Білім облысы: Таным.

Білім бөлімі: « Өзін – өзі тану ».

Сабақтың тақырыбы: « Өз – өзімді сүйемін ».

Мақсаты: Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсінік беру. Өзін – өзі тани білу. Жақсы істер жасай білу: тіл алу, тыңдау, әдептілік туралы түсініктерін кеңейту. Ұқыптылық, жақсылық ұғымының адамгершілік құндылықтарының мәнін ашу. Өзін – өзі сүйе білу түсініктерін қалыптастыру. Өзара қамқорлыққа,  сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сәлемдесу.  – Армысың асыл күн!

Армысың көк аспан!

Армысың туған жер!

Армысың достарым!

Армысың қонақтар!

Қош, келдің біздерге!

Шаттық шеңбері.

Жамандықтан бойдағы жиренгенім

Көңілді шат – шадымен күйге ендім

Бұл менің мақтанышпен айтатыным

Өзін – өзі танудан үйренгенім.

Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп,

Жақсы адамға айналамын түбі мен.

Тәрбиеші.   – Балалар, бүгін өзін – өзі тану ұйымдастырылған іс – әрекетімізде « Өз – өзімді сүйемін » жайлы әңгіме жүргіземіз.

Күн.             – Бар жақсылық жақсы адамның жолында

Жаман болып тумайды ешкім анадан

Жаман адам қайдан шыққан соңында?

Соны ойла да өзіңе – өзің есеп бер.

Көктем – өмір, көгерер бәйшешектер.

Екі жол бар жағаласып жататын

Жақсылыққа апаратын жетекке ер.

Тәрбиеші:  — Күн тілегіңе көп рахмет! Балалар саған өздерін не үшін сүйетіні жайлы айтып бергісі келеді. Күн сен өзіңді сүйесің бе?

Күн:  — Ия, мен өзімді сүйемін. Өйткені, мен үлкенмін, жарықпын, жылы және өте ыстық боламын. Мен, балалардың үлкен болып өсуіне, бақшаның гүлденуі мен жерді жылытатыным үшін өзімді сүйемін.

Тәрбиеші:  — Әр адам өзінің қасиеттерін ескере отырып сүйе білуі тиіс. Сол қасиеттер жайлы тыңдайықшы.

1 – бала:  Жақсы болу өзіңнен.

Жаман болу өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла.

Өзіңді өзің қолыңа ал.

Өзіңсің – ақыл айнасы,

Тиеді саған мәні бар.

«Өзіңді тану пайдасы»

Жақынды, досты аяла.

2 – бала:   Өмірдің жинап керегін.

Керек болса керегім.

Қол ұшымды беремін.

Адал туған Отанға.

Ұлы болсам деп едім.

Сол үшін өзімді сүйемін.

3 – бала:  Ақиқатқа жүгінем,

Адалдықты ардақтап,

Жалғандықтан түңілем.

Үлкендердің ақылын,

Ақ бата деп ұғынам,

Сол үшін өзімді сүйемін.

 4 – бала:  Шынын айтқан кішінің,

Пәктігіне қызығам.

Өтірік айтып өрекпіп,

Жамандыққа бармайық.

Сол үшінді өзімді сүйемін.

Ойын: «Айна». (балалар айнаға қарап өздерін не үшін сүйетінін айтады).

Күн:  — Балалар сендер де өздеріңнің жақсы қасиеттеріңді тани біледі екенсіңдер. Әр, уақытта өздеріңді сыйлап, сүйе білуді ұмытпаңдар. (балалармен қоштасады).

Сергіту сәті:  Өмір деген – қымбат екен достарым,

Өмір – менің жарқылдайтын аспаным,

Өмір – менің сарқылмайтын дастаным

Мен – өмірді жас зерттеуші, жас ғалым.

Енді оянып, енді зерттей бастадым.

Тыныштық сәті:

— Балалар орындарыңа емін – еркін жайғаса отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Терең демалыңдар. Жүрегіміз толы мейірім. Тек жақсы істерді ойлаймыз. Бойымыздағы жақсы қасиеттеріміз арқылы өзімізді құрметтейміз. Енді көздеріңді ашыңдар.

Күтпеген жерден кірқожалақ келеді.

Бала:  Мынау бала, бетін қара,

Кір – қожалақ қап – қара

Шашы өскен, тырнақ көптен

Алынбапты масқара !

—  Сен кімсің?

Кірқожалақ:  Кім екенімді табыңдар!

Жуынуды ұнатпаймын,

Сабынмен достаспаймын,

Лас боп жүргенді ұнатамын,

Сондықтан да Кірқожалақпын!

Тәрбиеші:     — Сен бізге неге келдің?

Кірқожалақ: — Мен өзіме дос іздеп келдім. Бұл балалардың арасында кірқожалақтар бар шығар ?

Тәрбиеші:  Біз тазалықты сүймейтін және өзін жақсы көрмейтіндер мен  дос болмаймыз.

Кірқожалақ: — Мені қумаңдаршы, жалынамын. Өзін жақсы көретін бала қандай болуы керек?

Тәрбиеші: Балалар, Кірқожалаққа айтып беріңдерші өзін жақсы көретін бала қандай болу керек?

Балалар: Біз таңертең жаттығу жасаймыз, тісімізді тазалаймыз, бет – қолымызды жуамыз, шомыламыз. Таза киім киеміз. Аяқ – киімді сүртіп киеміз.

Тәрбиеші: — Көрдің бе? Кірқожалақ біздің балалар өзін – өзі таза ұстайды, тәртіпті, ұқыпты, сондықтанда өздерін жақсы көреді.

— Біз жай балалар емеспіз, біз сиқыршымыз. Қане, Кірқожалақты тазалыққа сиқырлайықшы.

— 1, 2, 3 – « Таза бол ».

Кірқожалақ:  Рақмет достар, мен енді таза болып жүремін. Өзімді жақсы көремін. (қоштасады).

Ойын:  « Мен жақсы көремін ». (табиғатты, ауылды, отбасымды, гүлді, балабақшамды)

Қорытынды: Өзін – өзі жақсы көру дегеніміз, жақсы қасиеттерге ие болу. Таза, ұқыпты жүру. Достарын, туған – туысқандарын сыйлау, жақсылық жасау. Сонда ғана өз – өзімізді сүйеміз.

Жүректен – жүрекке:

Өз – өзімді сүйемін – сізге де соны тілеймін!
Тағы рефераттар