Көсемше туралы пікірлер түркі тілдерін зерттеген ғалымдар еңбектерінде-ақ айтыла бастаған. Ал Ы.Мамановтың көсемше туралы айтқан ой-пікірлері қазіргі қазақ тілін зерттеуші ғалымдар көзқарастарымен орайлас келеді. Атап айтар болсақ, -а, -п тұлғалы етістіктердің күрделі етістік жасауы; пысықтауыш және бірыңғай баяндауыш жасау қызметі; құрмалас сөйлем жасауға қатысы және шақ жасаушылық қызметі.
-Ғалы формалы мақсатты көсемшенің 2002 жылы шыққан «Қазақ грамматикасында» Ы.Маманов пікірінің негізінде шақ категориясын жасауға қатысы жоқ екендігі дәлелденеді.
Ғалымдар арасындағы талас тудырып жүрген тағы бір мәселе – көсемше формаларының қайталанып және қосарланып айтылуы. Біз ғалымның сөз тудырушы және форма тудырушы қосымшаларға қойылатын өлшемдерін басшылыққа алып, қосарлану тәсілімен жасалған көсемшелерді үстеуге жатқыздық. Бұл пікірді зерттеуші Ө.Жұмағұлова «Қазақ тіліндегі көсемшенің мағынасы мен қызметінің дамуы» (1999) атты диссертациясында толық қуаттайды.
О.Бекжанүбірі көсемшеге байланысты мақаласында (1983) атқаратын қызметіне қарай жай сөйлемдегі негізгі етістіктің амалдарын сипаттайтын төл қызметтегі көсемшені «негізгі» , ал ашық райдағы шақ, күрделі етістік, аналитикалық форма тудыратын қызметтегі көсемшені «кейіпті» деп атайды.
Қазіргі функционалды грамматика тұрғысынан қарасақ, көсемшенің «кейіпті» деп аталатын қосалқы қызметін аспектуалдылық, модальдылылық, темпоралдылық (раймен байланысты) категорияларынан кездестіруге болады. Мысалы, аспектуалдылық категориясында көсемшенің аналитикалық етістік құрамында амалдың өту сипатын әртүрлі қарқынмен, әртүрлі фазада (басталу, жүріп жату, аяқталу) беретіні айтылады. Сондай-ақ модальдық мағынадағы етістіктердің де жасалуына көсемшенің қатысы сөз болады. Таксистік қатынас (келе салысымен) жасау қызметі де айқындалған.
Ы.Мамановта бұл терминдер қолданылмағанмен, көсемшенің қосалқы қызметі, амалдың өту сипаты, фаза, модальдық мағынадағы етістіктер қызметі сөз болғандықтан, функционалды грамматиканың кейбір элементтері кездеседі деп айта аламыз.
Тағы рефераттар
- Орта ғасырлардағы Италия мәдениеті
- Мемлекеттік аппарат қағидалары
- «ФудМастер» ЖШС-тің өндірістік-шаруашылық қызметін талдау
- Бағалы қағаздарды дамытудағы шетелдік тәжірибені пайдалану және оны жүзеге асыру
- Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі