Жоғарыда атап өткеніміздей, Дүниеге деген діни көзқарасқа қанағаттанбаушылық сонау көне заманның өзінде- ақ пайда болып, аса ұлы тұлғалардың дүние мен адам қарым –қатынасы жөніндегі ақыл- ойға негізделген сұрақтар мен жауаптарының дүниеге келуіне себеп болды.
Осы тұрғыдан алғанда, « Философия- ақыл- оймен ұстап қа-лынған тарихи дәуір» деген Гегельдің берген анықтамасында терең сыр жатса керек.
Әрине, дін де философия сияқты шынайы биік рухани құндылықтарды, адамның өмір жолының адалдығын уағыздайды, бірақ олардың қайнар көзін « о Дүниеден» табадыв. Философияны алсақ, сонау Көне Грециядағы алғашқы пайда болған «Милет мектебі» өкілдерінің қойған: « Дүниенің негізінде не жатыр ?»- деген сұрағынан бастап, осы күнгі ойшылдардың: « Адамзаттың болашағы бар ма, ия болмаса ол өзін- өзі экологиялық апатқа, дүниежузілік ядролық соғысқа әкеліп өлтіре ме?»- деген сұрағына дейін бұлардың бәрі де ақыл- ой таразысына салынып, парасат шеңберінде талданады.
Философияның басқа өмірге деген көзқарастардан айырма-шылығы – оның рационалдығында (ratio- латын сөзі, ақыл- ой). Жалпы алғанда, философия қоғамдық сананың ғылыми саласының шеңберінен шығып кетпеуге тырысады, осы мақсатқа жету үшін өзінің категориялық ( categoria- грек сөзі, белгі, пікір айту, айыптау) бүкіл ғылымның жетістіктеріне, адамзаттың мыңдаған жылдық өмірден алған тәлім- тәжірибесіне негізделген жүйесін қалыптас- тырады.
Сонымен қатиар философияны басқа жаратылыстану және әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдармен салыстырсақ, оның ерекше-ліктерін де байқауға болады ( humanus- латын сөзі, адамдық, адамгершілік).
Біріншіден, философиялық категориялардың (ұғымдардың) шегіне жеткенше жалпылығын атап өтуге болар еді. Олар бол-мыс пен ойлаудың ең маңызды және мәнді терең байланыстары мен қатынастарын көрсетеді. Жеке ғылымдар тек қана Дүниенің белгі- лі бір бөлігін ерекше объект ретінде қарап, соның мәнді байла-ныстары мен қатынастарын зерттейді (objectum- латын сөзі, зат).
Екіншіден, философия басқа ғылымдар сияқты, ғылыми деректерді пайдаланады. Бірақ философиялық деректердің айыр-машылығы- ол жеке ғылымдарды сарапталған, белгілі- бір теоре- тикалық орта деңгейге көтерілген білімді дерек ретінде қоры- тады, әсіресе бұл философияның онтология және гносеология (эпистемология) салаларына тән нәрсе (ontos – грек сөзі, болу, өмір сүру), (gnosis- грек сөзі, білім, таным).
Үшіншіден, философияда ғасырлар бойы жиналған сан алуан теоретикалық жүйеге келтірілген көзқарастарды кездестіруге бола- ды. Бірақ, соған қарамастан, бұл ғылымның саласында үзілді- кесілді шешілген барлық философиялық қауымның бір ойынан шығатын бірде- бір тұжырымдамасы жоқ сыңайлы. Философия саласында қызмет еткен ірі тұлғаның өзіндік дүние сезімі, түсінігі, көзқарасы қалыптасады. Сондықтан біз Платон, Спиноза т.с.с. ірі тұлғалардың философиясын ерекше трде басқалардан бөліп алып зерттейміз.
Ал жеке ғалымдарды алатын болсақ, ондағы табиғат сырларын, жасалған теориялар мен тұжырымдамаларды сол саладағы ғалымдар мойындайды. Мысалы, физика саласында қазақ, американ ия болмаса араб физикасы жоқ, бұл ғылымның жетіс- тіктері бүкіл адамзатқа ортақ, және өткен ғасырларда ашылған жаңалықтар мен жасалған теориялар үйлесімді түрде жаңа жасалған тұжырымдамалардың ажырамас бағынышта бөлігіне айналады, олар бір- біріне қарама –қайшы келмейді.
Философияға келер болсақ, ондағы сонау көне заманда қойылған метафизикалық сұрақтар осы күнгі ұрпақтарды да тебі-
рентеді, оларға әр дәуір өзіндік жауабын ұсынады (metaphysica- грек сөзі, физикадан кейін, яғни болмыс жөніндегі тәжірибенің шеңберінен шығып кететін мәселелер).
Оқырманның байқағанындай, философия статусы (status- латын сөзі, мәртебе) жеке ғылымдарға қарағанда анағұрлым кеңірек, сондықтан Батыс елдерінде философияны тіпті өнер саласына жатқызатыны мәлім ( the Art- ағылшын сөзі, өнер).
Мысалы, А.Шопенгауер: « Философия ғылымның кемшілік-тері – оның ғылым жолымен дамуында, ал шыныда философиясында көркемөнердің бір түрі ғана», — деген пікір айтқан болатын.
Егер біз философияны көркемөнер саласымен салыстырсақ, онда біз олардың бір- бірімен біршама көп ұқсас жақтарын ашуымызға болады.
Жоғарыдағы көрсеткендей, философия саласындағы қызмет еткен әр ірі тұлға осы ғылымның тарихында өзінің ерекше дүние- танымы, дүниетүсінігі, көзқарасымен ерекшеленіп, ешқашан бұрын- соңды қайталанбас орын алады. Сондықтан қанша ірі тұлға фило-софияға атсалысса, соншалықты философияның түрлері бар деп айтсақ, артық болмайды.
Өнер саласындағы туындылар да бір- бірін қайталамайды, онда өнерпаздың дүниеге деген тұлғалық- сезімдік қарым – қатынасы өзгеше болып көрініп тұрады.
Философиядағы әрбір тұлға өзгеше орын алғаннан кейін, біздің алдымызда таңдау мәселесі пайда болады. Философияда талғамдық бар. Біреуге Гегельдің философиясы ұнаса, екіншіге Фейербахтан асқан ойшыл жоқ сияқты. Осы себептен кейбір уақытта философияның белгілі- бір ағымы басқалардан гөрі басы- мырақ әсерін тигізіп, сол дәуірдің рухани өміріне айналуы мүмкін. Мысалы, діни философия- орта ғасырларда, маркстік философия- XIX ғасырдың аяғымен XX ғасырдың бірінші жартысында, экзистенциализм- XX ғасырдың 60-70 жылдарында т.с.с. И.Фихтенің айтқанындай философиялық жүйені таңдау- адамның өзінің кім екеніне байланысты, өйткені философиялық жүйе соны жасаған адамның жан дүниесі арқылы жанданған. Бұл жағынан алып қарағанда, философия көркемөнерге ұқсас.
Жеке ғылым салаларын көз жиберсек, онда талғам мәселесі толығынан жоқ сияқты. Физика, я болмаса биологиядағы теория- ларды жасаған авторларды көбінесе көзі тірі кезінде айтамыз, соңы – нан олардың ашқан жаңалықтары сол ғылымның бір тарауына құрап бейтұлғалық объективтік заңға айналып кете барады (objec- tum- латын сөзі, зат,қарсы қоямын)
Шынайы философиялық шығармалар көркемөнердегі ұлы туындылар сияқты, адамның жүрегінде, ой- өрісінде өшпес із қалды- рады, оның жан дүниесі ұлылық, құлаштап жетпес биіктік, әсем- дік, гармониялық сезім билейді (harmonia- грек сөзі, үйлесімді, қарама- қарсылықтың бірлігі).
Философияны өнерге жақындататын келесі мәселе- Дүниенің біртұтастығын көрсету, ішке және сыртқа қарай шексіз Дүниенің суретін жасау — философия саласындағы ең қиын істің бірі. Өйткені Дуние жөніндегі ғылыми деректер әр уақытта өзінше шектелген. Олай болса, тек қана ғылыми жолмен шексіз Дүниені шектелген білім арқылы біртұтас ретінде суреттеу мүмкін емес. Ал, бірақ адамның жүрегінде Дүниені толығынан түсіну ұмтылысы ешқашан- да бітпес іңкәр болып қала бередіде, әртүрлі Дүние суреттерін тудырады. Ол үшін философ Дүние суретін ғылыми деректер жетіспеген жағдайда қиял арқылы толықтырады, сезім толқын-дарымен бояйды. Олай болса, философия өзін тудырған мифоло- гиядан толығынан бөліне алмайды. Философия мен көркемөнердің бір- біріне жақындығын, бір- біріне өтіп жатқанын көрсететін нәрсе- тарихтағы ұлы тұлғалардың шығармалары. Оған Платон- ның «Диалогтарын», нақыл сөздерін, Ницшенің афоризмдерін, Камюдің эсселерін жатқызуға болады, өйткені олардың филосо- фиялық мазмұны көкемсөзбен берілген. Ал абайдың өлеңдері мен Әуезовтың романдарында, Достоевский, Толстой сияқты орыстың ғұлама жазушыларының шығармаларында терең философиялық сыр жатыр, (dialogos- грек сөзі, екі адамның айтысы. Еssentia- мән, латын сөзі, қысқаша жазылған көркем терең мазмұнды шы- ғарма).
Философияның тағы бір ғажап жағы- оның өз бойында мистикалық транцендентік қасиеттерді сіңіру ( mystikos- грек сөзі, құпия; tanscendere- аттап өту, латын сөзі). Дүниенің транце- дентік жолмен игерудің керектігі- оның тұңғиықтығында, шексіз- дігінде, құпия али ашылмаған сырларында. Екінші жағынан алып қарағанда, адамның өзінің де жан дүниесі, ішкі рухани өмірі де шексіз терең. « Өзіңді тани біл» деген көне заманнан бері келе жатқан қағида әрқашан да мазмұнды болмақ. Сонымен ішке және сыртқа қарай транцендентік бір- бірін толықтырып, адамның қол астындағы болмысты, жиналған тәжірибені аттап өтіп Дүниенің ең терең жақтарын мистикалық сезіммен қамтуында, адамның осы шексіз Дүниенің ажырамас тамшысы ретінде сезінуінде жатыр.
Тағы рефераттар
- Көне Қытайдың негізгі философиялық ескерткіштері
- Ұзақ мерзімді активтер есебі дипломдық жұмыс
- Оқиға болған жерде қалатын іздер
- Батырлар жыры
- Как быстро выучить английский язык