Тиімділік деп фирма қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады. Оның екі түрі бар:

-фирманың тапқан пайдасының өндірістің негізгі және айналмалы қорларының құнына қатысы;

-фирманың тапқан пайдасының сатылған өнімнің өзіндік құнына қатысы.

Фирма қызметінің тиімділік деңгейін  бағалау үшін алынған нәтижеге (жалпы табыс, пайда)  кеткен шығындар немес пайдаланған ресурстармен салыстырылады. Пайданың шығындармен өлшемдестігі пайдалылықты немесе толығынан пайдалылық мөлшерін білдіреді.

Практикада фирма қызметінің бірнеше пайдалылық көрсеткіштері қолданылады.

1.Өнімнің пайдалылығын барлық сатылған өнімнің және оның жеке түрлерін есептегенде ғана мүмкін болады. Бірінші жағдайда ол өнімді сатқандағы пайданың және оны өндіруге және сатуға кеткен шығындардың қатынасын анықтайды. Барлық сатылған өнімнің пайдалылығын тауарлы өнімді сатудан алынған пайданың өткізуден алынған түсімнің қатынасына есептеп шығарады; баланстық пайда жөнінде — өнімді сатудан алынған түсім, таза пайда жөнінде — өнімді сатудан алынған түсім. Барлық өнімді сатудағы пайдалылық көрсеткіштері фирманың ағымдағы шығындарының тиімділігі және өнімді сату табысы жөнінде түсінік білдіреді.

2.Өндіріс қорларының пайдалылығы баланстық пайданың негізгі өндірістік қорлардың және айналым қаржыларының жылдық орташа құнына қатынасы. Бұл көрсеткішті таза пайда арқылы да есептеуге болады.

3.Фирманың жұмсалым пайдалылығы оның қарауындағы мүліктердің құны арқылы есептелінеді. Есептегенде балансытқ және аза пайданың көрсеткіштерін пайдаланады.

Фирманың жеке қаржысының пайдалылығы таза пайданың баланс арқылы есептелінеін оның жеке қаржысының қатынасымен анықталады.

Пайданы қалыптастыруға ықпал ететін несие бойынша процент мөлшерлемесі:

—         басқа фирмалардың үлес қосуынан түскен табыстар;

—         құнды қағаздардан түскен табыста;

—         алынған айыппұлдан асып түсу, өсімақы, төлемнің тұрақсыздығы.

Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімдету – шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор.

Фирма ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдаланудың негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндірістік қорлардың пайдаланылуын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндірістік қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттырылады.

Фирма қызметінің экономикалық тиімділігін молайтудың басты шарты – еңбек өнімділігін барынша арттыру және өзіндік құнды арзандату. Басқа да біркелкі жағдайларда өнімнің өзіндік құны неғұрлым арзан болған сайын тиімділік соғұрлы жоғары болатыны белгілі. Фирманың тиімділігіне сонымен қатар, өнімнің немесе шығратын тауарлардың сапасы да едәуір ықпал етеді, өйткені жоғары сапалы өндірілетін тауарларды көтеріңкі бағамен саа алады.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, фирма егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылы емес, сату көлемін арттыру арқылы жүзеге асыруы керек, осы факторлар өзара байланысты болса да.

Микроэкономика саласындағы мамандардың бағалануынша кез-келген фирма үшін кез-келтен экономика үшін шаруашылық қызметтің бағдары болып әлемдік сыныпты қазіргі заманға сай кәсіпорындарда ондірісті ұйымдастыруы болуы тиіс және мына параметрлерге сай келуі тиіс;

біріншіден, үлкен икемділігі, өнім ассортиментін тез өзгерту және өнімді жиі жаңарту қабілеттері болуы керек. Стандартталған өнімнің қатаң стандартқа негізделген жаппай өндірісі тұтынушылардың тез өзгеретін сұраныстарына бейімделуге қабілетсіз және оның салдары төлем төлей алмауға әкеледі;

екіншіден, фирма жаңа технология мен өндірісті ұйымдастырудың жаңа нышандарына көшуге ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі екені соншалықты, қазір еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да нышанарын әсіресе фирма өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселе шынымен қойылған жағдайда қажет етеді;

үшіншіден, фирмаға өзінің өнімінің сапасын және сатудан кейінгі сервистің деңгейіне көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек. Тұтынушылардың өнім сапасына деген талаптары бүгін тек, өсіп қана қойған жоқ, және де өзінің сипатын түбірімен өзгетті. Қазір жақсы өнімді шығару аз, сонымен бірге сатудан кейінгі сервисті ұйымдастыруды, тұтынушылардың жоғары деңгейдегі өзіндік сұраныстарына қосымша фирмалық қызметтерді көрсету туралы ойлау керек.

Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар құрылымында қалдық және старттық шығындар туады. Фирманың тұрақты шығындарына құрал-жабдықтар жалға беру ақысының, салықтадың, әкімшіл басқару шығындары кіретінін білеіз. Тұрақты шығындар шығарылған өнім көлеміне тәуелді болмайды.

Қалдық шығындар — өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындардың бөлігі. Неғұрлым шаруашылық қызметінің тоқтау уақыты ұзын болған сайын, соғұрлым қалдық шығындарының көлемі аз болады. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды жалға беру туралы түрлі шарттар мен келісімдерден құтылу мүмкіндіктері пайда болады.

Старттық шығындар-өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен байланысты туатын тұрақты шығындарпдың бөлігі.

Жоспарлау – белгілі бір болашақта фирманың мақсаттарын анықтау, ресурстармен қамтамасыз ету мен жетістіктерге жету әдістерін талдау процесі, ол стратегиялық (ұзақ мерзімді) және ағымдағы (қысқа мерзімдегі) жоспарлау болып бөлінеді.

Шығындар – бұл фирма өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Фирма шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:

-өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететі шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар.

-өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары.

-өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.

Табыс – төтенше таралған, кең түре қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немес материалдық құндылықты алуды көрсетеді.

Фирма табыстарын қалыптастыру:

Фирманың табысы — өнімді сатудан түскен табысы, басқадай өткізуден алынған табыс, өткізуден тыс операциялардан алынған табыс (шығыстарды алып тастағандағы).

Өнімді сатудан түскен табыс — өнімдерді сатудан түскен ақшалай түсім, қосылған құн салығы, акциздер, өнімнің өзіндік құны.

Басқадай өткізуден алынған табыс – негізгі қорларды және басқа да мүліктерді, қалдықтарды, т.б. сатудан түскен табыс.

Өткізуден тыс операциялардан алынған табыс – құнды қағаздар дивидендтері, жалға алғаны үшін төлем, өсімақы, тұрақсыздық ақы, айыппұл т.б.

Фирманың табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. «табыс» ұғымы жалпы мемлекетте (ұлттық табыс), фирмада (жалпы табыс, таза табыс) ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып қолданылады.

Пайданы үлестіру объектісі фирманың баланстық пайдасы болып табылады. Оны үлестіруді пайданың бір бөлігін бюджетке жолдау деп түсінуге болады. Пайданы үлестіру заңдылығы – салывқ және басқ да төлем шарттары түрінде түрлі деңгейде бюджетке түсетін бөлігі.

            Пайдаланған әдебиеттер тізімі 

  1. Ө.Шеденов. Жалпы экономикалық теория. Алаты. 2002ж.
  2. Экономикалық теория негіздері. Алматы. 1998ж.
  3. А.Мейірбеков. Кәсіпорын экономикасы. Алаты. 2003ж.
  4. Б:Сәлімбаева. Еңбекті мөлшерлеу.  Алматы. 2001 ж.
  5. В.Крымова. Экономикалық теория. Алматы. 2003ж.
  6. Н.Мамыров. Макроэкономика. Алматы. 2003ж.
  7. А.Куликов. Экономикалық теория негіздері. Шымкент 1993ж.
  8. Б.Медешев. нарықтық экономика теориясына кіріспе. Алматы. 1995ж.
  9. О.Сәбден. ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз. Алматы. 1997ж.
  10. Малые предприятия в Казахстане. Алматы. 1999г.
  11. Экономикалық теория. Алматы. 1999ж.
  12. Экономикалық реформалар. Алматы. 1999ж.
.

Тағы рефераттар