Иван Ильич Корнев 1900 жылы Семей облысы Бесқарағай ауданында дүниеге келеді. Ұлты орыс. 1928 жылдан КПСС мүшесі. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға белсене қатысқандарыдың бірі. Соғысқа дейін “Прииртышская правда” газеті атындағы колхоздың төрағасы. Қызыл армия қатарына 1941 жылдан шақырылады. Қызыл Жұлдыз ордені  және “Ленинградты қорғау” медальімен марапатталған.

Висло-Одер операциясымен бір мезгілде Совет әскерлерінің тағы бір аса ірі шабуылдау операциясы басталды.

1945 жылдың 13 қаңтарында 3-ші Белоруссия майданының әскері Кенигсберг бағытында шабуылға шығып, Пилькаллен қаласын алулары керек болды. Таң ата жауынгерлер шабуылдауға шықты. Корнев батальонның штурмалық қатарында болды. Ол жаудың траншеясына бірінші болып түсіп, жекпе-жек күрескендердің бірі болды. Штыкпен жаудың 5 солдатын және бір унтер-офицерін өлтіреді. Қатты ұрыс үстінде біздің рота командирі мерт болады. Бөлімшелеріміз абыржып тұрған сәтте ротаны басқаруды өз қолына алады. Еш қорқыныштан сескенбеген Корнев ротасын үш рет ұрандап бастап, үш рет жаудың контратакасын қайтарады. Корнев басқарған рота қалағы алғашқылардың бірі болып кіріп, көше бойындағы ұрыстарға кірісті.

Қала үйлерінің біріне бекінген неміс автоматшылары біздің бөлімшелерімізге алдыға жылжуына мүмкіндік бермеді. Осы сәтте Корнев бастаған сарбаздар тобы үйге тарпа бас салып гранатаның астына алады. Автоматшылардың көзі жойылады. Жаяу әскерге жол ашылып, Корнев жарақат алса дағы ротасын тастамай ұрысты жалғастыра берді. Бұл ұрыста оның қолынан жаудың 30 солдаты қаза табады.

Ержүрек командирге тиген екінші оқ өлім аузына әкелген тұста ақырындап ұрыста бәсендей түсті.

Бір тәуліктен соң 2-ші Белоруссия майданы Мариенбург бағытында шабуылды бастады. Шабуыл мейілінше қиын жағдайда өтті. Алайда, дұшпанның қуатты бекіністері де жанталаса қарсыласуы да Совет әскерінің қысымына төтеп бере алмады. Қаңтардың аяғында дұшпанның Шығыс Пруссия тобы үшке бөлініп қалды.

Қайтыс болған соң 1945 жылдың 19 сәуірінде Иван Ильич Корневке Совет Одағының Батыры атағы берілді. Павлодар қаласында Батырдың құлпы тасы орнатылған. [40, б.24]


Тағы рефераттар