Фискалдық саясаттың механизмі жалпы мемлекеттік ретінде қала үшін шынайы болып анықталады. Өткен қаржы жылындағы бюджеттің орындалуы мен экономикалық көрсеткіштеріне талдау және бағалау жүргізу негізінде жыл сайын фискалдық саясаттың негізгі бағыттары түзетіліп отырады.

Болашақта фискалдық саясаттың рөлін осы құжатты әзірлеу кезінде  қарастырылған мақсаттардың қаншалықты орындалғаны арқылы бағалауға болады.

Дискредициялық емес фискалдық саясат акцентгі нарықтық өзін-өзі реттеуге қоя отырып, мемлекеттің қаржы процестеріне аз араласуын қажет етеді.

Дискредициялық емес фискалдық саясат автоматты, яғни кіріктерме тұрақтандырғыштардың (кіріктірме тұрақтылық) механизмі негізінде іс әрекет етеді. Бұл жағдайда эономикалық циклдің түрлі фазаларында салық алынымдарының сомасы ұлттық өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді: өрлеу кезінде сұранымды шектей отырып, салық түсімдері өседі және автоматты түрде экономикалық өсуді тежейді; құлдырау кезінде, керісінше, ұлттық өндірістің азаюын жеңілдете отырып, салық түсімдері төмендейді.

Автоматты тұрақтандырғыштардың іс-әрекетінің маңызды ерекшелігі бюджет тапшылықтары мен артығын реттеу болып табылады: бюджет тапшылығы өрлеу фазасында қысқарады, онан кейін жоғалады және бюджет артығы пайда болады, бұл инфляцияны тежеуге жәрдемдеседі, өйткені ұлттық өнімнің жоғары деңгейі инфляциямен жалғасады; құлдырау фазасында құлдырауды жоюға ынталандыратын бюджет тапшылығы біртіндеп өсе бастайды.

Пратикада тепе-теңдік үлгілерінде қаралған тәуелділіктер қосымша факторлардың әсерін бастан кешіреді:

1) фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы (уақыттың кешеуілдеуі);

2) ығыстыру әсерінің іс-әрекеті, бұл ақша рыногінде пайыздық мөлшерлемелердің өсуімен байланысты үкімет шығыстарының көбеюі кезінде жекеше инвестициялар элеметтерінің қысқаруында көрінеді;

3) сұранымды ынталандыру жиынтық ұсынымға әсер етеді, бұл бағалардың инфляциялық көбеюіне әсерін тигізеді және жиынтық шығыстардың көбею әсерін төмендетеді;

4)    ашық экономикада ұлттық өндіріс жиынтық шығыстардың элементі ретінде таза экспорттың мөлшерін өзгертетін валюта бағамдары өзгерістерінің ықпалын басынан кешіреді.

Сондықтан ынталандырушы фискалдық саясаттың шаралары жоғарыда айтылған факторлардың іс-әрекетінен әлсіреуі мүмкін. Сөйтіп, тауарлар мен қызметтер көрсетуге болатын сұранымды экономиканы реттеудің негіз қалаушы факторы ретінде бөліп көрсетеді: мемлекет жиынтық сұранымды ынталандыруға мүмкіндік туғызады, ресурстардың қамтылу деңгейінің артуына ықпал етеді, мемлекет көтере сатып алудың көлемін кеңейтеді, кредиттің құнын реттейді. Кейнс шаралары салықтарды төмендетуді, шығыстарды көбейтуді, инвестицияларды ынталандыруды (пайыз мөлшерлемелерін төмендетудің көмегімен) қажет етеді.

Монетаризмнің кейнс және неокейнс теорияларынан айырмашылығы ол ақша айналысын экономикалық процестерді реттеудің басты құралы деп мойындайды. Сонымен қатар рыноктер-бәсекелестер макроэкономикалық тұрақтылықтың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді деп болжанады. Экономиканың жұмыс істеуіне мемлекеттің араласуын азайту жөнінде курс жүргізіледі. Ақша экономикалық процестерді жанама реттеудің шешуші факторы ретінде қаралады. Айырбастың МхУ = РхО теңдеуіне салынған қағидат пайдаланылады. Теңдеудің сол жақ бөлігінде сатып алушылардың өндірілген игіліктердің көлемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың жалпы саны көрсетіледі, ал оң жағындағы бөлігінде бұл көлемнің сатушыларының түсім-ақшасы көрсетіледі.

Монетаристердің тұрақтандыру бағдарламалары мыналарды қамтиды:

1) бюджет тапшылығын қысқарту (мемлекеттік инвестицияларды, әлеуметтік шығыстарды, субсидияларды секвестрлеу, мемлекеттік сектордың қызметтер көрсетуінің бағасын арттыру, салықтарды көбейту);

2)  тұтыну сұранымын қысқартуға бағытталған жалақының өсуін реттеу;

3) шектеулі  кредит-ақша саясаты, ақша эмиссиясына және Орталық банктегі мемлекеттік қарыздарға лимит енгізу, банк пайызының мөлшерлемесін көбейту;

4)   бағаға және экспорт-импорт операцияларына бақылауды әлсірету, экономиканың экспорттық секторына ресурстардың қайта құйылымын көтермелеу;

5) төлем балансын сауықтыру үшін ұлттық ақша бірлігін де-вальвациялау ;

Бірақ бұл үшін мына шарттарды орындау қажет:

1)    ақша массасына бағалардың жоғары икемділігі;

2)   дүниежүзілік бағалардың қозғалысына ішкі бағалардың жеткілікті икемділігі;

3)    бағалардың қозғалысына тауарларды өндірудің (үсынудың) жоғары икемділігі.

4) экономикалық ресурстардың едәуір өзара алмасушылығы (ұсынымның өзгергіштігімен байланысты).

Стагфляцияны  (құлдыраушылықты) жеңу үшін ұсыным экономикасы теориясының жақтаушылары ұсынған шаралар жарамды. Тұжырымдаманың мәнісі — өндіріс шығындарын төмендету жөніндегі қаржы және ақша саясаты шараларының кешені есебінен ұсынымға нысаналы ықпал ету, бұл рынок субъектілерінің инфляциялық болжамдарын төмендетуге жеткізеді. Ұсынымды ынталандыру жөніндегі шаралар мыналарды қамтиды:

1)   өңдіріс шығындарына қосылатын салықтарды қысқарту;

2) еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығындарды тежеу (еңбек өнімділігінің өсу қарқынының оған ақы төлеудің өсу қарқынынан озық жүруі);

3)  өндіріс ауқымын арттыру жөніндегі ұйымдық-техникалық сипаттағы шаралар (жабдықтың тиелімін, оның жұмысының ауысымдылығын арттыру, бос тұрып қалуларды азайту, өндірістің ырғақтылығына жету);

4)  өндірісті техникалық жағынан жетілдіру жөніндегі инновациялық бағдарламаларды енгізу.


Тағы рефераттар