалық байланысты қамтамасыз етедi. Бұл жерде сақтандыру қызметiн қоғамдық тану жүргiзiледi. Сақтандыру нарығы тауар шаруашылығында  қалыптасады және оның бөлiнбейтiн маңызды элементi болып есептеледi. Оның шығу шарты қоғамдық еңбектi бөлу және әртүрлi меншiк иелерiнiң болуы. Берiлген шарттар-нарықтық қатынастар дамуының дәрежесiн анықтайды Сақтандыру нарығы нарықтық қатынастардың субьектiлерiнiң өз бетiнше болуын қалайды, олар сақтандыру қызметiнiң сату-сатып алу партнерларын тең, көлденең және тiкелей байланыстардың жуйелерiнiң дамуын қамтамасыз етедi.

Сақтандыру нарығы құрылымы институционалды және территориалды аспектiлердi сипаттайды.

Институционалды аспектi акционерлi, корпоративтi, өзара және мемлекеттiк сақтандыру компаниялары түрінде көрсетiледi. Территориалды аспектi жергiлiктi сақтандыру нарығы, ұлттық және әлемдiк сақтандырунарығы болып бөлiнедi. Нарықтық қатынастардың дамуы аймақтық шектеулердi қоғамдық – экономикалық прогресс жолында болдырмау, интеграциялық прогресстi күшейту ұлттық сақтандыру нарығын әлемдiк деңгейге көтеруге әкеледi. Осындай итеграция мысалы ретiнде жалпы-европалық сақтандыру нарығының құрылуын айтуға болады.

Сұраныс пен ұсыныс көлемiне қарай сақтандыру қызметiн iшкi, сыртқы және халықаралық сақтандыру нарығы деп бөлуге болады

Lшкi сақтандыру нарығы – белгiлi сақтандырушыны қанағаттандыруға бағытталған сақтандыру қызметiне сұраныс бар жергiлiклi нарық .

Сыртқы сақтандыру нарығы – iшкi нарықтың сыртында орналасқан аралас сақтандыру компанияларына қызмет көрсететiн нарық.

Әлемдiк сақтандыру нарығы – әлемдiк шаруашылыққа қызмет көрсететiн сұраныс пен ұсыныс.

Салалық бiр белгiсiне қарай нарық: жеке сақтандыру, мүлiктiк сақтандыру жауапкершiлiктi   сақтандыру,   экономикалық тәуекелдiлiктi сақтандыру болып бөлiнедi.

Сақтандыру нарығының қатысушылары болып сатушылар, сатып алушылар және делдалдар, ассоциациялар есептеледi. Сатушылар категориясын сақтандыру компаниялары құрайды. Сатып алушылар ретiнде сақтандырушы-жеке және заңды тұлғалар шыға алады. Сатушы мен сатып алушы арасында делдал ретiнде сақтандыру агенттерi және сақтандыру брокерлерi шыға алады.

Сақтандыру нарығының арнайы тауары – сақтандыру қызметi. Олкелiсiм шарт негiзiнде заңды немесе жеке тұлғаға ұсынылуы мүмкiн. Егер қоғамдық позициядан  сақтандыру арқылы қорғау қажет болса, сақтандыру мiндеттi тұрде болады.
Тағы рефераттар