Франчайзингтің мәні және экономикадағы рөлі туралы қазақша реферат
Франчайзингтің пайда болуы
Франчайзинг 20 ғасыр бизнесінде «төңкеріс» тудырып, жалпы қалыптасқан іскерлік қарым-қатынас нормларына қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертті. Ешқандай да экономикалық енгізілімдер франчайзинг сияқты бүкіл әлем экономикасына, оның ішінде, дамыған алдыңғы қатарлы елдерге елеулі әсер бере алған жоқ. Сондықтан да, франчайзинг 21 ғасырдың ұтымды, оңтайлы іскерлік үлгісі болып табылады.
Франчайзинг сөзі француз тілінен шыққан, оның « FRANCHISE» сөзін аударғанда жеңілдік, артықшылық, салықтан босату деген мағына береді. Бұл сөз алғаш рет 1800 жылдары пайдалана басталған, бұл жылдары франчайзинг «байланысты үйлер» атты жүйе ретінде қалыптасқан. Франчайзинг өз бастауын Еуропа елінде, ортағасырлық Францияда пайда болған. Ол өз қызметін жалғастырып, барлық Еуропа елдері бойынша, және көптеген қала басшылары франчайзиді нарықтық саудагерлерге -белгілі бір нарықтық шекте , қандайда бір тауарға қатысты сауда жүргізуге ерекше құқықты ұсыну. 1840 жылы неміс сыра өндірушілері осындай құқықты кейбір таверналар мен барларға өздерінің сыраларын сатуға және сыра өндірушілердің белгілерін қолдануға рұқсат берген. 1860 жылы франчайзинг жүйесін «SINGER» дегенг тігін машинасын өндіруші фабрика ары қарай дамытып, өзінің өндірісін көркейткен. Нарықта жоғары бәсекеге ие болу үшін, франчайзингті «GENERAL MOTORS» компаниясы сауда қатынастарында пайдаланып, қазіргі таңда әлемдегі ең ірі, сапалы өнім өндіруші компаниялардың бірі болып тадылады. 1880 жылдары енген ерекшеліктер мен жеңілдіктер: автомобильбік, құрылыстық, су құбырлары, көгілдір отын, электр қуаттары компанияларында қолданыла бастады.
1886 жылы құрылған «Coca – Cola» компаниясының 1900 жылғы сатудәрежесі франчайзинг жүйесінің қарқынды дамуына үлкен әсерін тигізді. «Coca – Cola» компаниясының атақты бренд болуы франчайзинг жүйесімен тікелей байланысты болып табылады. Франчайзинг жүйесі өз даму жолында 1950 жылдары ең үлкен табысқа жетті. Бұл ағайын «Mac Donald s» арқасында болды. «Mac Donald s» компаниясы франчайзингтің әлемдік деңгейге жетуіне үлкен үлесін қосты. Қазіргі уақытта «Mac Donald s» компаниясының франчайзингтік жүйесі дүние жүзі бойынша 14000-нан астам кәсіпорынды құрайды.
Өткен жүз жылдықтың айналымын құраған мұнай және мұнай өңдеуші компаниялар мен автобиль зауыттары өз өнімдерін өткізуде және қызметтері көрсетуде ерекше құықтарды ұсына бастады. Франчайзинг эволюциясының бұл кезеңінде — өндірушілер таруарды сатып алып, таратуға құқықтарды беруге ынталылығымен ғана сипатталады. Америкада франчайзингтің әйгілі болуы екінші дүние жүзілік соғыстың аяқталуына байланысты миллиондаған американдық азаматтардың экономикалық сахнаға айта оралуымен және сол кездегі «балалар әсеріне» байланысты он мыңдаған американдық компанилардан франчайзингті қолданып,өздерінің меншікті бизнестерін құра бастауымен тығыз байланысты болды. Тек өздеріне ғана сенімділік білдіретін және де өте ойлы түрде тәуекелдікке бара отырып, қаржылық тәуелсіздікті иемденгісі келетін адамдар үшін франчайзинг бизнесті табысты бастаудың жаңа нысаны болды.
Қазіргі таңда франчайзинг 70-тен астам шаруашылық салаларында қолданылады. Франчайзинг – бизнесті жүргізуге арналған ең прогрессивті үлгі.
Тағы рефераттар
- Кәсіпорындағы маркетингті ұйымдастыр
- Гемодинамика, негізгі заңдылықтары
- Қазақстан Республикасы салық жүйесінің экономикалық мәні, дамуы мен қалыптасуы
- ВИТИЛИГО АУРУЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ТАРАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты есеп айырысулар