Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеті туралы қазақша реферат

Адамдардың  эстетикалық  сезімдері  олардың  өмірінде  зор  роль  атқарады.  Әсемдікті  көре,  түсіне,  жасай  білу  адамның  рухани  өмірін  байытады,  қызғылықты  етеді,  оған  ең  жоғары  рухани  ләззаттануға  мүмкіндік  береді. Біз  әр  адамның  адамгершілікті  тұлғалық  мәнін  жан – жақты   дамытуға  ұмтыламыз,  сондықтан  әр  баланың  сезім  нәзіктігін,  көркемдікті, әсем  нәрсені  сүйетіндей  дамытуымыз  кеек.  Адамның  әсемдікті  және  жексұрындықты,  сәулеттілік  және  ұждансыздықты  қуаныш  пен  қайғыны  т.б. түсінуіне  байланысты,  оның  саналы  тәртібі  мен  мінез – құлқы  айқындалады.  Осыдан  келіп  адамның  әсемділікке  шынайы  көз қарасы  мен  мұраттары  болуы  керек  екендігі шығады.

Қазіргі  кезде  эстетикалық  көз қарастарды  тәрбиелеу – тәрбие  барысының  зейін  салуды,  күн санап   өсіруді  талап  ететін  мәселесі. Біздің  қоғам   адамына  тек  қана  өнердің  емес,  еңбек,  қоғамдық  қатынастар,  қоршаған  орта,  тәртіп,  тұрмыс,  табиғаттың  да  әсемдік жақтары  ықпал  етеді.  Эстетикалық  көз-қарасатар  адамның шындыққа  қатынасын  анықтайды.

Адам  өмірінде  эстетикалық  көз- қарас  әрдайым  қуатты  рухани   күш  ретінде  көрінеді.  Балаға  балғын,  бөбектік  кезеңнен  бастап  әсемдікке  ұмтылу  тән  нәрсе. Ол  әрдайым  бойларында  әсемдік  құндылықтыры  бар  қатар – құрбыларына,  ересектерге  еліктейді.  Балалардың  өз  еңбек  іс — әрекеті  тиімді  және сапалы  болуы  үшін  оның  ұйымдастырылуы  толысып,  тамаша  нәрсені  қабылдау  деңгейіне  жеткені  жөн.  Балаға  сонымен  қатар  жасампаздықтың  да  әсемдігі  ашылады.

Еңбек  әсемдігін  қабылдауды  үйретіп,  қоғамдық іс- әрекет  әсемдігіне сезімталдығын  тәрбиелеп,  мұғалім  балалардың  еңбек  белсенділігін  кеңейтуге  ден  береді.  Эстетикалық  көз қарасты  тәрбиелеудің  экономикалық  мәселелерге  әрі  тікелей,  әрі жанама  қатынасы  бар. Бұл  біздің  қоғамдық  өндіріс  адамдардың  өскелең  рухани  және  материалдық  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  бағытталғандығынан  туындайды.  Өндірілген  товарлар  сапасын  әсемдігі  тұтынылуы  жағынан   үлкен  әсер  етеді.  Мұның  өзі  әр  баланың  білім алуында  белгілі  дәрежеде  эстетикалық  көз  қарас  мәдениеті  болуын  талап етеді.

Өнерде  шоғырланған адамдардың  шындыққа  эстетикалық  қарым – қатынас қоғамдық   идеяларды  алға  алып  баруымыздың  құралы  сол  арқылы  санаға  өті  күшті  жүзеге  асуы  әсер  етеді.

Сонымен  оқушылардың  эстетикалық  көзқарасын  тәрбиелеу  дамыған  әсемдік  саны  мен  талғамды,  оны  қабылдау  және  бағалау  қабілетін  қалыптастырудың  мақсатқа  бағыттала  ұйымдастырылған   поцесі.  Эстетикалық  көзқарасы  тәрбиелеу  оқушыны  жан-жақты  және

-6-

үйлесімді  дамытудың  жалпы  жүйесінде  ең  алдымен өзіне  тән  қызмет                           атқарады. Ол  іс-әрекеттің  барлық  түрлеріндегі  әсемдік  нышанын  анықтып,  оны  оқушының  әсемдікке  көзқарасының  дамуы,  білім  алуы,  қалыптасуы  құралыны  айналдырады.

Кең  ой  өрістілік  сөйлеу  іс-әрекетінің  мазмұнынан  сөз  өнгерін, ақыл-ой  еңбегін,  шындықтың  обьективты  жақтарын, көркем  сөз  сұлулығын  бөліп  қарайды. Еңбек  іс — әрекетінде  еңбек мақсаттары  және  процесі, оның  нәтижесі,  сұлулығы  ерекше  көрсетіледі.  Құқықтық  іс-әрекетінде  қоғамдық  мұраттардағы,  дамудағы  оның  ынтасы  мен  тәртібіндегі  сұлулыққа  баса  назар  аударылады.  Бейнелеу  іс  —  әрекеті  барысында  балаларға  көзге  көрінетін  әлем,  музыкадан  адам жасаған  дыбыс  үйлесімділігінің   сұлулықтары  ашылады. Дене  тәрбиесі  мәдениеті  және  гигиена  негіздері  арқылы  бала  адам  денесінің  тән  және  жан  сұлулығын  таниды.

Әсемдікке  тәрбиелеудің  оқушыны  жан – жақты  және  үйлесімді  дамытудың  жалпы  жүйесінде жанама  қызметі  де бар.

Әсемдіктің  адам  үшін  зор  тартымды   күші  бола  отырып,  сонымен  бірге  оның  іс — әрекетінің белсенді  және  тиімді  деп  берушісі де  болады. Оқушы  өнегелігінің  әсемдігі ,  оның  жан дүниесінің байлығы, шешендігі  оны  басқа  адамдарға  тартымды  етеді. Оқушылар  алдында  ашық  көрініс  берген  еңбек  әсемдігі, ол  еңбегі  тартамды  етеді  және  еңбек  іс — әрекетінің   процесін  жеңілдетеді.  Ерлік  пен  шын  азаматтық  әсемдігі  адамдарды  қоғамдық  тәртіп  және  құқықтық  әрекеттерін  орындауғы  жетелейді.

Баланың  эстетикалық  көзқарасын тәрбиелеу  әсемдіктің  қасиеттері  бар  әр  түрлі өмір мен  қатынастар  және  әсерлер  ықпалмен  жүзеге  асырылады.Кіші мектеп  жасындағы  балалардың  эстетикалық  көзқарасы  үздіксіз  дамиды.Оған  себеп  болатын  нәрсе –оқу,  қоғамдық  және тұрмыстық  еңбектің  жаңа  жүйеге  түсуі.

Эстетикалық көзқарасты  тәрбиелеудің  негізгі  құралы-өнер.  Ол  шындықты көркем,сезімді  қабылданылатын бейнелер  арқылы  бере  отырып  және  осылар  арқылы адам  сезімі  мен  санасына әсер  етіп  оның  көзқарасын  қалыптастыруға жәрдем  етеді.  Педагогикада  эстетикалық  көзқарасты  тәрбиелеу  тәрбиенің  басқа  салаларымен  тығыз  байланысы  қаралады.Балалардың  ақыл-ой  тәрбиесін, зерттелген  құбылыстар  әсемдігін  ашпай  жүзеге  асыру  мүмкін  емес.  Еңбекке  тәрбиелеу –адамдардағы  әсемдікті  еңбек  мазмұны  мен  процесін  танымай  саналы  тәртіп  пен  мінез  құлықты  тәрбиелеу  мүмкін  емес.Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты  тәрбиелеу өмірден,белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.

Мектеп  оқушыны әсемдік өмірден,адамдар қылықтарынан,еңбек іс-әрекетін,еңбек нәтижесін көруді және  ләззат  алуды  үйретіп  қана  қоймайды,  күнделікті  өмірде  осы  әсемдікті  жасау  ынтасы  мен  іскерлігін  тәрбиелейді.

Сонымен  эстетикалық  тәрбие  табиғаттағы,  өнердегі,  еңбектегі,  өмірдегі  ең  жақсыны  қабылдау,  одан  ләззат  алу.  Эстетикалық  тәрбие  адамды  дүниедегі  әдемәләк  атаулыны  бағалай  білуге  үйретеді.  Өнер  шығармаларын  тануға,  қастерлеуге  баулиды,  оған  керісінше  ұсқынсыздыққа  жағымсыз   көзқарасты  қалыптастырады.

Эстетикалық тәрбиенің  өзіне  тән  міндеттері  бар.  Олардың  бірі – эстетикалық  сезімді  және  эстетикалық  қабылдауды  тәрбиелеу.  Өмірдегі,  өнердегі  әдемілікті  сезу  және  көру  адамдарда  әл  түрлі  болады.  Біреулер  әдемілікке  үңіле  қарап,  оның  сырын  білуге  тырыспады.  Ал  кейбіреулер  оған  онша  мән  бермейді,қалай  болса  солай  қарап, жанынан  өте  шығады.Әдемілікті  сезу  үшін,оған  түсіну  үшін  ең  алдымен  бейнелеу  өнері,музыка  және  ән  саласынан  әрбір  адамда  білім  болуы  қажет. Білім  адам  сұлулықты  бағалай  біледі, түсінеді.Айналадағы  дүниеге  сезімталдық,эстетикалық  қабылдау  қырағылығы, ықыластылық,  қамқорлық  баланы  эстетикалық  дамуының  негізі  болады.

Эстетикалық  ұғымды,байымдауды, баға  беруді  қалыптастыру-эстетикалық  тәрбиенің  тағы  да  бір  міндеті. Әдемілікті  сүю,оған  түсіну  үшін  балаға  негізінен  көмектесетін  білім. Сондықтан  бала  бейнелеу  өнері  саласында  ырғақ,үндестік,музыка  мен  әндегі  дыбыстарды  және  өнер  әдістері  туралы  білімді  игеру  қажет. Осыған  байланысты  ол  эстетикалық  терең  түсінуге  тырысады, байымдай  және  бағалай  біледі.

Көркемдікке  және  сұлулыққа  баға  беру  үшін  эстетикалық  танымның маңызы  өте зор.  Эстетикалық  таным-бұл  өмірдегі,еңбектегі  және  табиғаттағы  сыртқы  әдемілік  пен  нағыз  сұлулықтың  арасын  ажырата  білу,  өнер  шығармаларына  жоғары  талап  қою. Мысалы,  мұзда  конькимен  мәнерлеп  сырғанақ  тебу,яғни  жарысы  өткізіледі. Сонда  орындаушыларға  екі  түрлі  баға,  яғни  бірінші  баға – көркемділігін  келістіре  орындағаны  үшін,  екінші  баға  мәнерлеп  сырғанаудың  техникасын жоғары  дәрежеде  игергені  үшін  қойылады. Әрине, орындаушыларға  әділетті  баға  қою  үшін  мамандардың, әсіресе  төрешілер  алқасының  танымы, білімі  жоғары  дәрежеде  болуы  керек.

Эстетикалық  танымның  дамуы  көбінесе  өнер  үлгілерін  қабылдаумен,не  тегінде  шығармашылықпен  байланысты  іс-әрекеті  мүмкіндік  береді.

Қазіргі  жағдайда  біздің  қоғамдық   өміріміздің  қажетті  мәселелердің  бірі- баланың  эстетикалық  белсенділігін  тәрбиелеу. Ол  әдемілікті сезіп  және  оның  заңдарын  түсініп  қана  қоймай, осы  заңдар  бойынша  өзін  қоршаған  айналаға  өзгеріс  жасауы  қажет. Өмірге  енген  эстетика еңбек, табиғат  эстетикасы,адамдар  қатынасы  және  жай-жағдай  эстетикасы  адамды  сү.йсіндіреді. Адам  белсенді  түрде  өмірдегі  әдемілікке, көркемдікке  өз  үлесін  қосып,  оны  көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан  қорғауы  қажет.

Балаларды  эстетикалық  белсенділікке  тәрбиелей  отырып, оларды  өздігінен  ілтипатты  оқырман, қайырымды  көрермен,  сезімтал  тыңдаушы  болуға  үйрету  қажет. Балалар  әдебиетті  оқуға, кинофильмді, теледидарды,спектакьді  көруге,  музыканы  тыңдауға  өте  ынталы  болады. Әр  түрлі  әдеби,музыкалық  шығармалардағы  іс- әрекеттің  оқиға  желісін  дұрыс түсіну  үшін,  балаларды  көп  ізденуге  үйрету,  бағыт  беру  ұстаздардың  басты  міндеті.

Баланың  эстетикалық  мәдениеті  және  белсенділігі  тұтас  педагогикалық  процесте  дамиды.  Сондықтан  оның  барлық  еңбегі, демалысы  эстетикалық  бағытта  тиімді  ұйымдастырылса,  ол  өз  өміріне  әдемілік  элементтерін  енгізе  алады.

Эстетикалық  тәрбиенің  маңызды  міндеті  —  өнер  және  әдебиет  салаларында  балалардың  қабілетін,  ынтасын  және  бейімділігін  дамыту. Осыған  орай,  мектепте  оқушылардың  ықтимал  мүмкіндіктерін  және  қабілетін  барынша  ашу  керек.

Эстетикалық  тәрбиенің  негізгі  құралдары  —  әдебиер  және  өнер.  Олар  зор  идеалық  тәрбиелік  роль  атқарады.Әдебиет  пен  өнер  адамдары  қуанышқа  бөлейді, жігерлендіреді,олардың  идеялық  жағынан  баюына  игі  әсер  етеді.  Өнер  және  әдебиет  адам  санасына   белгілі  көзқарастарды  әр  түрлі  құралдар  арқылы  әдебиетте- проза,  поэзия,  кесеіндеме- жанр,  баталия,  пейзаж,  мүсінде- бюст, т.б.,музыкада- симфония, оратория,ән  енггізіледі.

Белгілі  орыс  суретшілері  П.А.Федовтың,В.Г.Перовтың,  И.Е.Реппиннің,  В:В:Верешегирннің,  И:И.Шишкиннің, И.Н.Левитанның  және  қазақ  суретшілері  Ә.Қастеевтің,  М. Кенбаевтың ,  Қ.Шаяхметовтың  т.б. шығармашылығымен  байланысты  бейнелеу  өнері  адамдардың  тәрбиесіне  күшті  ықпал  етеді.

М.Горкий,  Н.А.Островский, А.А.Фадеев,  М.А.Шолохов,  М.Әуезов,  Ғ.Мүсірепов,  С.Мұқанов, т.б.  еңбектеріндегі  адам  баласының  бақыты  және  бостандығы  үшін  күрескерлердің  бейнелері  жастарды  ұлы  ерліке  рухтандырады.

Сонымен  өнер  мен  әдебиет  шындықты  игерудің  және  танудың  құралы.  Өнер  мен  әдебиет  адам  дамуының және  рухани  өсуінің  басты  шарттарының  бірі  болып  табылады.

Әдемілікті  сезуде, эстетикалық  көзқарастарды  қалыптастыруда  табиғат  зор  роль  атқарады. Табиғат  адамды  қуанышқа  бөлейді,  сезімін  дамытады,  эстетикалық  түсінігін  байытады. Адам  табиғатты  бақылаушы  ғаны  емес, ол  тұтынушы,  сұлулықты  жасаушы  шығармашылық  қызметкер.  Сондықтан  өзінің  күшін,  қабілетін  адамдар  бақыты  үшін  табиғатқа  өзгеріс  жасауға  жұмсауы  керек.  Мысалы,  қала  мен  селоны,  тұрғын  жерлерді  көгалдандыру,  бақ  және  гүлдер  өсіру,  мәдениет  және  демалыс   орындарын  әшекейлеу – бұл зор  эстетикалық  қамқорлық.  Әдемілікті  сезуде,  эстетикалық

көзқарастарды  қалыптастыруда  табиғат  зор  роль  атқарады. Табиғат  адамды  зор қуанышқа  бөлейді,  сезімін  дамытады.  Адам  табиғатты  бақылаушы  ғана  емес,  ол  тұтынушы,  сұлулықты  жасаушы, шығармашылық  қызметкер.  Сондықтан  өзінің  күшін,  қабілетін  адамдар  бақыты  үшін   табиғатқа  өзгеріс  жасауға  жұмсауы  керек.

Мектеп  оқушыларының  эстетикалық  түсініктері, олардың  еңбекке  әсемдік  тұрғысынан  қатынасы,өзіндік  белсенді  іс- әрекетімен  байланысты  екенін  көрсетеді. Мәселен  өзі  шешу  мүмкіндігі  болғанда  ғана  оның  әрі  мінез- құлықтық, әрі  әсемдік  көңіл- күйі  жай  табады, тояттайды.

Жемісті  еңбектен  қанағаттануы,  көңілдің  жай  табуы, эстетикалық  сезімі  бала  үшін  көп  жағдайда  бір  нәрсе.

Оқушылардың  оқу  еңбегіне  талғампаздық  қатынасын  дамыту,  оны  оқудың   қозғаушы  күші,  дем  берушісі  ретінде  пайдалану  үшін  балалардың  өзіндік  белсенді  іс — әрекеті  ұйымдастыру,  көркемдік  ләззат  және  құлықтық  әсер  алуы  қамтамасыз   ететін  еңбектің  нәтижесіне  жетуіне  көмектесу  қажет.

Бақылау  және  балармен  әңгіме  олардың  әрқайсысы  өте  әсем  зат  жасағысы  келетінін  көрсетеді.  Бала  өзі  жасаған  затты  тәуірлердің  қатарына  жатпаса  да  қуанады.  Мұндай  жағдайда  мұғалім  оқушылар  жұмыстарына  көрме  ұйымдастырып   олардың  нәтижесін  бағалауға  көмектеседі.  Оқушылардың  бірлесе  орындалатын  қоғамдық  пайдалы  еңбек  әсемдік  жағынан  қатты  қызықтырады.  Оларға  бірлесіп,  аула  тазарту,  жер  дайындап гүл  отырғызу,  металл  сынықтары  мен қағаз  қалдықтарын  жинау,  кітап  жөндеу,  сынып  бөлмесін  тазарту, безендіру  т.б.  ұнайды.  Оларды  жақсы  жұмыс  үшін  мадақтау,  жарыста озып  шығып,  әсер  алуда  еліктіреді.  Осы  тұрғыдан  қарағанда  еңбек  және  эстетикалық  тәрбие   өзара  қабысып   бірін – бірі  толықтырады.

Көп  жағдайда  оқушылар  тәртібінің  дұрыстығына   сыртқы,  кейде  үстірт  белгілер  арқылы  бағы  беріледі.  Тәртіп  шеңберіндегі  олардың мұраттары  мұғалімнің  жақын  адамдардың  тәртібі мен  іс — әрекеті,  қоғамдық  өмір  және  өнер  ықпалымен  қалыптасыды.  Бұл  тұрғыда  әдебиеттің  олардың  оқушылар  есінде   ұзақ  сақталатын  кейіпкерлерінің  бейнелері  үлкен  орын  алады.

Оқушылардың  эстетикалық  санасының  және  шындыққа  қатынасының  ерекшеліктерін  білу    оқушылар  өмірін  эстетикалық көзқарас тұрғысынан  дұрыс  ұйымдастыруға  көмектеседі.

Оқушыларға   берілетін  эстетикалық  тәрбиенің  мазмұны  мен  міндеттерін  эстетикалық  мәдени  дамудың  деңгейі  айқындайды.  Атап  айтқанда,  оқушының  шығармашылық  қабілеті эстетикалық  көркемдікті  игеруге  деген  ынта  ықыласы,  білім  білігі,арман  мұраты  және  сұлулықты  тани  білуге  деген  көзқарасына  байланысты  белгіленеді.

Демек, эстетикалық  тәрбие  берудің  міндеті  міндеті – имандылық,

адамгершілік  тәрбиесі  мен  бірлікте  шешіледі.  Тұлғаның  бойына  адалдық,кісілік,  шыншындық,  гуманистік,  жаны  жайсан,  көңілді  дарқан  игі  қасиеттер  тұтаса  келіп  бір  арнадан  тоғысады.  Өйткені  эстетикалық  тәрбие  өз  алдына  оқшау  тұрған  тәрбие  емес,  мектепте  оқылатын  пәндер  жүйесінде  жүзеге  асырылады.  Әсіресе,  әдебиет,  музыка,  көркем  өнер  сабақтарын  өтуде  ерекше  мән  беріледі.  Сондай- ақ  сыныптан  тыс  өткізілетін  үйірме  жұмыстарында,  оқушылардың  өздері  ұйымдастырған  студия,  театр,  түрлі  сахналар  қойылылымдар арқылы орындалады.
Тағы рефераттар