Ф.Франко режимі туралы қазақша реферат
XX ғасырдағы Испанияда болған жағдайлар дүниежүзінің басқа елдерінде болған жоқ. Фашистік типтегі авторитарлық режим қанды күрессіз, көтеріліссіз, соғыссыз, қайшылықсыз бейбіт түрде өмір сүруін тоқтатты. Сонымен бірге франкизмнің саяси аренадан кетуі, Испанияда буржуазиялық-демократиялық тәртіптердің бейбіт қалыптасуы процессі қиындықсыз, оңай жүзеге асты деген ой тудырмайды. Франкистік режимді өзгертпей қалпында немесе оның институттарына кейбір өзгерістер енгізіп сақтап қалуда жақталғандар мен авторитарлық режимді толық жоюға ұмтылғандар арасында шиеленіскен қайшылықтар кейде елде драмалық ситуациялар туғызды. Франкистік режимінің эрозиясы мен құлау процессі Франко өлген соң емес, тіпті 70-жылдар емес сонау үзіліссіз дағдарыстар орын алған 40-60 жылдары басталған болатын. Елде диктатурадан буржуазиялық демократияға көшудің алғашқы кезеңінде қалыптасқан жағдайды француз журналисті Макс Леон дәл көрсетіп, былай деп сипаттайды: «самый верный образ для характеристики складывающейся в Испании ситуации — это, пожалуй, «роды». Страна долго вынашивала то, что происходит сейчас. «Роды», очевидно, будут трудными, но новая жизнь рвется на свет изо всех сил, уже слышно биение сердца.»/1/
Франкистік режим Испанияда 1936-1939 жылдардағы қанға толы азамат соғысы жылдарында орнаған еді. Франкизмнің негізін салушы, орнатушы дамытушы Франсиско Франко.
ФРАНКО БААМОНДЕ, ФРАНСИСКО /1892-1975жж./. 1907-1910 жылдары Толедода әскери академияда оқыған. Әр түрлі гарнизондарда қызмет еткен, Испан Мароккосындағы ұлт-азаттық қозғалысқа қарсы күреске қатысқан. 1922 жылы — бригадалық генерал. 1922-1925 жылдары Шетелдік легионды басқарған. 1926-1931 жылдары — Сарагостағы әскери академияның басшысы, 1932-1934 жылдары Балеар аралында әскери губернатор. 1934 жылы — дивизиялық генерал, Испан Мароккосындағы әскердің бас қолбасшысы, онан соң испан әскерінде Бас Штабтың басшысы. 1934 жылы Астуриядағы шахтерлар көтерілісін басуды ұйымдастырушы.
1936 жылы ақпанда Халық Майданы жеңген соң мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылған. Әскери Бүлік дайындауға белсене қатысып, ол басталған соң /1936 жылы шілдеде/ Бүлікшілдер әскерінің оңтүстік тобын басқарған. 1936 жылы қыркүйекте әскери хунта мемлекетінің басшысы /каудильо/ және ұлтшылдар әскерінің бас қолбасшысы деп жарияланған. 1937 жылы Испандық фаланга — фашистік партияның хефесі /көсемі/ болған. 1938-1973 жылдары мемлекет басшысы, премьер-министр, әскердің барлық түрінің бас қолбасшысы. 1973 жылы премьер-министрліктен бас тартып, бірақ қалған орындарды сақтап қалған. Оның салдарының Испания үшін қайғылы болғандығын мына мөліметтер айқындайды: соғыс барысында 1 миллион адам өлді; 500 мыңнан астам испандықгар, жеңгендердің қудалауынан паналап, отанынан кетуге мәжбүр болды.
Көрнекті испан экономисті Рамон Тамаместің анықтауы бойынша 1939-1940 жылдары ауыл шаруашылық өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 21%-ін, өнеркәсіп — 31%-ін құрады. 192 қала мен елді мекендер үйлерінің 60%-ті Бүлінді, 250 мың пәтер толық қирады және оның 250 мыңын пайдалану мүмкін емес еді. Ел темір жолдың жылжымалы құрамының жартысынан, сауда флоты кемесінің 30%-інен, автомашинаның 70%-інің астамын айрылды. 1939 жылы еңбекшілердің негізгі табысы 1900 жылғы деңгейіне дейін төмендеді. Соғыс алып келген тек материалдық шығынды жою үшін елге 10 жылдан астам уақыт қажет еді/2/.
1936 жылы шілдеде Республикаға қарсы бүлік ұйымдастырушылар халықты олардың басты мақсаты анархиядан шаршаған елге «бейбітшілік, гүлдену және ұлттық бірлік», ал әрбір испан семьясына — «теңдік пен береке» әкелу деп сендірді. Алайда франкистер өздерінің жауларына қарсы аяусыз террор ұйымдастырды. Республиканы қолдаған барлық саяси партияларға, оның ішінде Испания Коммунистік партиясы /КПИ/, Испания социалистік жұмысшы партиясы /ИСРП/, әртүрлі республикандық партиялар, Еңбекшілердің жалпы одағы /ВСТ/, Еңбектің ұлттық конфедерациясы /НКТ/ сияқты жетекші кәсіподақ ұйымдарына да тиым салынды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда 2 миллионға жуық испандықтар түрмелер мен концлагерлерден өтті.
1939-1944 жылдары төтенше трибуналдың үкімі негізінде және ешқандай үкімсіз 164 мың, /кей мәліметтерде 200 мыңға жуық деп көрсетілген/ антифашистер атылған. Франко «ұлттық бейбітшілік, бейбіт өмір» уәдесі испандықгар үшін көп семьяны қайғыға ұшыратты, түрмелер мен мүрделерге айналды. /3/.
Кейінрек репрессия аумағы едәуір азайғанымен, қатаң електен өткізу режимі «индультос» /помилование, рақымшылық ету/ саяси тұтқындардың санын бірте-бірте азайтты, режимге қарсыларды, алдыңғы ойлыларды қуғындау бір де бір күн тоқтаған жоқ. Режимнің репрессивтік зор апаратын ұстауға бюджеттің 7-10%-ті, ал білім саласына бюджеттің 5-6%-ті ғана жұмсалды. Бұл апарат өмір сүріп отырған тәртіпті өзгертуге ұмтылуды қандайы болса да аяусыз басып отырды. Тұтқындар мен айдалғандарды қатал жазалау, демонстрацияны күштеп тарату, көтеріліске шыққан жұмысшылар мен студенттерге қарсы қару қолдану және басқа зорлық-зомбылықтар халық көпшілігінің наразылығын басудың кәдуілгі айла тәсілдеріне айналды.
Франкизм тұсында Испанияның барлық сот жүйесі соғыс кезіндегі төтенше заңдар негізінде әрекет етті. 60 -шы жылдардың ортасында жүргізілген кейбір реформалар ешқандай түбегейлі өзгеріс әкелген жоқ, 70-ші жылдардың басында өкімет бұрынғы заң методына қайта оралуды жөн санады. Режим оппозицияны басу үшін елдің кейбір аудандары мен территорияларында төтенше жағдай енгізуді бірнеше рет пайдаланды: 1962, 1963,1968, 1969, 1973, 1975жж.. Осы жылдары солшыл партиялар мен ұйымдар қатаң репрессияға ұшырады. Бүл ұйымдардың мүшелері үшін 20-30 жылдық түрме жазасы кәдімгі «әдетке» айналды. 70-ші жылдардың ортасында «терроризммен күрес жөніндегі» төтенше заң негізінде «ерекше қауіпті қылмыс» үшін өлім жазасы қалпына келтірілді. Осылайша, режим өзі өмір сүрген жылдары испан қоғамын «жеңгендер» мен «жеңілгендер» деп бөліп, өзінің қарсыластарына қарсы азамат соғысын жүргізуін тоқтатпады.
Терроризм мемлекеттік саясат дәрежесіне дейін көтерілді. Бүкіл елде бостандықтың барлық түрі жойылды, оның ішінде аз ұлттардың автономия құру құқьшығы; кәсіподақтар мен саяси партиялардың заңсыз деп жариялануы т.б. Елде қалыптасқан саяси және мемлекеттік жүйе режим мен оның институттарын сақтауға бағытталды. Ол режимді республикаға құлаған соң 1939 жылы Испанияның үстем тобы құрған болатын. Олар Франко өлген соң тарихи аренадан кетті.
Диктатураның өмір сүрген алғашқы кезеңінде оның басқару құрылымы мен методтарында герман нацизмі және итальян фашизмінің саяси мен рухани ықпалы айқын көрінді. Франконың өзі мен режимнің басқа лидерлері өз режимдерінің Европадағы басқа фашистік режимдермен ұқсастығын жасырмады. Екінші дүние жүзілік соғыс барысында фашизм талқандалған соң франкистік режим өзгерген ішкі және сыртқы жағдайларға бейімделе бастады. Франкизм идеологтары оны ұлттық традицияны сақтаған Испанияның өзіндік даму жолы, «демократияның бір бөлігі», «өзгертулерге ашық бағыт алған» деп сипаттады /4/. Франкистік режим өзінің соңғы кезеңінде испания үшін фашистік типтегі реакциялық диктатураға айналды.
Тағы рефераттар
- Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері
- «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ң есепті ұымдастыру мен есеп саясаты
- Жаңа технологиялық өндірістердің дамуы мен өндірілуінің тиімділігі
- Абайсызда адам өлтірудің субъектісі
- Директ-костинг жүйесі